Home » Жаңалықтар » Маңғыстау облысында сыйақы берген үшін жауапкершілікке тартылды

Маңғыстау облысында сыйақы берген үшін жауапкершілікке тартылды

Бізбен Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасының инспекторы, полиция майоры З.А.Джумаганбетоваға қатысты заңсыз материалдық сыйақы беру (ҚР ӘҚБК-нің 676-бабы) дерегі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Атап айтқанда, З.А.Джумаганбетова Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы А.Ақназаровқа пәтерін рәсімдеу кезінде көрсеткен көмегі үшін 3000 тенге мөлшерінде қаражат берген.

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2019-жылғы 20 қарашадағы қаулысымен З.А.Джумаганбетова ҚР ӘҚБК-нің 676-бабымен кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК мөлшерінде (505 000 тенге) айыппұл салынды.

Сонымен қатар, көрсетілген сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін біз, облыстық Полиция департаментіне З.А.Джумаганбетованың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты құқық қорғау қызметінен теріс себептер бойынша шығару туралы ұсыныс жолданды.

Ұсыныс қаралуда.

Мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы беруге тыйым салынған.

Егер сыйақы мөлшері 2 АЕК аспайтын болса, сыйақы берген 505 мың тенге, ал алушы 1,5 млн. тенге қазына төлейтін болады. Сыйақы мөлшері 2 АЕК асқан жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.