Home » Ашық сабақтар » Домбыра аспабы арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Домбыра аспабы арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Батыс қазақстан облысы  Орал қаласы.
Облыстық көру қаблеті бұзылған балаларға
арналған мектеп-интернатының ұзартылған күн
тобының тәрбиешісі
Зерттеуші:
9 «а» сынып оқушысы, Марат Диана.
Жетекшісі: Жуматова Калампыр Көшкинбаевна

«Домбыра аспабы арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу»

 Мазмұны
Аңдатпа
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Домбыра туралы ұғым алу
2.2.Аталар мұрасы – халық қазынасын сақтау
2.3.Оқушыларға қойылған сауалнама сұрақтар
2.4.Сауалнама мен бақылаулар нәтижесі

 ІІІ.Қорытынды
ІY.Пайдаланылған әдебиеттер
Ғылыми жоба тақырыбы:
«Домбыра аспабы арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу»
Зерттеу мақсаты:
 1.Ұлттық аспабымызды танып білуге, құрметтеуге үйрету.
2.Оқушыларды ұлттық өнерді сүюге, тарихын білуге деген қызығушылын ояту.
3.Қазақтың күй өнері арқылы рухани – адамгершілікке тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері:

  • Домбыра туралы ұғым алу;
  • Ата – бабаларымызданқалған дәстүрді жалғастыру.

Өзектілігі:
Ұлтымыздың әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлеріне жан бітіріп оның құнды қалпын сақтау.
Ата – бабамыздан қалұан асыл мұраны жаңғырту.
Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілік қасиетін арттырады.

Гипотеза: Қазақтың рухын көтеретін – қоңыр үнді домбыра. Қоңыр үнді домбыраны қалпына келтіру арқылы қазақ жастарының ақыл – ойы, санасы өзгереді. өзгереді.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатының орындалуы, гипотезаның дәлелденуі.
Кіріспе.
Мен Марат Диана, 9 а сынып оқушысымын.
Менің тақырыбым: «Домбыра аспабы арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу»
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім: төменгі сыныптарда еш нәрсеге мән бермеу, сәл нәрсеге ашулану сияқты зиянды әдеттер болатын. Домбыраны үйрене бастағаннан мінезімдегі өзгерістерді ата-анам, ұстазым байқай бастады.

Домбыра – қазақтың ішекті, музыкалық халық аспабы. Шанағы көбінесе алмұрт тәрізді болып келеді, мойыны ұзын, пернелермен бөлінген. Домбыра халқымыздың жан серігі, оның тарихын, тағдыры мен тілін, қоғамдық және рухани өнері мен салт – санасын, тұрмысы мен әдет – ғұрпын айқын көрсететін ұлттық байлығымыз. Домбыра өнері күй дәстүрінің өркендеуі  ата – баба дәстүрінің кәсібін дамытып, әрбір баланың өнер арқылы білімге, терең ойға, өз бойындағы қабілетін шыңдауға мүмкіншілік туғызады.

Домбыра тарту сабырлыққа, жауапкершілікке міндеттеп, алға қойған мақсатына жете білуге талпындырады.
Домбыра – қазақтың халық аспабы. Домбыра – қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Домбыраның қоңыр үні жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасуға мүмкіндік береді.

Негізгі бөлім:
2.1.     Домбыра тартудың негізгі ерекшеліктері:
    Жоғары – төмен қарай қағып тартуды «қара шертіс» десе, ішекті іліп тартуды «ілме»      немесе «теріс қағыс» деп атайды.

Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады:
 басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер.

 2.2. Домбыра адам бойында 9 түрлі әдет-ғұрып қасиеттерін қалыптастырады:
— Ақыл-ой өрісін дамытып, терең ойлануға;
— Тәртіптілікке, мәдениеттілікке;
— Әдептілікке, ізеттілікке;
— Төзімділікке, сабрлылыққа;
— Еңбекқорлыққа, мақсатқа қол жеткізуге;
— Саяхат және туған өлкені қастерлеуге;
— Батырлыққа, тез арада дұрыс шешім қабылдауға:
— Жігер-намысты шыңдауға;
— Рухани — адамгершілікке тәрбиелейді.

2.3. Оқушыларға қойылған сауалнама сұрақтар
Тәжірибе жасамас бұрын оқушылар арасында мынадай сауалнама сұрақтар жүргіздім:
Сауалнамаға қатысқандар саны – 50 оқушы.
1.Домбыра үйірмесінің пайдасы бар ма?
Иә – 85%, жоқ – 15%
2.Домбырамен күй тартып, ән айтұан ұнай ма?
Иә – 80 % жоқ – 20%
3.Домбыра үйірмесіне қатысқың келе ме?
Иә – 40 % жоқ – 60%

Үйірмеге қатысып жүрген балалардың оқу үлгерімі де жоғары. Мереке күндері немесе мектеп ішілік шараларда күй тартып, ән айтамыз. Күй тыңдау арқылы туған жерге, балалық шаққа саяхат жасауға болады.
2.4. Сауалнамалар мен бақылаулар нәтижесі.
Әдеп – ғұрыптар, ұлттық құндылықтар, ана мен бала арасындағы мейірімділік қасиет адам бойына домбыра арқылы сіңіріледі.

Көрермендерге сұрақ.

  • 1.Біздің мектебімізде домбыра үйірмесі бар ма,жетекшілері кімдер?
  • 2.Домбыраның қандай пайдасы бар?
  • 3.Домбыра неше бөліктен тұрады?

Қорытынды: Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын.Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылықтарын жойған емес.Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына.Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп білу, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы. Ендеше,баршаңызды домбыра үйірмесіне қатысуға шақырамын.
Жобаны қорытындылай келгенде, келесі ұсыныстар жасаймын:
Біріншіден,  оқу бағдарламасына домбыра үйірмесін кіргізу;
Екіншіден, әрбір ата –ана өз баласын ұлттық құндылықтарды насихаттайтын үйірмелерге берсе.                                      

      Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.
2.Құрманбаева М. «Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеу».
—  Бастауыш мектеп,№1.2005ж
3.Әміралиев Ш. «Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеу».
— Бастауыш мекте,№,11-12. 1992ж.
4.Утебаева А. «Рухани – адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат».
— Бастауыш мектеп,№9.2005ж

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.