Home » Мақалалар »  Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту əдістерін тиімді қолдану

 Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту əдістерін тиімді қолдану

Аманова Гүлхан Сабырханқызы,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ-ның аға оқытушысы

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше. Сыныпта осындай əртүрлі сипаттағы сұрақтар қойылу үшін оқушыны оған үйретіп қана қоймай, оған қолайлы жағдай жасау қажет. Сондықтан мұғалімдер үшін нақты стратегиялар ұсынғанда:

  • Жан-жақты жауаптарды талап ететін сұрақтар қою;
  • Сұрақ қойылған соң, оқушылар жауаптарын ойланып алу үшін уақыт беру;
  • Сіз не қоса алар едіңіз деген жанама сұрақтар қою;
  • «Қызық екен, мен ол туралы ойламаппын» деген түсінікті пайдаланып, естігендерінсынамай жəне қарсыласпай, өз пікірін айта алу;

Сұрақты басқа оқушыларға бағыттауға мүмкіндік беру тағы басқа да ережелердіұстануы қажет.Қорыта айтқанда, сын тұрғысынан ойлау əдістерін қолдану нəтижесінде оқушыларарасында:

  • бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
  • өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады;
  • бір-біріне құрметпен қарауға үйренеді;
  • өз ойын ашық, еркін айтады, пікір алмасады;
  • өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды;
  • мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырады;
  • достарының ойын тыңдай отырып проблеманы шешу жолдарын іздейді;
  • қиындықты шешуге көмектеседі;
  • белсенді, шығармашылықпен ойлауға негіз қаланды.

Сонымен, сын тұрғысынан ойлау əдістерінің мақсаты — педагогтардың оқытуда жаттанды ақпараттан гөрі, ондағы қойылған мəселені зерттеуге, талдауға жəне салыстыруға,ой толғауға жəне бағалауға көшуіне күш салуы үшін көмектесу. Сөйтіп, оқушының өзбетімен ақпаратты қалай табуға болатынын, оны қалай өңдеп, өмірде қалай қолданукеректігін білетін, əлемдік стандарт талаптарына толық сай келетін, болашақта бəсекегеқабілетті, жетістікке қол жеткізе білетін азаматтарды дайындауда өз үлесін қосары сөзсіз. Сонымен төмендегі қадамдарға назар салыңыздар:
1-қадам. Алдымен тақырып беріледі, сонан соң оқушылар осы тақырып бойынша небілетіндерін толық жазып шығу үшін уақыт беріледі. Сонан соң оқушылар өз жазғандарынжұптарында бөліседі.
2-қадам. Мұғалім тақтада БББ кестесін сызады.
3-қадам. Оқушылардан сыныппен бөлісуі жəне олардың айтқандарын жазуы. Олардың жауаптарын  жіктеп  жазуға да болады.
4-қадам. Оқушылардың тақырып бойынша сұрақтар дайындауы. Олар өз жазғандарын қарастыра отырып, ондағы кейбір мəселе бойынша өз сұрақтарын жазады. Мұғалім де өзсұрақтарын қоса алады.
5-қадам. Оқушылар сұрақтарына жауап іздеп, сондай-ақ барлық жаңа идеяларды жазатыны туралы ескертілген соң мəтінді оқиды.
6-қадам. Оқушылар өз сұрақтарына қандай жауаптар тапқанын баяндайды. Сонан кейіноқушылар мəтіннен жалпы қандай идеялар тапқаны туралы баяндайды. Адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы, танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделіге біртіндеп өтеді деп саналады. Блум жүйесі бойынша, ол төмендегідей көрініс табады:
ең төменгі деңгей —
1)БІЛУ деңгейі, оқыту — есте сақтауға, жаттауға, тануға, еске түсіруге бағытталады;
2) ТҮСІНУ деңгейі, мақсаты – таным, мазмұнын айту, ақпаратты бір күйден екінші күйге аудару, өз сөзімен жеткізіп айту;
3) ҚОЛДАНУ деңгейінде мəселені шешу, нəтиже алу үшін ақпаратты қолдану мақсатыболып табылады;
4) ТАЛДАУ деңгейінде – бөліктерге бөлу арқылы тұтас нəрсені көру, қатысымдықтың ішкі құрылымын табу, себептерін анықтау;
5) ЖИНАҚТАУ деңгейінде — нақты өзіндік, ерекше қорытынды жасау;
6) БАҒАЛАУ — ең жоғары деңгей. Бұл деңгейде — бағалау шешімдері қабылданады, қарама-қайшы немесе əртүрлі көзқарастар шешіледі.
Бұдан көретін нәтиже оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын əмбебап тəсілдерді үйренуі. Мұндай жағдайда ақпарат оқытудың нəтижесі емес, оның бастапқы кезеңіне айналады. Оқушы мəліметті түсініп, талдап, оны өзінің əлеуметтік тəжірибесі тұрғысынан бағалай отырып, соның негізінде өзінің түсінігі мен түйсінуіне байланысты жаңа білім құрастыруға дағдыланады, оны өз керегіне жарата алады. Сөйтіп оқыту үдерісінде оқушы білімді игеру жəне жаңа білім құрастыру дағдылары мен əдістемесіне үйренеді. Басқаша сөзбен айтқанда, сыни ойлау жобасы оқытудың басты мақсаты дəстүрлі білім берудің “ өмір бойы азық боларлықтай білім беру“ деген үлгісінен “ өмір бойы оқып үйрену“ қағидасына  ауыстырады.
Сонымен қатар, күнделікті дамып, өзгеріп отыратын өмірде барша білімді игеру мүмкін еместігінен туындайтын бұл үрдіс өте орынды, оқушыны қандай да болмасын ақпаратты, білімді өздігінен үйрену дағдысын игеруге жетелеу өте тиімді жол деп білемін. Сыни ойлау жобасы əр шəкірттің өзіндік түсінік қалыптастыруына мүдделі, осы арқылы өзінің теңдесі жоқ ерекшелігін айқындайды, соған иландырады. Ал бұл сезімоқушылардың өзіне деген сенімін арттырады. Сөйтіп оқыту процесінде оқушылар қарастырылатын əрбір мəселе бойынша ой толғатып, оны өздігінен жан-жақты зерттеп, өз түсінігін қалыптастырады. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы оқушыны таным үдерісіне оятуды, жаңа ақпаратты түсінуді жəне рефлексияны қамтиды. Осы ұсынылған əдістермен оқу жүйесі əр оқушыға өз əлемін айқындап, оның құндылықтары мен қағидаларын белгілеуге көмек беретіні сөзсіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.