Home » Мақалалар » Балаларға арналған медитациялық ертегілер

Балаларға арналған медитациялық ертегілер

Джолдыбаева Жанар Кураловна,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 76 «Әдемі» балабақшасының тәрбиешісі

     Жалпы алғанда ертегі дегеніміз – халық прозасының көркем түрі ғана емес, ол – тәрбие құралы. Психологтар баланың тұлға болып қалуыптасу кезеңінде ертегінің алатын орны зор екенін айтады. Себебі ертегі – баланың ең бірінші танысатын көркем әдебиеті. Сонымен бірге күнделікті айтып жүрген ертегілерді түрлендіріп отырған жөн. Ертегі – фольклордың ескі жанрларының бірі. Оның мазмұны шындыққа жанаса бермесе де, астарында үлкен ғибрат, қазына жатыр. Ертегінің негізгі мақсаты – белгілі бір сұлба арқылы бас кейіпкердің болмысын көркемдеп жеткізіп, адамды ғажайыпқа сендіру болып табылады.
Ал, медитациялық ертегілер балаларды тыныштандырады, жағымды эмоция тудырады, өзімен және айналасымен үйлесімділік орнатуға ұмтылады, өзіне сенімділік арттырады. Балалар ертегіні тыңдай отырып, ішкі дүниелері қуанышқа бөленеді және қоршаған ортаны саналы түрде қабылдайды.  Медитациялық ертегілер балалардың жағымды бейнеде тәжірбие жинақтауына, сондай-ақ, психо-эмоционалдық шиеленісті төмендетуге, тұлғалық әлеуетін дамытуға өзара қарым-қатынастың жақсы үлгілерін игеруге арналған. Медитация жалпы, жағымды көру, есту, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу секілді тактилді – кинестикалық арқылы процеске толық кіру арқылы есінде тұрады. Сондықтан ертегіні балаға жай ғана оқып, айту ғана емес арнайы жағдай тудыра отырып айту керек. Бұл ертегінің басты мақсаты – қоршаған әлеммен және басқа адамдармен өзара қарым – қатынастың жағымды үлгісін санадан тыс хабарлау. Сондықтан да, бұл жерде басты ерекшелік конфликтпен  мен жауыз батырлардың болмауы.

24 комментария

  1. Жаксы тарбиеши! Балалар жаксы кореди. Жумысынызга жемис тилеймин!

  2. Өте керемет жазылыпты. Ісіңізге сәттілік! Қаламыңыз ұштала берсін!

  3. Өз ісінің маманы, шебер тәрбиеші!

  4. Алия-Ибраһим

    Мақаланыз керемет жазылған👏🏻👍🏻 Баламның ең сүйікті апайы❤️

  5. Жанат Ержанқызы

    Жанар ханымның пікірімен толықтай келісемін. Керемет бағдарлама ұсынылған. Алты алаштың басы қосылса төр ұстаздікі деп Алихан Бөкейханов айтқандай төрге орныға беріңіз

  6. Біздің тәрбиешіміз, өте керемет педагог! Әр баланың тілін таба біледі. Сәттілік, Жанар Кураловна!

  7. Өте дұрыс айтылған
    Мен тоовқтай келісемін
    Керемет

  8. Қазіргі таңда актуалды тақырып, Өте керемет мақала! Сәттілік жұмысыңызға!

  9. Жанар Құраловна,ісіңізге сәттілік!Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!👍

  10. Дұрыс тәрбие берудің барлық амал-айласын балаларға деген қамқорлықпен қолданып жүрген сіздей тәрбиешілер аман болсын! Шаршамаңыз 🌸

  11. Керемет жазылған👍🏻
    Нағыз маман! Ісіңізге сәттілік!

  12. Лида Хадия

    Жанар Құраловна, білікті де білімді ұстаздардың бірі, бірегейі! Еңбегіңіз жана берсін, шығармашылық өрлеу тілеймін! Бейнетіңіздің зейнетін көріңіз! 🌷

  13. 👍 жақсы жоба, қазіргі заманда балалар тәрбиесінде ертегілер құрал ретінде ерекше орын алу керек.

  14. Молодец апа керемет

  15. Ержігіт

    Өте керемет жоба.

  16. Өте керемет апай! Қаламыңыз ұштала берсін.Білімнің биік шыңынан көріне беріңіз!

  17. Керемет. Маған ұнады. Ісіңізге сәттілік

  18. Эльмира

    Керемет! Тек қаға алға!

  19. Самат Асанұлы

    Өз ісінің маманы
    Сіздің тәрбиеңізді алған әрбір бала биік шыңнан көріне берсін🤲

  20. Гульбаршин

    Менің ойымша керемет мақала. Кәзіргі кезде сіз секілді мамандар көптеп керек. Ойызға толық келісем. Жастарға үлгі етерліктей мамансыз. Биік белестерден көріне беріңіз.

  21. Керемет тек алға апай

  22. Биіктен көріне беріңіз! Сәттілік тілеймін!

  23. Камиля Калымбетовна

    Сәлеметсізбе! Керемет жазылған! Ісіңізге береке берсін! 👍👍👍👍👏👏👏💐💐💐

  24. Дилором

    Салеметсиз бе. Бұдан да жоғары биіктерден көріне беріңіз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.