Home » Мақалалар » 2 жарым миллион алудың үлгісі

2 жарым миллион алудың үлгісі

Бүгіннен бастап Республикалық «Білім  айнасы» газеті мен bilimainasy.kz сайты әр дүйсенбі – жұма аралығында «Білім  айнасы» тәжірибе алмасу ашық алаңын жүргізетін болады.

Тікелей эфирдің алғашқы қонағы ретінде “Үздік педагог 2019” жеңімпазы 2,5 милион теңгенің иегері Албева Тамара Ғабиденқызы мен сұхбат жүргізілді.

Тамара Ғабиденқызы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы № 23 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы білікті маман. “ Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден ” демекші, — сұхбат барысында ұстаз бұндай конкурсқа алғаш қатысып көргенін және бұл жеңістің 1 күннің еңбегі емес екендігін, бақандай 30 жылдық тәжірибенің, білімнің, төзімнің арқасында келгенін айта кетті.

 

Әр ұстаздың оқушыны тәрбиелеуде өз ұстанатын қағидалары бар: біреу ұрып, біреу ұрсып білім беруі мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде Тамара Ғабиденқызы балаға шынайы махаббатпен көңіл бөле отырып, жақсы көру керек екенін ескертті. Бұл баланың психологиясына ерекше әсере ететіні сөзсіз. Себебі бүгінгі ұрпаққа берілген білім біздің кемел болашағымыздың қалқаны іспетті.

Болашақ ұстаз боламын деген жастарға ақыл кеңес  ретінде, тынбай еңбек ету керек екенін еңбектің міндетті түрде жемісін көретінін жеткізді.

Сонымен қатар, өзін үздікпін деп таныған ұстаздар мен тәрбиешілер еш жарнасыз сұхбатқа қатысып тәжірибесімен бөлісуіне болады. Қатысушыларға редакция тарапынан марапат (Сертификат, Алғыс хат, Мақтау қағаз) табысталады.

https://www.instagram.com/tv/CDA2IXRnNRs/?igshid=1rc07j3tovphz

Автор: Майра Ділдақан

«Білім айнасы » Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.