Home » Мақалалар » АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА МҰҒАЛІМНІҢ ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НӘТИЖЕСІ РЕТІНДЕ

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА МҰҒАЛІМНІҢ ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НӘТИЖЕСІ РЕТІНДЕ

Ескенова Камшат Амралина
Астана қаласы әкімдігінің
М.Әуезов атындағы
№86 мектеп-гимназия ШЖҚМКК,

тарих пәнінің мұғалімі

         Қазақстан Республикасы халқының материалдық емес мәдени мұрасы ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайтатын, еліміздің мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын ұлттық мәдениеттің маңызды бөлшегі әрі сана-сезімнің тірегі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 17 қазандағы «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» Халықаралық конвенциясына (одан әрі – Конвенция) қосылуы еліміздің материалдық емес мәдени мұрасын қорғау, насихаттау және дамыту бағытындағы жұмысының тиімділігін арттыруға негіз болады.

Материалдық емес мәдени мұраны қорғау және дамыту жөніндегі тұжырымдаманы (одан әрі – тұжырымдама) қазақстандық қоғамның сана-сезіміне және ұлттық, мемлекеттік бірліктің нығаюына терең әсер еткен «Мәдени мұра» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастыруға болады. Осы бағдарлама аясында ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі және Таңбалы шатқалындағы петроглифтерді зерттеу және қайта жаңғырту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Ендігі кезекте материалдық емес мәдени мұраларды қорғау бағытында да осы тәрізді жұмыстарды жүргізудің уақыты келді.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.

Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушыларды еліміздегі ерекше маңызға ие кесенелермен таныстыру.Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу, оқушыларды іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа, өзін-өзі басқаруға дағдыландыру.

Міндеттері:

— Еліміздің кесенелеріне сипаттама беру;

— Кесенелерді қорғаудағы мақсаттарды талдау;

— Кесенелердің ұлтымыз үшін маңызын түсіндіру.

Күтілетін нәтижесі мен қорытындысы:

«Сакральды Қазақстан» факультативтік сабағын оқу барысында оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттері дамиды. Оқушылардың жаңалықты өздігінен іздеп ашатындай танымдық, эмоциялық жағдайлар туғызатын оқытудың ғылыми-зерттеу, табиғатты көркем қабылдау сияқты оқу жұмысын ұйымдастырудың дәстүрлі емес түрлеріне ерекше маңыз берілуі қажет. Оқушылардың алған білімдерін іске асырудың негізінде төмендегі талаптар алынады: болжау, анықтау, салыстыру, түсіндіру, қолдау т.б

  • Оқушы өз бетінше ізденуге дағдылануы қажет;
  • Жеке тапсырмаларды орындай алуға, топпен жұмыс жүргізуге, түсініп оқуға машықтануы керек;
  • Теориялық білімін, танымдық, шығармашылық дағдысын қалыптастыру;
  • Рухани байлыққа ұмтылуға үйренеді;
  • Қоршаған ортаны қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қоя білу.

Мұнда оқылатын тақырыптар:

  • Еліміздегі тарихи-мәдени мұралар
  • Ұлттық мұра – ел мақтанышы

Оңтүстік Қазақстан жеріндегі кесенелер

  • Арыстан баб кесенесі.Ғайып берген құдығы
  • Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
  • Домалақ ана кесенесі
  • Үкәш ата кесенесі
  • Айша-бибі кесенесі
  • Қарахан кесенесі
  • Дәуітбек кесенесі
  • «Мұңлық-Зарлық» кесенелері
  • Бабаджа хатун кесенесі

Солтүстік Қазақстан жеріндегі кесенелер

  • Меңдеке батыр кесенесі
  • «Сары мен Сүйір батырлар» кесенесі
  • Қарасай мен Ағынтай батырлар ескерткіші
  • Абылай ханның резиденциясы
  • Қабанбай батыр кесенесі

Шығыс Қазақстан жеріндегі кесенелер

  • Еңлік – Кебек ескерткіші
  • «Ырғызбай әулие» кесенесі
  • Зейнолла кесенесі
  • Абайдың Жидебай қорығындағы мұражай-үй ғимараты

Батыс Қазақстан жеріндегі кесенелер

  • «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешені
  • Тақсай қорған кешені
  • Жұмағазы хазірет – Дәдем ата кесенесі
  • Ғұмар Қараш зираты
  • Дәулеткерей кесенесі
  • Ұзақ күйші кесенесі

Орталық Қазақстан жеріндегі кесенелер

  • Киелі Домбауыл ескерткіші
  • Жошы хан кесенесі
  • Алаша хан кесенесі
  • Жұбан ана кесенесі

Қазақстан ерекше табиғи мүмкіндіктер мен мәдени-тарихи нысандар мұрасына иелік етеді. Қазақстанның 17 облысының әр қайсысы қонақтарды көрікті көріністерімен, халқымыздың бай мәдениетінен хабардар ететін ежелгі ескерткіштерімен  таңғалдыра алады. Туристер 700-ден астам бағыт-бағдарды таңдай алады. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және  орталық аймақтары туризмнің қолданыста бар – танымдық, ойын-сауықтық, этникалық, экологиялық, сауықтыру, балалар, спорттық, аңшылық, атты, шым-шытырық  оқиғалы, тағы басқа да түрлерінің бәрін ұсынуға әзір.

Қорыта келе, тарихи ескерткіштер, мәдени құндылықтарды алдымен өзіміз бағалай білсек, келесі ұрпаққа бұл мұраларды сақтап қалуымызға болады. Тарих – ол шексіз дүние, сондықтан, ағайын ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпайық ешқашан!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.