Home » Жаңалықтар » Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

Сәулебек Ақбота Нұрлыбекқызы,
Алматы қаласы, Бостандық ауданы
№ 40 жалпы орта мектебінің
психологы

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Алматы қаласы, Бостандық  ауданы, №40 жалпы орта мектепте 23 сәуір — «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана директоры Сайдембаева Алия, филология ғылымдарының докторы, профессор, сыншы, ғалым Дандай Ысқақұлы, Алаш мұраларын зерттеуші, ақын Әділет Ахмет, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің меңгерушісі, Ыбырайым Бекен Бекмұратұлы, филология ғылымдарының докторы, жазушы, сыншы, Жұмабек Ержан арнайы қонақ ретінде шақырылды.

   

Мектеп бүлдіршіндері күмбірлете күй ойнап жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлттық киімде би билеген 1-сынып бүлдіршіндері мерекені түрлендіре түсті. Іс-шараны №40  жалпы білім беретін мектеп директоры Бейсембаева Бибігүл Адигүлқызы сөз алып бастады. Ол өз сөзінде, «Білім  мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие. Қолымызға кітап емес, ұялы телефон түскелі, әлеуметтік желінің желігіне еріп, көз бояушылық дүниелер мен адам ақылы жетпейтін қатыгездіктер көріп, жаһандану дәуірінде жарқ еткенімізден гөрі, құлдиға құлдырап бара жатқанымыз шындық» деді. Адам кітаптан ажырағалы, адам атты рухани тұлғаның жан дүниесі қаңырап бос қалып бара жатқандай. Келген қонақтарымыз мектеп оқушыларына қазіргі таңдағы ойлау жүйесі және әрбір ұлтты өзге ұлттардан бөліп, айқындап тұратын діні, тілі, салт-дәстүрі туралы әңгіме жүргізді. Кітап оқудың пайдасы неде? Деген сұрақ төңірегінде әңгіме қозғалды. Қазақ тілінің мәртебесін көтереміз десек, әр қазақ алғашқы қадамды тілдік қорын молайтып, рухани жанына дәрумен болатын құнды кітаптарды оқудан бастау керек. Кітап оқу керек деп қолына түскен кез келген кітапты оқи беру, ол алтындай бағалы уақытынды босқа сарп ету. Оқитын кітабымнан не алам, не күтем деп алға мақсат қойып кітапты қолға алған жөн деп кітаптың маңыздылығын көрсетті. Арнайы келген қонақтар мектеп кітапханасына өздерінің төл туындыларын кітаптарын сыйға тартып, мектеп кітапханасының кітап қорын толықтырды. «Көкжиек» баспасынан арнайы қатысқан оқушыларға кітаптар сыйға берілді. Кітап – білім бұлағы дегендей оқушылар ойлы сөзден өнеге алып, көкейлеріне тоқып қайтты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.