Home » Мақалалар » Балабақшада сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру

Балабақшада сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру

Касымова Алия Мухамедгалиевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 76 «Әдемі» балабақшасының тәрбиешісі

     Бүгінгі күні балалардың денсаулықтарын нығайту, физикалық дамуындағы кемшіліктерді түзету, аурудың алдын алу, қозғалыс белсенділігін жоғарылатудың нәтижелі жолдарын іздестіру көкейтесті мәселе болып отыр. Оны шешу жолдары: денешынықтыру, сауықтыру технологияларын қолдану, оқыту үрдісіне қазіргі заманға инновацияны оқып үйрену, ендіру болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдағы денсаулықты нығайту технологияларын қолданудың мақсаты-балалар денсаулығының жоғары деңгейін және баланың өз және басқаның денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыратын валеологиялық мәдениетін қамтамасыз ету.  Балаларды сауықтыру шаралары жыл бойы өткізіледі. Балабақшаға жаңадан келген баланың күн тәртібіне бейімделу кезеңіне барлық күш жұмсалады. Бұл кезеңде балалар дәрумендер алып, ауырмас үшін сауықтыру шаралары дәрігер бақылауымен өткізіледі. Сонымен қатар спорттық ойын түрлері де әр кез сайын ойнатылып тұруы керек.
Ата-анамен педагогтар арасындағы бірлескен жұмыстар үлкен жауапкершілікті талап етеді. Баланың денсаулығын қорғау, сақтау және нығайту жұмыстары ең басты мәселе. Балалардың қимыл қозғалыс белсенділігін дамытуға байланысты топтарда ашық ұйымдастырылған шаралар, ойын сауықтар, ата-аналармен жыл маусымдарына қарамастан іс-шаралар ұйымдастырылады. МДҰ- да спорт залы, ойын алаңдары бар бала дамуына қажетті барлық жабдықтармен, спорттық құралдармен және әр топ спорттық киімдермен толық қамтылған. Және бұл қажеттілік кезең -кезеңімен толықтырылып отырады. Әр топтың өз эмблемалары бар. Оларда түрлі жарыстар, әр бағыттағы спорттық ойындар жиі жүргізіліп тұрады. Күнделікті ертеңгілік балалармен дене шынықтыру жаттығулары жасалады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тұрақты жүргізіледі. Осы сабақ барысында балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасып, іс қимылдары жетіліп, бұлшық еттері қатаюына көңіл бөлінеді. Топтарда денсаулық бұрыштары ұйымдастырылған. Сонымен қатар балабақшада ата – аналардың қатысуымен түрлі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Спорттық жарыстар мен түрлі ойын – сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан – жақты жетілуіне әсер етеді. Дене тәрбиесіне байланысты балабақшада «Шынықсаң шымыр боласың», «Көңілді достар», «Кім жылдам?» деген топ арасындағы эстафеталық жарыстар өткізіледі. Әр сабақ жан – жақты талқыланып, кем – кетігі болса толықтырылып, баланың толыққанды өсіп-өнуі мұқият қадағаланады. Балалардың арасында жиі кездесетін сырқаттар: отит (құлақ ауруы), жедел лоринготрахит (қалқанша безінің ісінуі), ЖРИ (жалпы тыныс жолы аурулары). Балабақшадағы тұрақты жүргізілетін іс-шаралардың нәтижесінде балалардың өткен жылға қарағанда сырқаттануы азайды.
Мықты денсаулық дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі. Бұл  мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады, қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді. Дені сау бала тіпті қарап отыра алмайды. Бірақ, бала не істеуді, қалай істеуді білмейді. Сондықтан ол ересек адамдардан өнеге алады. Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. “Қолыңнан түк келмейді” дей берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Бала еш уақытта іс жасамай  отыра алмайтын болғандықтан оған ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Пайдалы іспен айналысқан бала өз бетімен жат қылықтарға әдеттенбейді. Балаларымыздың дені сау болып өссін десек, біз бала тәрбиесінде серуенге аса мән беруіміз керек. Таза ауадағы серуен баланың денсаулығын жақсартып, денесін шынықтырады. Даладағы серуен баланың ширақ қимылдап, жан-жақты дамуына көмектеседі. Жаз айларында барлық сауықтыру шараларын далада таза ауада өткізген жөн. Баланы жылдың қандай ауарайы болсын серуенге шығарған абзал. Ауладағы құрал-жабдықтар, ойын әрекетіне арналған ойыншықтар баланың жасына сай болуы керек. Дені сау ішкі жан дүниесі сау адам − бақытты адам, ол өзін өте жақсы сезінеді, өзін-өзі одан әрі жетілдіруге, дамыта түсуге тырысады, жан дүниесінің сұлулығын аша біледі. Біздің балабақшада кез-келген іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің іс-әрекеттеріне ата-аналарының қатысқанын ұнатады. Ойын − баланың еңбегі, сондықтан өз еңбегінің жемісіне ата-аналарының қатысып, бірге бөліскені бала үшін үлкен қуаныш. Сонымен қатар жазғы сауықтыру кезеңдегі ұйымдастырылған серуен, саяхаттарға бірге барып, өз көмектерін береді. Әрбір ата-ана өз баласының денсаулығы мықты, қайратты азамат болып өсуін қалайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі бала денсаулықтарын нығайтып, психологиялық сақтандыруды жүзеге асыруда балабақша мен отбасы бірлесіп жұмыс жасауы  қажет. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ең алдымен ата – ананың тәрбиесі негізгі рөл атқарады десек, сол тәрбиені ұштастыра білу балабақшадағы тәрбиешіге де маңызды міндет жүктейді. Балабақшадағы әр баланың отбасылық жағдайын, ондағы тәрбие бағытын біліп, ата –анамен тығыз қарым – қатынас орнатып, ынтымақтаса жұмыс жасағанда ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін береді. Отбасында тәрбие міндеттеріне мыналар кіреді. Баланың дене, танымдық дамуына жағдай жасау, балаларды өзіне-өзі қызмет етуге, жақындарына көмектесуге үйрету, баланың бейімі, қызығушылығын дамытуға, тілдік – қатынастық дамуына жан – жақты дамуына жағдай жасауға міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ата-аналардың балабақша мен байланыс дұрыс жолға қоюға жұмыстар жүргіземіз. Балабақшада денешынықтыру кезінде бала дұрыс қозғалыста болуы үшін жыл мезгілдеріне сай киіндіруге, демалыс күндерінде де үйде жаттығулар жасауды әдетке айналдыруды, ашық есік күні, мерекелік ертеңгіліктерге, түрлі спорттық ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, қызығушылық танытуын ынтымақтаса жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі деп білеміз. Тобымызда «Әкем, шешем, мен» спорттық сайыс өткізіліп, ата – аналармен бірге ойындар ойнап, жаттығулар жасап, балаларымыз бір жасап қалады. Балабақшаның ауласы, бөлме тазалығы безендірілуі, балаларға ыңғайлылығы, әдемілігі, эстетикалық талғамдылығы жоғары болуы шарт. Неғұрлым ерте жатып, уақытымен таңертеңгілік тамағын ішіп, серуенге шығып ойнаған, жылы сөз, мақтау естіген, спортпен шұғылданған, шыныққан бала әрқашан да ауруға төтеп беретін, жігерлі, ақылды болып өседі. Бала денсаулығы жақсы, шыныққан, көңіл – күйінің жоғары, ынталы болуы үлкендерге, яғни ата – ана, тәрбиешіге, қоршаған ортаға байланысты екенін ұмытпайық.

55 комментариев

  1. Алтынай

    Керемет👏🏼👏🏼👏🏼

  2. Тамаша!!! 👍🏻👍🏻👍🏻

  3. Гульнар

    Өте пайдалы ақпарат 👍

  4. Гульнур

    Пайдалы ақпарат, керемет👏🏻👏🏻👏🏻

  5. Еркебулан

    Жумысын патриоты

  6. Ғалиябану

    Өте керемет, пайдалы ақпарат

  7. Рахмет, маңызды мақала.

  8. Керемет👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  9. керемет сөзсіз

  10. Касымбек

    Керемет тамаша!!!

  11. Керемет!!!

  12. 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

  13. Оте керемет

  14. Өте керемет😍

  15. 👍🏻👍🏻👍🏻

  16. Керемееет👥👥👥

  17. Керемет!😃

  18. 👍🏻👍🏻👍🏻керемет

  19. Акмаржан

    керемет!!👍🏻👍🏻

  20. Тек алгаа керемет

  21. alfredfrestone@gmail.com

  22. Тамаша,пайдалы ақпарат

  23. Өте пайдалы ақпарат

  24. Керемет. Шығармашылық табыс тілеймін

  25. Өте керемет!!!

  26. назерке

    уааау оте керемет, тамашааа

  27. Өте керемет тамаша

  28. Акмаржан

    👍🏻👍🏻👍🏻

  29. Керемет 👍🏻👍🏻👍🏻

  30. Өте керемет

  31. Оте пайдалы акпарат!

  32. Жангырбай

    Кушты 👏🏻👏🏻👏🏻

  33. Пайдалы акпарат 👍🏻👍🏻👍🏻

  34. Бибігүл

    Өте пайдалы, қадетті ақпарат

  35. Өте керемет пайдалы ақпарат

  36. Нургуль

    Керемет 👏

  37. Жұмагүл

    Әлия өз ісінің маманы, сізге шығармашылық табыс тілеймін

  38. Ата-аналарға өте пайдалы ақпарат екен! Рахмет!

  39. Алия апай- керемет апай!!!
    Мейиримди,енбеккор, аркашан изденис устинде журеди👏🏻
    Енбегиниздин жемисин кориниз🙏🏻💐☺️

  40. Керемет ақпарат

  41. Керекмет маган пайдалы акпара

  42. Жұмысыңызға сәттілік. Өте пайдалы керек ақпараттар. Өзіме керегін алдым🙌🏻🙌🏻

  43. Жазира Еділқызы

    Тамаша 👏👏👏👏

  44. Баьырхан

    Өте керемет, еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  45. Батырхан

    Өте пайдалы, қажет материал! Сәттілік тілеймін!!!

  46. Керемет😍😍

  47. Керемет, пайдалы ақпарат!🙌🏻

  48. Анаргуль

    Керемет акпарат 👍🏻

  49. Керемет, тек қана алға👏👏👏

  50. Еркебулан

    Молодец…

  51. Керемет! 👍👍👍👍

  52. Керемет !👍🏻👍🏻

  53. Зульфия

    Сәттілік тілеймін келініме❤️❤️❤️, еңбегің еленсін әрқашан🤲🤲🤲

  54. Еркебулан

    Керемет..

  55. Алия апай өз мамандығының шебері.Өтте жұмысына берілген жан.Сәттілік

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.