Home » Мақалалар » ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?

ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?

Абдрашева Ш.А.
Қабанбай батыр ауылы № 41 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Заман дамыған сайын тек шәкірттің қабілетіне қарай талап қоймайды, ендігі жерде мұғалімдердің де әдістемелік әлемін өзгертпек. Ол қалай? ХХІ ғасыр ілім мен ғылымның ғасыры деген күннің өзінде адам баласы бір саланың ғана маманы болып қалмау керек дегенді алға тартуда. Яғни сіз әмбебап болуыңыз керек. Бұл талап мұғалімдер қауымына да қатысты. Сонымен ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай болу керек?

  1. Тәуекелшіл. Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Мұғалім ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді.

         Осы бағытта біліктілікті арттырудың үш айлық курсын 2013 жылы сәтті аяқтап, І деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі сертификатына ие болдым. Күнде қарыштап дамып, дамыған елдермен терезесін теңестіріп келе жатқан Қазақстан мемлекеті үшін өзгеріс әбден керек . «Әлемнің өзгеруін қаласаң, өзгерудің алғашқысы өзің бол! Болашығыңның өзгеруін қаласаң,сол өзгерісті қазір жаса!» дейді, ендеше біздің білім жүйемізде болып жатқан білім саласындағы бүгінгі өзгеріске мен үлесқосамын.
Бұл курсты оқу барысында оқушыны жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту негізгі жеті модульге сараланған. Жеті модульді сабақтарда пайдалану барысында ұстаз дәстүрлі сабақтарымызда қалыптасқан біршама заңдылықтарды өзгерте алады, атап айтар болсақ, мұғалім сабақтарда дайын түрде білім беру емес, керісінше оқушының өз бетімен білім алуына жағдай жасайды. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, оқушы сыни тұрғыдан ойлауға, өз білімін бағалауға заманға сай ойы мен пікірі қалыптасқан құзіретті тұлға болуға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы, сандық сауаттылығын арттыруға, өзін- өзі саналы түрде басқаруға бағыт ала отырып, бойындағы дарындылығы мен таланттылығын көрсетіп, алған білімін келешекте қолдана алады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны болып табылатын жеті модульді пайдалана отырып, мұғалім оқушы білімімен қоса өзінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасайды.

  1. Психолог. Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек. Топтан бөлек, әр шәкіртпен жеке-жеке жұмыс жасау басты талап. Өйткені әркімнің қабілеті әртүрлі. Ал топтық жұмыс кезінде бірін кем, бірін артық көрмегені абзал, топтық әдістер арқылы оқушылардың өзара ынтымақтастығын нығайту және дамыту керек деп ойлаймын. Оқушылар топтық жұмысты ұнатады, олар үшін ең маңыздысы терең білім алу және өздері үшін оқиды, яғни алға деген ұмтылыс бар. Өз ойларын сабақта айту оқушылар үшін өте маңызды. Оқушылар үшін мұғалімнің өзіне үнемі көңіл аударуы және жауап беру арқылы бағалануы маңызды, осы мәселені тиімді, жүйелі шешу үшін мұғалімдер оқушылармен топтық жұмысты, диалогтық тәсілді оқытуда тиімді қолдануды жолға қою керек сияқты.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың озық технологиясын меңгеру мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп тұжырым жасайды.Сондықтан мұғалім өз пәніне психологиялық тұрғыдан қарап, әдістемелік шеберлікпен келу керек.

  1. Білікті педагог. Педагог сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс. Шәкіртке түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім суымен сусындату ең маңызды дүние.

Өз педаготық тәжірибеммен интернет сайттарында / «Дарабоз» республикалық сайтында», ЦПМ электрондық сайтында/, газет-журналдарда /«Түгел-Медиа» республикалық журналында/, семинарлар мен конференцияларда үнемі бөлісіп жүремін.

  1. Көшбасшы. Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.

Көшбасшы    мұғалім   –  өсіп   келе   жатқан   жеке   тұлғаны   жан-
жақты   дамытушы.  Инновациялық   білімді   дамыту,  өзгеріс   енгізу,  жаңа
педагогикалық   идеялар   мен   жаңалықтарды   өмірге   әкелу.

Көшбасшы мұғалім өз әріптестерін де алға жетелей біледі.

Мен 2014 жылдан бастап аудан мектептері серіктестігінің координаторы қызметін атқарып келемін. Көкшетау қаласындағы ПШО  ұйымдастырған «Критериалды бағалау» бойынша координаторларға арналған қашықтық курсты аяқтап, сертификатқа ие болдым.

         2014 жылы «Үздік директордың оқу-ісі бойынша меңгерушілері» жарысына қатысып, ІІІ орынды иелендім.

  1. Заманауи технологияны игеру. Классикалық кітаптың, қалам мен қағаздың дәурені өтіп бара жатқаны шындық. Дегенмен кітаптың құндылығын айта отырып, оған шәкіртті қызықтыру үшін бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру керек. Соның ішінде компьютердің ішкі жүйесін, офистік бағдарламаларды, электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың көңілін алдандыра да, сабақты қызықты өткізе де алады.

Осы  Кембридждік  бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне  білу  жөнінде  нақты  міндеттеме  қойып  отыр.  Сындарлы  оқытудың  маңызды  факторы  мұғалімнің  оқушының  тақырып  мәнін  өз бетімен меңгеруін  түсінуі  мен  бағалай  алуы болып  табылады.

Мұндай  тәсіл  бұл  үдеріске  оқушының  өзінің  де  қатысуын  талап  етеді.

Осылайша,  оқушы  да  өзінің  оқуы  үшін  жауапты  болады.

Мен өз сабақтарымда  диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі:
1. Оқушының сөздік қоры артады ;
2. Өз бетінше,жұппен ,топпен жұмыс жасайды ;
3. Білім алуға өзі жауапты екенін сезінеді ;
4. Шапшаң, тез ойлау,сөйлеу қабілеттері шыңдалады ;
5. Өз пікірін білдіріп, оны қорғай білуге үйренеді.
6.
Жолдастарының пікірін сыйлайды. 

  1. Оқу процесіне белсенді қатысады.
  2. Мұғалім аз сөйлеп, оқушы өз ойын жеткізеді;
  3. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.
  4. Рухани бай болу керек. Қай елдің болмасын мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылыққа бай болу керек. Ол сол елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құрал. Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпек емес.

Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасалуда.

Мұғалімнің құзырлылығы жайлы жарияланған «ӘЛЕМДІК БІЛІМ  КЕҢІСТІГІНДЕ ҚҰЗЫРЕТТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ІЗДЕНІСТЕР» мақаламызда осы тақырыпты әріптесім екеуіміз жан-жақты талдаған болатынбыз.

  1. Әмбебап мұғалім. ХХІ ғасырдың кез келген адам баласына қояр талабы осы. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңыздырақ. Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе тарпаңдап шығып, додаға түссе бәйгені бермес, шәкіртке түрлі әдістемелік құралдар арқылы жағдай жасаса онда ол бір ғана мұғалімнің емес, бір мектептің, бір елдің абыройы болар еді. Соның нәтижесінде түрлі сайыстар мен олимпиадаларда оқушылар өз мүмкіндіктерін көрсете алады:

Менің оқушыларым түрлі жарыстарға барып өз білімдері мен өнерлерін көрсетіп жүр:

  1. Рахимов Ринат 2013 жылы облыстық пән олимпиадасында жүлделі ІІІ орынға ие болды.
  2. Штарк Регина аудандық «Абай оқуларында» жүлделі ІІ, ІІІ орындарға ие болып жүрді.
  3. Сидорова Надежда 2016 жылы аудандық пән олимпиадасында ІІІ орынды иеленді
  4. Гасанова Нават 2016 жылы облыстық өзге тілді оқушылар арасындағы шығармашылық сайысқа қатысып, сертификатқа ие болды.
  5. Шевчук Анастасия 2017 жылы облыстық шығармашылық жобаға қатысып, сертификатқа ие болды.
  6. Ахмедова Бериван 2023 жылы облыстық пән олимпиадасында жүлделі ІІ орынға ие болды.
  7. Интеллигент. Мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты мәдениетті, интелегентті тұлға болуы керек. Өйткені қазір қоғамда жастар әр әрекеттен үлгі алуға асығады. Ал көзін ашқан күннен бастап, үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары – мұғалім. Ендеше оның интеллектуалды қабілеті аса маңызды. Саннан сапаға сапар шегу жолындағы мұғалімнің жаңа ғасырға берер жауабы дайын болу керек. Өйткені талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал сол ағысқа қарсы шәкіртті дайындау тағы да мұғалімнің еңбегі. Қай ғасыр болмасын, мұғалімнің орны тақтан биік!

Қазіргі заманда мұғалім болу қиын деген сөздерге мен «Мұғалім болу –қай заманда да оңай болған емес» деп айта аламын.

Мұхтар Әуезов «Халықты халықпен теңестіретін-білім» деп, атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп-өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты.

Білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.