Home » Мақалалар » Оқу сауаттылығы — сапалы білім негізі

Оқу сауаттылығы — сапалы білім негізі

     
Қазіргі мектептерде оқушылардың бойындағы функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударыла бастады. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны   даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы үшін  оқу сауаттылығы маңызды. Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда, бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін  ала білуі.

Оқу сауаттылығы  — PISA зерттеуінде оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына алуына, оқу қабілеттілігін  өз мақсаттарына қол жеткізу үшін колдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы.  Оқу сауаттылығының негізі — мәтінмен жұмысты толық қалыптастырады.  Бұл оқушылар мәтіннен қажетті ақпарат алуына, нақты мәтіннен қорытынды шығаруына, негізгі кейіпкерлердің әрекеттерін интерпретациялауға, мәтін үлгісімен бекітуге және мәтін құрылымының бастапқы сараптамасын алуға көмектеседі.

Мәтін – тілдерді оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы   логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді.  Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде оқушының оқылым  дағдысы  қалыптасады.Оқылым  дағдыларын дамыту үшін тест тапсырмаларын жүйелі құрастырудың маңызы зор.

Әр түрлі мәтіндерден ақпарат табу және алу, көркем, ғылыми, ресми мәтіндермен    жұмыс істей білу, мәтіннен ақпаратты түсіну және  бағалай білу  ізденіс  қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.   Бұл-мәтінді  мұқият оқу және  талдау арқылы  жасалады.   Адам  шын мәнінде ойланып оқыған кезде, оның қиялдары міндетті түрде жұмыс істейді, ол өзінің ішкі суреттерімен белсенді әрекеттесуі мүмкін. Білім алушы  мәтінмен жұмысты меңгерген кезде, ауызша сөйлеуі дамиды және дамудың келесі маңызды сатысы ретінде жазбаша сөйлеуі де қалыптасады.

Әбдірасұл Жұмагүл  Тастемірқызы
Астана қаласы
Ыбырай Алтынсарин атындағы
«BINOM» мектеп-лицейі
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.