Астана қаласы
№85 мектеп –лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі, магистр
Манарбекова Әсем Манарбекқызы
Қазіргі жаһандану заманында өзекті мәселенің бірі болып ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, өз даму жолын табу саналады.Еліміздің тарихына шолу жасасақ, Қазақстандағы қазіргі жетістіктерге, тұрақтылыққа, бірейгейлікке ата-бабамыздың ерлігі, жігерлігі, парасатылығының арқасында ғана жеттік.Қазақстан Республикасыны тәуелсіз жолында қабылданған бірнеше ұлттық даму бағдарламарында, ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, әлемдік тәжірибеге негізделген ұсыныстарды көреміз. Айтып кету керек, қазіргі жетістіктеріміз оңай жолмен келген жоқ.
Қазақстанда болып жатқан соңғы саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар бірнеше маңызы жоғары сұрақтарға жауап іздеуді талап етеді.Жастардың ұлттық сәйкестігін қалыптастыру — қазіргі білім беру жүйесінің өзекті міндеті.Себебі ол проблема мемелекетің тұтастығын көздейді. Жасөспірімдердің азаматтық позициясын қалыптастыру біртіндеп жүреді және балалардың жас және жеке ерекшеліктерін, олардың әлеуметтік-адамгершілік тәжірибесін, қарама-қайшылықтар және жағымсыз әсерлері мен кейде өмірде кездесетін әсерлерін ескере отырып, мұқият, педагогикалық, психологиялық сауатты көзқарасты талап етеді.
Жалпы білім беретін мектептің жоғыры сынып оқушыларының
азаматтық бірегейліктігі қалыптастыруға маңызды мән беру тиіс. Жасөспірім кезінде баланың жеке көзқарасы қалыптасып, оның зияткерлік және шығармашылық қабілеттері, қарым-қатынас және ынтымақтастық тәжірибесі дамып, мәдени қарым-қатынас, адамгершілік және эстетикалық тәрбие негіздері қалыптасады.Осы тұрғыда қазақ әдебиет пәннің маңызы өте жоғары.
Әр пәннің өзіндік ерекшелігі , тілі бар. Әрқайсысы өз өрнегімен сөйлейді. Әдебиет пәні — өнердің пәні, жан-жақты ойлантудың, терең ойлаудың пәні. Ең бастысы, әдебиеттің басқа пәннен өзгешелігі – онда дәлелденген ешқандай заң жүйесінің, формулалардың элементтердің бұлжымас, айнымас ережелердің жоқтығы. Әдебиет жасөспірімдерге әдебиеттануға, сөз маржандарының қыр-сырын игеруге жөн сілтеу ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, асылы жақсылық пен ізгіліктің негізін себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Бұл пән арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері қалыптасады. Жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солардың басты мақсаты – оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы әдебиетін жан-жақты игеру, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу. Мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауды, соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпеуі керек, ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешелігі де, күрделілігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда сезім, эмоция, әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең ерекше көрінеді. Әдебиет – жан дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызықтығы да, күрделілігі де осында жатса керек.
Сабақтағы басты нәрсе – мәтін. Көркем туынды да тірі ағза сияқты. Онда сол шығармаға жан, нәр, қуат беріп тұрған қан тамырлары, жүйелері бар. Сабақта соларды соқтыра алмасақ, онда шығарманың құр сүлдері ғана қалмақ.
Шығармадағы көркемдік элементтерді табу, тану оңай дүние емес. Оны табу үшін шығармаға бойлап ену керек. Оны бір емес, бірнеше рет ой жүгірте тереңдей оқу керек. Сонда ғана көркем туындыдағы інжу-маржандарды табуға болады. Әдебиеттен дәріс беретін мұғалім жер астынан асыл кен іздеген инженер-геологқа пара-пар немесе адам ағзасынан кінаратты тауып, тануға бүкіл білім, тәжірибесін жұмсаған дәрігерге ұқсас. Міне, мұғалім де солар сияқты шығарманың өн бойынан өзіне қажет інжулерді, шәкірт жанына нұр себер жақсылық нышандарға жетектер, жан әлеміне ыстық леп берер, алаулаған ашу-кек туғызар штрих-детальдарды іздеуге тиіс.
Сабақ тағдыры — мұғалім қолында. Оның биік деңгейде болуы мұғалімнің үнемі ізденісіне, шығармашылық еңбек етуіне байланысты. Әдебиет пәнінен дәріс беруші мұғалімнің орны өте ерекше. Өйткені, сөз өнерінің бар нәрін, құдіретін – тәңірісін, эстетикалық, эмоциялық қуат-күшін оқушы ой-сезіміне әсерлі етіп тек мұғалім ғана жеткізе алмақ.
Көркем әдебиеттің өзіндік ерекшелігін таныту үшін мұғалім әдебиеттанушы ғалым, зерттеуші болуға міндетті. Онсыз көркем әдебиеттің табиғатын өзі де тани алмайды, шәкірттерін де шығарманың шырынына тереңдете алмайды, эстетикалық табиғатын аша алмақ емес. Әдебиет сабағының сапасы мұғалімнің жан-жақты білімді болуы, көркемдік талғамы, шығармашылық ізденісіне байланысты.
Оқыту үрдісінде қазақ әдебиетін ұлттық құндылық ретінде таныта білу – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Ұлттық құндылық дегеніміз – тұтас бір жүйе. Оған халықтың көркем мәдениеті немесе халық өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды, көзқарастар жатады.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отан деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс.[1].
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, ұлттық бірегейлік негіздерін қалыптастыру барлық пәндердің үлесіне жатады. Қазақ әдебитет пәні бойынша мектеп бағдарламасында орын алған ауыз әдебиетіні шығармалары: «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» т.б айтуға болады. Ал Махамбеттің шығармаларында, әсіресе, «Баймағанбет Сұлтанға айтқаны», «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл туса», «Әй, Махамбет жолдасым». және т.б азаматтық бірегейлік мәселелері аныұ көрінеді. Осындай тақырыптарда С.Торайғыровтың «Туған еліме», «Шәкірттерге» т.б. атты шығармаларды атауға болады. Осы тақырыпқа байланысты І.Есенберлиннің «Көшпенділер», Т.Ахтановтың «Күткен күн», Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романы, Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» Қ.Қайсеновтың «Ажал аузынан», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары» атты әдеби туындылары жатады.
Отансүйгіштік сезімі туа бітті пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
«Жеңіс кілті Отан сүюшілікте. Ол солдатқа жөргекте жатқаннан бастап үйретілуі, қанына кіріп, сіңісуі тиіс. Дәстүр-тәрбиенің басты қайнары. Ал дәстүр ұлттық тәрбиеден өзекті орын алады. Отан сүюшілік, ұлтын сүюшілікті ұлттық дәстүрмен жалғастырып, солдатқа саналы түрде сіңіру керек» — деген ол артына өшпес өнеге, ерлікке, патриоттық, сезімге толы бірнеше кітаптарын: «Офицер жазбалары» (1962), «Артымызда Москва» (1963), «Генерал Панфилов» (1965), «Куба әсерлері» (1969) «Жоңарқа» екі томдық шығармалар жинағы(1969), «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кітап» (1990,1991), «Ұшқан ұя» кітабын қалдырды. Ал, «Ұшқан ұя» кітабы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағына ие болған.
Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы артына жетпіске жуық мақал-мәтелдер қалдырған. Ол мақал-мәтелдеріне «Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр», «Ерлік білекте емес, жүректе», «Отанда опасызға орын жоқ», «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық» деп халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды.
Біз жазушы, тәлімгер Бауыржан Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармашылығы ұлттық бірегейліктің, патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз.
Қазіргі қазақ көркем әдебиетінің дамуына баға жетпес үлес қосқан талантты жазушылардың бірі – Шерхан Мұртаза. Біздің еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне және кеңінен танылуына 30 жыл өтті. Осы уақытқа дейін ұлттың көркемдік шындыққа айналуы үшін өмір шындығына қызмет ету-жазушының басты міндеті болды. Себебі жазушының ең асыл мұраты-қазақ халқының мүддесі. Осыны ескере отырып, Шерхан Мұртазаның Тәуелсіздік таңынан кейін жазған әңгімелерінде қазақ халқының өмір жолындағы проблемалар мен көңілсіздіктер, даралық пен құзыреттер шынайы, айқын сарказммен, жұмбақ және тартымды екпінмен көрінеді. Шерхан Мұртазаның шығармашылығы бойынша оқушылар 10 сыныпта танысады. Жазушының туындыларындағы негізгі идеялар- қазақ халқының тұтастығы, бірегейлігі, адамзат, рухани құндылықтарды сақтау.
Жазушының әдеби мұрасында ұлттың тарихи құндылықтарының көбісі негізгі тақырып пен идеяға қатыстырылады. Шынымен де байқасақ,әр ғасырдағы орын алған әртүрлі ерекше оқиғалардың көбісі қазірге бізге дерек ретінде ғана емес түрлі шығармалар арқылы да жеткізілген. Тарихи тұлғалар болсын,аса маңызды тарихи оқиғалар болсын олардың жалпы сипаты әдеби шығармаларда нақты сомдалған. Қазақ халқының басынан өткен ең үлкен қиын, қасіретке толы болған жылдар аясы жайы жазушының бірнеше шығармаларында қозғалған болатын.Сондай шығармалардың бірі әрі бірегейі — «Бесеудің хаты».Бұл шығарма Ш.Мұртазаның драмалық шығармаларының бірі.Сонымен қатар» Сталинге хат » та осы «Бесеудің хатымен» бір тақырыптағы драма-дилогия болып табылады.Автор бұл шығармада сол 1930-1933 жылдарда қолдан дасалған ашаршылық жайлы толықтай мәлімет береді,яғни :кімдер жазғанын,кімге арнап жазылғанын және де қандай мақсатпен жеткізілуі керек болғандығын. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді.
Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді.
Шерхан Мұртазының шығармаларынан түйетін ойлар көп деп айтуға болады. Егер бір оқырман өзі үшін тың ақпараттар білсе,тарихи оқиғамен енді ғана танысса,енді бір оқырман өзінің осы тақырып бойынша білімін одан ары арттырып,қосымша деректер іздестіріп,тереңінен ой түйеді. Біріншіден жазушы қазақ ғұламаларымыздың есімін мәңгілік жадыда ұстап,есімдерін тарихта өшпестей етіп жазып қалдыруға үндесе, екіншіден қазақ халқының бірегейлігіне шақырып, рухани құндылықтармызыды сақтауға ұн салады.
Мысал ретінде жазушының бір неше жазып кеткен ойларын келтіруге болады. [ 2 ]. « Адам санасын, құлқын, пейілін түзетуде біздің үкімет шөп басын сындырған жоқ. Ал оның есесін теңіздің ар жағынан, бер жағынан келгендер артығымен толтырып жатыр. Теледидар солардың қолшоқпарына айналды. Адамның адамгершілігін, пиғылын бұзатын аса қатерлі қару сол. Ұрлық пен қарлықты да, жауыздық пен жалмауыздықты да, арсыз, имансыз жәлептікті, адам өлтірудің нешеме түрлерін бесікте жатқан баладан бастап, бәрімізге үйретіп, санамызды улап жатыр, улап жатыр.
Камал, жазда Көкшетауда, тағы бір жерлерде обыр шегіртке егінді бүлдіріп кетті. Сол шегірткелер адам санасын да бүлдіріп жатыр. Құдай біреу, Құдірет біреу, ал дін көп екен, соның өкілдері Қазақстанда қаптап жүр. Бір отбасында біреу мұсылман, біреу баптист, біреу православ, біреу бахаист, біреу ахмади, бірі иудаист, бірі кришнаит, бірі католик болатын күн жақын. Қаһарлы қантөгістер негізі сол.» «Тұлпар мініп- ту ұстаңдар!»-деп жастарға айтқан Шерхан Мұртазаның өсиет сөздерін ұлттық бірегейліктің негізі, ұстанымы ретінде қабылдауға болады. Жоғарыда келтірген жазушының ойлары өте терең және болашақ ұрпаққа елі үшін, жері үшін ұлкен жауапкершілік артады.
Әдебиеттер тізімі:
1 Ш. Мұртаза «Тірілер ойласын,Камал!»abai.kzд
2.Дуйсенбаев А.К. Ерлік дәстүр арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері.Алматы.-2018, 155б.
- Пралиев С.Ж және т.б Ұлттық тәрбиенің патриоттық мазмұны. Алматы.-2011-542 б.