Home » Эссе » Мамандығым – мақтанышым!

Мамандығым – мақтанышым!

Мухтарова Ментай Алтаевна
Павлодар облысы  Павлодар қаласы
№ 7 жалпы орта білім беру мектебінің
тарих пәні мұғалімі

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпаққа берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз!» — деп халық каhарманы Бауыржан Момышұлы атамыздан артық баға берген адам жоқ шығар.

Неліктен мен осы мамандықты таңдадым?

Дана халқымыз «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: біріншісі – мамандық таңдау, екіншісі – жар таңдау» деген екен. Кез-келген жеке тұлға өзінің мамандығын жүрек қалауы бойынша таңдауы керек. Менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым ұстаз болу. Яғни бұл маман иесі болып қалыптасу үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік-жігер, тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет. Мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін, қайта мақтан етемін! Себебі менің мамандығым адамдың өміріге аяқтан тік тұруына әсері күшті, сауабы мол ұлы мамандықтың бірі деп ойлаймын.

Мұғалім бұл ең көне және сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Бұл Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа елдерде де маңызды мамандықтардың бірі болып табылады. Мұғалім болмаса баланы оқуға, санауға, жазуға және өз ойларын дұрыс айтуға кім үйретеді? Мұғалім – бұл   білім беру саласындағы маман, атап айтқанда жаңа нәрсені үйрететін, дүниетанымын кеңейтуге және өмірдегі орнын анықтауға көмектесетін адам.

Ұстаздықтың жолында тарих  пәні мұғалімі болып жұмыс жасауымның басты мақсаты өз елімнің тарихын дәріптеп, келер ұрпақтың ана тілін бойларына сіңіріп, анасын қалай құрметтесе, туған тілдерін де солай құрметтеуге тәрбиелеп елімнің дамуына өз үлесімді қоссам деген арманмен тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алып жұмыс жасап жатырмын.

«Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білім деңгейімен айқындалады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына да ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы ұстаз қолында» — деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевта ұстаз еңбегіне ерекше көңіл бөлген.

Өмірдеге көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық ұстаздық. Олай дейтініміз мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беру тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып білсем, үйренсем деген бала арманымен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойына алған маман.

Ұстаз атана білу оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау әрбір мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өз жұмысына деген сүйіспеншілігі ғана оны небір қиын әрекеттерге жетелеп, әрбір іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Мұғалімдікпен ешқандай жұмысты, ешқандай мамандықты салыстыруға келмейді. Мұғалім болу туа біткен дарындылық, қасиет деп айтсақ болады. Неге десеңіз орта жолдан мұғалімдікті таңдаған адамдар өмірінің соңына дейін мұғалім бола алмайды, немесе мұғалімдіктен екінші күні бас тартып жатады. Мұғалім болу бірінші баланы сүю, жақсы көру, екінші баланың болашағына сен жауапкершілікті аласың. Ал енді қандай мұғалім болу керек? деген кезде мұғалім өзінің балаларына үлгі болу керек. Үлгі бола алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайды. Өйткені одан үнемі балалар теріс айналады. Екінші мұғалім өзінің мамандығын яғни кәсібін толық меңгеруі керек, білу керек. Ол баланың бойындағы күмәнға жол бермеуі керек. Кез-келген сұрағына ашық түрде қойылған уақытта жауап беруі керек.

Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаздың соншама қадір-қасиет құрметке бөленуі оның өз міндетіне жауапкершілікпен қарауына байланысты. Өйткені, оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениеті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Жақсы ұстаз болу үшін ұстаз тек біліммен емес әрбір баланың ішкі жан дүниесін түсіне білу. Этика, эстетика, жан-жақтылығы мұғалімнің бар баланы өзіне тарта білуі тек бір балаға көңіл бөлмей, жақсы көрмей, бәрін бірдей қамти білуі бұл нағыз педагогтың жұмысы.

Шәкірт ұстаздан білім ғана емес өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Шәкіртке өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашып, дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазына деген сый-құрметі де айрықша болады.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады. Өмірде неғұрлым адаспай дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт дейтіні сондықтан болса керек.

Мұғалімнің оқушы алдындағы беделі күнделікті сабағындағы ахуалға жағдайға байланысты бағаланады. Мұғалім сабағына үнемі дайын келетін болса, ол мұғалімнің сабағы қызық өтетін болса, сабағы жаңаша ұйымдастырылатын болса, сабақтан бала күнде әртүрлі жаңалықты көре алатын болса бала сол сабаққа құштар болады. Сол мұғалімнің беделі артады.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жәй мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» — дейді. Яғни, адамға жылу нұрын шашатын күн болса, ұрпаққа білім нұрын шашатын ұстаз екені баршамызға мәлім. Өзімді осы маман иесі болғаны үшін мақтан етемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.