Home » Ашық сабақтар » Lesson Study- менің мектебімде

Lesson Study- менің мектебімде

Махашов Алашыбай Серіұлы
Қызылорда облысы Арал ауданы
№ 19 орта мектебінің
математика  пәнінің мұғалімі

 

 

 

Lesson Study- менің мектебімде

 

«Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»-деп ғұлама ғалым Ж.Аймауытов айтқандай, әрбір жүргізілген шараларға сараптама жасай отырып  педагогикалық технологиямен үздіксіз жүйелі жұмыс істейтін мұғалімдердің көрсеткен нәтижелерін бақылап басшылыққа алып отыру қажет деп санаймын. Бақылауды сауалнама, сұхбат, пікірлесу арқылы жүргізуге болады. Дәстүрлі  оқытудағы  біздің  мұғалімдеріміздің  елеулі  кемшілігі деп түсініп келген  өз  сабақтарына  зерттеу жүргізбеуі, немесе оны қалай  жүргізіуді  білмеуінен болып  жатады.

Мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде, тіпті көпшілігіне мән бермейді. Бұл  ақиқат, бірақ – кемшілік емес! Бұл – оларға табысты болуға көмектескен үдерістердің нәтижесі.
Мен мектепте жұмыс жасағаныма 30 жыл. Осы жылдардан жинаған тәжірибемнен сабақты  зерттеудің  мынадай  артықшылықтарын  атап  көрсетер  едім.

  • жоспарлау үдерісінде жасаған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болашақта айырмашылықтарының себебін белгілеуге;
  • сыныптың тұтастай оқылуына;
  • зерттеу сабағының барысы мен оқыту үдерісіне бақылау жасауға;
  • белгіленген және зерделеген негізге сәйкес келесі сабақтың мақсатын белгілеуге қажет.

Қай салада болмасын, ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді. Мектептегі сан-саналы жұмыстың құйылатын арнасы да білім саласында болатыны даусыз.

Біздің басты мақсатымыз-білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім-тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Ал бұл жерде бізге көмекті

Lesson Study бере алады. Мен өзіме сабақтағы іс-әрекетті зерттеу тәсіліне  жататын «Lesson Study» ді  мұғалімдер  тәжірибесіне  енгізуді  мақсат  етіп  қойдым. Себебі, «Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады» ( Lesson Study: нұсқаулық. Пит Дадли)

Осы мақсатпен мектебімізде зерттеу тобын құрып жмысымызды бастап кеттік. Топтың  кезекті отырысында ғы  жұмыстарды бөлу  кезінде   «Lesson Study» тақырыбында  зерттеу сабағын  өткізуді  І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  «Г» ге  тапсырдым.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.