Home » Сценарийлер » Тәртіптің ең тамаша мектебі — отбасы

Тәртіптің ең тамаша мектебі — отбасы

Избанбетова Кенжегул
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы
Т.Рысқұлов жалпы орта мектебі
педагог-психолог

 

Мақсаты: отбасында ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасын анықтау
Тренинг міндеттері:

  1. Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту;
  2. Баламен өзара қатынасты жақсы түсіну;
  3. Баламен өзара әрекеттің жаңа дағдыларын меңгерту;

Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің  жолдарын көрсету, бала тәрбиелеу сапасының  аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құралдар-жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, доп және мақал-мәтелдер жазылған плакат  т.б.
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест , психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:

  1. «Танысу» жаттығуы
  2. Топқа бөлу
  3. Ой жинақтау
  4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
  5. Жағдаятты сұрақтар
  6. «Ашық айтсам»
  7. Қорытынды

Кіріспе:

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Тәртіптің ең тамаша мектебі — отбасы»
атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі –баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы бастан бақпасан,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, — дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді.  Балаға білім , тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата-ана.

  1. «Танысу» жаттығуы

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз.
Қандай әсер алдыңыздар?
Не қиындық келтірді?

  1. Топқа бөлу

Гүлдер арқылы топқа бөлу

  1. Ой жинақтау.

Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
І-топ. Сіз балаңызға буллинг (жәбірлеу)жасадыңыз ба?
ІІ-топ. Сіздің балаңызға бөтен адам тарапынан буллинг жасалса не істейсіз?
ІІІ-топ. Балаңызды теріс әрекеттері үшін жазалаудың қандай түрлерін қолданасыз?

4.«Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.

  1. Балаңыздың туған күні ?
  2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні
  3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
  4. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
  5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
  6. Балаңыз бүгін қандай бағал алды?
  7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді
  8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
  9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
  10. Балаңызды еркелетін қандай сөздер айтасыз?
  11. Балаңызға ашуланғанда , ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
  12. Балаңыздың ең жақын досы кім?

5.Жағдаяттық сұрақтар

Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
1.Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2.Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы,  күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады, деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз  да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4.Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсын, сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?
6.Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

  1. «Ашығын айтсам»

Ата-аналарға  төмендегідей бланкілер таратылады, әрі толтыру ұсынылады
Сабақтың  жүргізілген күні…………………………………………………………………………………
Менің тренинг барысында түйгенім……………………………………………………………………
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады………………………………………………………………..
Жүргізуге ұсыныс ……………………………………………………………………………………………..
Маған ең пайдалы, құнды болған ……………………………………………………………………….
Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім, егер ……………………………………………………
Маған ұнамағаны ………………………………………………………………………………………………
Ең жақсы ұнағаны …………………………………………………………………………………………….
Тренинг жүргізуші сізге ұнадыма?……………………………………………………………………..
Тренингті қорытындылау ………………………………………………………………………………….
Қолы………………………………………………………………………………………………………………..

Қорытынды сөз:
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой өлкесі  -деп Абай атамыз ата-анасының қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.