Home » Мақалалар » Тәуелсіз елдің ұланымыз!

Тәуелсіз елдің ұланымыз!

Майрова Назерке Хатамуллаевна,
Астана қаласы әкімдігі
№62 «Нұрсәуле»  балабақшасы тәрбиеші

Міндеті: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Боздақтарға тәуекел ету. Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету. Әлеуметтік,шығармашылық,танымдық, коммуникативтілік дағдылармен физикалық қасиеттерді дамыту
Біздің еліміз қалай аталады?
-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
-Дұрыс, еліміз, Отанымыз, жеріміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады екен. Біздің тәуелсіздік алғанымызға биыл 31 жыл толып жатыр. Осы 31жыл ішінде біздің еліміз Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Күні бүгінде Қазақстан Республикасын бүкіл әлем мойындады. Әр адамның өз Отаны,  ата жұрты, мекені, қонысы болады екен. Ал, біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады екен.
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
Солаймабалалар?Көркемәдебиет
Тәуелсіз Қазақстан видеоролик көрсету.Қоршаған ортамен танысуҚазақстан Республикасының рәміздерінене жатады ?
-Ту, елтаңба, гимн.
-Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
-Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн және қыран құс.
-Ел таңбамызда ненің бейнесі бар ?
-Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.Сөйлеуді дамыту
Ту қандай геомтериялық пішінге ұқсайды?
Түсі қандай? Салыстыру,беттестіру.Математика негіздері
Тәуелсіздігіміздің белгісі көктуымызды қазір жабыстыратын боламыз.Жапсыру іс –әрекеті
Қазақ халқы ежелден киіз үйде тұрғанын жақсы білесіңдер иә, осы үйдің бейнесін құрастырып көрсек қалай қарайсыңдар? Құрастыру
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, аспанымыз ашық күніміз жарық болсын деген ниетпен сурет салайық.Дәстүрден тыс сурет салу ал екінші топ көк қағазға
күннің бейнесін ермексаздан жасайық. Көк қағазға сары ермексаздан күн жасап жабыстырады Сурет салу, мүсіндеу
Елімде тыныш жерімде тыныш әні.Музыка,шығармашылық дағдылар
Енді ұлттық ойынымызды ойнауға дайынсыңдар ма?
«Арқан түю»
  Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргі-зуші топ арасынан шығады да: -ойын бастайды-деп дауыстайды. Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады, арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді. Балалар арқан үстімен секіріп тұрады. Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп, секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді, тақпақ, өлең айтады немесе билеп береді. Ойын осылай жалғаса береді.Дене шынықтыру
Отан үшін күрес,
Ергетиген үлес.Деген қазақ мақалы бар.Сендер де балалар осы Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір бөлшегісіңдер. Отанымызды қадірлеп, еліміздің дамуына үлес қосатын болашақ азаматсыңдар.Сендерге көп рахмет айтамын!

22 комментария

  1. Екатерина

    Керемет екен

  2. Замзагүл

    zamzagul 741501@gmail.com

  3. Өте жақсы жазылған мақала екен 🌺

  4. Жақсы жазылған мақала ❤️

  5. Өте жақсы жазылған. Еңбегіңіз жемісті болсың, Назерке Хатамулаевна.

  6. Толғанай Л.

    Жақсы жазылған мақала. Рахмет . Жұмысыңызға табыс тілеймін🙏🏻🙏🏻

  7. Гулбану

    Керемет. Сәттілік

  8. Гульден

    Жаксы макала

  9. Турсынгуль

    Керемет! Еңбегіңіз жемісті болсын!!!

  10. Өте жаксы макала

  11. Гульзада

    Саттилик. Кушти👍

  12. Еркеназ

    arhatovaerkenaz@gmail.com

  13. Еркеназ

    Керемет мақала

  14. Анаркуль

    Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.Сәттілік!

  15. Еңбегіңіз еселене берсін

  16. Керемет, еңбегіңіз елене берсін

  17. Айғаным

    Керемет мақала.

  18. Қаламыңыз ұштала берсін! Зор еңбек екені көрініп тұр, бағалана берсін!!!

  19. Назерке келер ұрпаққа берерің көп болсын!

  20. Арайлым

    Керемет жазылған,Біз әрқайсымыз білуге және де сіздердей тәрбиешілерге алғыс балаларымызды кішкентай жастан қазақ екенін,тәуелсіз елде туып тұрып жатқанын,қазақи рухыпен тәрбие беріп жатырсыздар,Алғысымыз шексіз ,еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!

  21. Жулдуз Байсолтановна

    Сәттілік сізге

  22. Күшті, сәттілік тілеймін!! 👍

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.