Home » Балабақша » Тәжірибе – көпке ортақ

Тәжірибе – көпке ортақ

Махашева Загира Уисимбаевна,
Астана қаласы әкімдігінің,
№61 «Шолпан» балабақшасының меңгерушісі

Тәжірибе – көпке ортақ

Тәрбие мен білім — егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру,  казіргі заманға сай білімді, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу — білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Жаңа заман баласы — ертеңгі еліміздің болашағы.
Жаңа заман баласын қалыптастырып,  дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның кыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердің ұстанымы ауысқан: ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең катысушысы. Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілі, логикалык ойлауды, дүниетанымын дамытуға, сыни ойлауды калыптастыруға және жеке мүмкіндіктерді беретін дамытушы орта кұруға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең  осы кезде баланың бойындағы табиғи дарындылық жан-жақты дами бастайды.
Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады. Балабақша — барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала — болашағымыз, бала — қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту біздің басты жұмысымыз. Осыны ұмытпайық әріптестер!
Әрбір іс — әрекетімізге жауапкершілікпен қарайық. Қазіргі таңда жан — жақты жетілген, білімді азамат дайындау — қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала — болашағымыз  сол балаға жүйелі білім беріп, ынта -ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілетін дамытуды балабақшадан бастап келеміз. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс — тәсілдерді пайдалану тәжірибелі мамандарымыздың күнделікті жұмысы.  Осы жолда бірлесе қызмет атқарып келе жатқан ұжымға алғысымды білдіргім келеді. Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан — жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу — біздің басты мақсатымыз. Жауапкершілік жүгін арқалаған әр меңгеруші өзінің жан — жақтылығын, сондай — ақ ұлттық салт — дәстүрлерді насихаттай біліп, заманауи инновациялық технологияларды зерделеп, өзінің ізденімпаздық, тұлғалық шығармашылығын жаңашыл мазмұнды идеялары мен қасиеттерін керсете білуі қажет деп есептеймін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.