Home » Мақалалар » Құм терапиясының маңыздылығы

Құм терапиясының маңыздылығы

Калиева Дина Жакуповна
БҚО, Бәйтерек ауданы
Өркен МББК КММ
педагог-сарапшы
санатты педагог -психолог

  Құм терапиясының маңыздылығы

Құм терапиясының мақсаты: Балалардың  құм терапиясында  қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі   іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Құмдағы ойындар — баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.

Оған қажетті материалдар мен жабдықтар:
Бала құм терапиясында тек қана  қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық  және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра  процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын  салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.

Құм терапиясының  маңыздылығы:

  • Сөзбен айтып  жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
  • Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Қоғамда балалардың  байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері   басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі  өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік  шындамдылық танытпауы басым. Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылақтарының төмендеу,  байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздғын болдырады, комуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады. Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері жоқ, оларда  бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компютер мен теледидар алмастырады.. Балалардың  сөздік қорлардың дамуына және жалпы өзін — өзі ұстау жұмыстарына назарымызды аударамыз.  Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын  жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың  бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі  туады да, ол тілдік және комуникативті дамуына жағымды әсерін тигізеді.

Құм терапиясы — ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады.

Бала  өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік  (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ  моторикасын дамиды. Қорыта айтқанда құмзар ойыны баланы тәрбиелеуде дамытуда маңызды рөл атқарады,. Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастырын қалыптастыруға  маңызды рөл атқарады.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.