Home » Мақалалар » «Жақсы балабақша — тәрбиелі тұлғаның бастапқы қадамы»

«Жақсы балабақша — тәрбиелі тұлғаның бастапқы қадамы»

Бахыт  Исақызы
Астана  қаласы МКҚК №10 «Бөбек»
балабақшасының меңгерушісі

Тәрбие мен білім негізі ең алдымен отбасынан, содан соң балабақшадан басталады. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында сапаны жақсартуға көңіл бөлу керек. Мәңгілік ел болып қалыптасу жолында ұрпаққа берілетін тәрбие өзекті мәселе екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан да, бұл мәселе күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Қай елдің өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүйесінің даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі. Жеке тұлғаны дамытуға қызмет ететін білім мен тәрбие негізі, өзегі – балабақшадан бастау алатыны бүгінгі күні білім беру әлемінде дәлелденіп отырғаны ақиқат. Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз жөн. Осынау жауапкершілік жүгі ауыр жолда еселі еңбек етіп жүрген балабақшаның бірі — №10 «Бөбек» балабақшасы.

Мұнда қазіргі таңда 13 топта 345 бала тәрбиеленуде. Күн санап дамып жатқан қазіргі жоғарғы технологиялар заманында бүлдіршіндерге сапалы білім мен тәрбиені балабақша қабырғасынан бастап беруді талап етеді. Сондықтан да, аталмыш балабақшада  ақылы үйірмелер ашылып, балалардың ой-өрісін  дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Балабақшаның іші де, сырты да сондай әсем, алыстан көзтартар әдемі. Мұнда көгалдандыру, саяжол ашылып, алаңдар үнемі безендіріліп отырады. Осылайша, көркейту жұмыстарына да баса мән берілген.

Әрдайым балаларды сапалы білім нәрімен сусындатуды басты мақсат еткен мекеме ұжымы үнемі ізденіс үстінде. Мамандардың қолжетімді еңбек етуі үшін біздің балабақша жаңа заманауи технологиялық құралдармен, атап айтар болсақ,баланың жан-жақтылығын дамытуда интербелсенді тақтамен, В.Воскобович дамытушы технологиясымен,

«Сиқырлы қалам» оқу әдістемелік құралымен, арт терапиямен жабдықталған. Осыларды негізге ала отырып білім алған баланың дүниетанымы кең, тіл байлығы мол, құзыреттілігі кеңінен  дамитындығы сөзсіз. «Бөбек» балабақшасы қызметкерлерінің барлығы арнаулы орта және жоғары білімді мамандар. Оның ішінде бірінші санатты және жоғары санатты маман иелері.   Жетістіктеріне тоқталар болсақ,

Мадақтама  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Нұр-Сұлтан қаласы -2019 ж

Мадақтама «Әділет»  Кәсіподағының төрайымы.Астана қаласы- 2018 ж.

Мадақтама Ұстаздар күніне.Байқоңыр ауданы әкімі. Астана қаласы -2021,              2022 ж.

Мадақтама  Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының  «Үздік бастауыш ұйымы»  №10 балабақшасының бастауыш кәсіподағының ұйымы. Нұр-Сұлтан қаласы 2022жыл.

Балалар жетістіктері:                                                                                                                         Диплом ІІ дәрежелі Мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі мектепалды даярлық топтарына арналған XIV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңі жүлдегері №10 «Бөбек» балабақшасының тәрбиеленушісі Кирпичев Александр, Сұлтан Әлия.   Нұр-Сұлтан қаласы 2022 жыл.

Диплом ІІ дәрежелі Мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі мектепалды даярлық топтарына арналған XIV «Жұлдызды жол» интеллектуалдық олимпиадасының аудандық кезеңі жүлдегері №10 «Бөбек» балабақшасының тәрбиеленушісі Кирпичев Александр,  Сұлтан Әлия,  Нұр-Сұлтан қаласы 2022 жыл.

Диплом І дәрежелі Халықаралық «ПОНИ» Білімпаз байқауының жеңімпазы Берік Айнара, Секербек Амира, Әлімхан Інжу марапатталды-2022 оқу жылдары

Диплом. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Әнімде саған, жырымда саған Туған ел!» атты балалар шығармашылығына арналған VII фестиваль- байқауына белсене қатысып, «Қылқалам шебері» номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін Мәдениет Аяна,  Искакова Шакизат  №10 «Бөбек» балабақшасының тәрбиеленушісі марапатталды- 2022 жыл.

Бұл – балабақша ұжымы мен басшының  жеткен жетістіктердің бір парасы ғана. Ел болашағы болар балаларды тәрбиелеу жолындағы жемісті жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Тәрбиенің тал бесігі–балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал. Тағылымды тәрбиенің тәлімін бала бойына қалыптастыратын ұлтжандылық пен адамгершілік жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі зор. Жазушы-педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», — дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында-  ата-анасының, мектепке дейінгі ұйымда – тәрбиешіден талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық.

Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша, оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып, ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбектің  арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі азамат пен азаматшалардың шығатынына сеніміміз мол.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.