Таласова Мирамкул Минапсовна
Астана қаласы
МКҚК №10 «Бөбек»
балабақшасының тәрбиешісі
Бүгінгі күн талабы- баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру,тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс тәсілдерді қолданып, баланың ойлау қабілетін дамыту.
Математикада дамыту материалдар дидактикалық құралдың бірі болып саналады, математикалық түсініктерді қалыптастыруға ықпал етеді.Олар: әзіл сөз ойындары, жұмбақ ойындары логикалық ойындар. Бұл ойындарды сабақтың негізіне кіргізу де және сабақтың соңында балалардың зейіні төмендеген кезде де қолдануға болады.
Логико- математикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін жан- жақты дамыту жұмыстарымда Никитин кубиктарын қолданамын.
Никитин кубиктері баланың қабылдауын:
-дамытады және қалыптастырады,
-кеңістікті қабылдай алу қабілеті,
-зейін,
-тактильді сезінун
-өз әрекетінің орындауын бақылай білуі.
Никитин ойындары- бас қатырғыш ойындар болып табылады, олар оймен шешу және құрылысты аяқтау арқылы бір бейне жасауға бағытталған болғандықтан баланың бейнелі және логикалық ойлау қабілеттері дамиды.
Әр тапсырмалар балаларға еркін таңдау бойынша беріледі. Үлкендердің көмегінсіз, бала өз қиындықтардан өз шешімін тауып, алуға тырысады. Ойлау қабілетіне арналған ойындар- ол тапсырма жинағы, сол тапсырмаларды бала кубиктер, шарлар, конструкторлар арқылы шешеді.
Балаларға алдын-ала көрсетілген өрнек- тапсырмаларды кубик арқылы жасауды үйренеді, содан кейін керісінше тапсырманы орындайды, кубиктерге қарап өз еркімен өрнекті жасайды. Осы ойын арқылы балалардың талдау және жинақтау қабілеттері дамиды.
Дамытушылық ойындарды қолдана отыру арқылы мықты білім мен біліктіліктің саналығына қол жеткізу болады. Сондықтан біз балалармен жұмыс істей отырып логико-математикалық ойындарға басты мән береміз. Логикалық және жаттығудың мақсаты балалардың ойлау қабілетін жетілдіру,өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, байқаушылық, дербестік,тапқыштық қасиеттерін ояту,тәлім-тәрбиенің үрдісін жандандыру.Дамытушы ойындарды қолдана отырып, балалар өз қимыл іс- әрекеттерін жоспарлауға , ойлауға және жауап табуға үйренеді, шығармашылық жағынан айқындайды.
Қолданылған әдебиет:
- А.Ж.Едігенова «Ойната отырып тәрбиелеу», Алматы, 2016ж-
- Б.П.Никитин «Ступеньки творчества или развивающие игры», Москва, Просвещение1988г, 1989Г