Жолдас Жанар Қанатқызы
Астана қаласы әкімдігінің
№56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші
Балабақша – бақыт баспалдағы
Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі- болашақ ұрпақ қолында. Бүгінгі күннің басты мәселесі — бала тәрбиесі. Бұл тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, тәрбие үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен білім өмір жолындағы үзіліссіз процесс. Демек Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастап бала бойына танымдық қабілет дарытуға міндеттіміз.
Ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу-қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.
Адам бойында ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Ұрпағым өнегелі, жақсы азамат болып өсіп жетілсін десек, ең алдымен бесігіңді түзе – деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың сөзі тегін емес. Тәрбиенің әліппесі баланың белі бесіктен шықпай жатып ана сүтімен сіңіріліп, ұлттық өнегенің ең асыл, ең нәрлі қасиеттері сол сәби шақтарынан-ақ үлгі етіп тартыла басталуы керек. Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.
Балабақша – білім мен ортаға биімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Балабақшаға келген әр бүлдіршін жаңа ортаға бейімделеді. Қоршаған ортамен, табиғат құбылыстарымен жақынырақ танысады. Түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын ұстап, дені сау ұрпақ болып жетіледі. Тәрбиеші балаларға білім беру үшін баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізуші. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, ұжымның алдыңғы қатардан көрінуіне жұмыс жасау.
Біздің балабақшадағы әр тәрбиеші баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу жолында қызмет етіп келеді. Балабақшадағы күнделікті ізденіске толы жұмысты бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық процестердің жаңашылдығы – бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына септігін тигізетін жаңа технологияларды күнделікті қолдану болып табылады. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді тұлға тәрбиелеу. Еліміздің заманауи даму сатысында білім беру жүйесінде біршама оң өзгерістер орын алуда: балабақша тәрбиешілері назарын балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына бұра отырып, білім беру мазмұнын күрделендіре түсуде. Дәстүрлі әдістердің орнын балалардың танымдық дамуын белсенді етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың жаңашыл әдістері басуда.
Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздің дамуының бірден бір жолы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ұрпағымызға балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.
өте керемет жазылған!
Саламатсыздар! Жақсы мамандар көп болсын! Білімді ұрпақ көп болсын!
Дұрыс қолдаймыз ұрпақ тәрбиесі болашақ.
Мемлекет басшысы айтқандай: «Кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты». Сол ұстаздардың бірі, әрі ең алғаш бүлдіршіндердің мұғалімі — Сіздер! Жұмыстарыңыз жанданып, Ел алдындағы — бала тәрбиесіндегі — қызметтеріңіз алға баса берсін!
Осындай инабатты білімді тәрбиешілеріміз көп болсын қолдаймын жаңа өсіп келе жатқан буынға жақсы тәрбие беріп болашақта қазақ халқының бір туар азаматтары болып шығуына үлестерін қоса берсін
Тамаша жазылған екен осындай тәрбиеші апайлар көп болсын!
Өте білімді және мамандырылған сарапшы, осындай біздің Отанымызда өте көп болсын деп тілеймін
Өте керемет мәселе
Өте жақсы
Өте дұрыс айтылған! Осындай білімді, өнегелі тәрбиешілеріміз көп болсын!!!
Ұрпақты тәрбиелеу үшін бірнеше баспалдақтары қолынан ұстап көтерілу оңай емес! Өте керемет.
Керемет жазылған, осындай тәрбиешілер елімңзде көп болсын!!!