Мирманова Майра Есламбековна
Астана қаласы
№ 46 «Самал» санаториялық балабақшасы, инновация әдіскері
Білім мен тәрбие –егіз ұғым.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген әл-Фараби, білім мен тәрбие екеуі егіз ұғым. Балаларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптардың бірі боп саналады. Баланы тәрбиелеу ісі-баршаның ісі. Адамгершілік асыл қасиеттер адамды арман мұратына жеткізсе, ал жаман қылық жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшыратып жатады. Қазақтың ұлттық педагогикасындағы мол қазына деп әдеп, бірлік, сыйластық тәрбиесін айтуға болады. «Әдепті бала» оқу іс-әрекетінде, әдеп тәрбиесі балаларға ізеттілікке, сыпайлыққа инабаттылыққа тәрбиелейді». Балаларды адалдыққа, әділеттікке, ерлікке, әсемдікке, достыққа үйретуіміз керек, жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеуіміз керек. Осының барлығы баланы табиғи ортаны қорғау, өмір сүру қабілетін қалыптастыру, халықтың салт-сана, дәстүр, әдет-ғұрпын білуге үйрету арқылы, болашақта ары таза, рухани байлығы мол, ізетті, инабатты, сегіз қырлы бір сырлы тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Болашақ азаматтарымыз, біріншіден саяси өмірге белсене араласатын, өзіндік ойы, талғамы бар, жауапкершілігі мол болуы керек. Екіншіден, өз халқының мәдени-тарихи байлығын, жалпы адамзаттың мәдени мұрасымен ұштастыра білу керек. Үшіншіден, өздері дұрыс шешім қабылдай алатын, өз құқығын білетін болуы керек. Төртіншіден, өз ойын еркін жеткізе алатын, шығармашылығы дамыған адам болуы керек. Педагог баланың келешегіне, мақсатына жетуіне, қиындықтарын жеңе білуіне әсер ете білуі қажет. Бала тәрбиесіндегі педагогтың рөлі зор. Баланың қабілеті мен қажеттіліктерінің қалыптасуына мүмкінлігі мол, ол әлеуметтік орта және тәрбиемен тығыз байланысты. Сапалы білім саналы тәрбиемен ұштасқанда ғана қоғам өзінің рухани дамуында нәтижеге жетеді. Бала жүйелі білім алып, алған білімін есте сақтап және сол білімді тәжірибеде пайдалана білгені ғана жеке тұлға ретінде қалыптасады. Бала ұлттың болашағы дегім келеді. Педагогпен пен ата-ананың тәрбиелік тұрғыдан мақсатына жетуіне көмектеседі. Сондықтан ата-ана, педагогтар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру тәжірбиесін назарда ұстағанымыз абзал.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып, тәрбиелейік;
Ата-анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі,-деп, ұлы Абайдың сөзімен аяқтағым келеді.
Толағай табыс,талмас қанат тілеймін!Сүйікті Тәрбиеші