Home » Ашық сабақтар » Алтын –күз !

Алтын –күз !

Оналбекова Акбота Мынтаевна
Астана қаласы
№93 Айгөлек балабақшасы
тәрбиеші
«Асыл» ортаңғы тобы

Алтын –күз!

Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Жүргізуші: Армысыздар,халайық,
 Бармысыздар, халайық!
  Күзгі  тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!

Сәлеметсіздерме, құрметті ата — аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға ортаңғы «Асыл» тобының  бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!(Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарына жайғасады.)

Ән: «Күз келді»
Балалар  тақпақтар айтып береді:
Диар:
Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.

Раяна:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Райымбек:
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.


Айзере:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Аңсар:
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.

Аруна:
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.

 Жүргізуші: Бүгін мейрам,бүгін той
Қуанышты күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой деп, — биімен ортаға ұлдарды  шақырамыз.

Би«Жемістер»(ұлдар)
Жарайсыңдар балалар  бір тынығып алдық.Балалар «Алтын күз»мерекесіне  жиналдық.Бірақ бізде кім жетіспейді.Сендер білесіңдерме ол кім?
Балалар : Ол күз ханшайымы.
Жүргізуші: Ендеше  күз ханшайымын шақырайық.
(Сиқырлы әуен ойнайды. Балалар тыңдайды. «Күз ханшайымы» кіріп келеді.)
Күз ханшайымы: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Мен Күз ханшайымымын,
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

— Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Күз бақыт, береке әкелсің!
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдерме, балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе, «Күз ханшайымы»
Күз ханшайымы: Балалар, сендер менің күз мезгілі екенімді қайдан біліп қойдыңдар?
Балалар: Сары жапырақтарыңыздан.
Жүргізуші: — Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы», төрлетіңіз! Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жүргізуші:Ендеше біздің  балалардың дайындаған тақпақтарың тыңдаңыз:
 Балалар  тақпақтар айтып береді:
Рамина:
Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға.
Дәні бітік бидайды,
Құйып жатыр қамбаға.
Айбике:
Әуенге еріп сиқырлы,
Айтылды ән боп сыр қилы.
Күзгі әуен жастардың
Жүрегіне нұр құйды.

Сая:
Сарғайды тоғай,
Сап — сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

М.Арлан:
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

София:
Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

Ойын:  «Жапырақтарды түсіне қарай жинау»
Ойынның шарты: Музыка әуенімен  балалар түрлі түсті жапырақтарды түстеріне қарай жеке-жеке себеттерге салады.Үш түсті(кызыл,сары,жасыл) жапырақтар жапсырылған себеттер.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, ақылды  екенсіңдер.
 Жүргізуші: Балабақша бағында,
Сайраңдаймыз жанында.
Нақ өзіндей бүлдіршін,
Көп достардың жанында,- деп, біздің кішкентай биші қыздарымызды «Қолшатыр»  биімен ортаға шақырамыз, қарсы алыңыздар.
Би: «Қолшатыр»
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Күз ханшайымы біздің балалардың өнерлері әлі біткен жоқ. Балаларымыз тағы да ән айтып береді:
ӘН: «Кап-кап»
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Күз ханшайымы біздің балалардың өнерлері ұнады ма?
Балалар  тақпақтар айтып береді:
Әбілда:
Жеміс — жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.

Инкар:
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Зейнеп:
Сап — сары маңай,
Сап — сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Айлин:
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалардың өнерлері әлі біткен жоқ.
Балалардың орындауында «Себеттер» биі.

БИ: «Себеттер»
Жүргізуші: Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар,ол сонымен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?

 Ойын: «Сиқырлы орамал»
Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.
(Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды.)

 Күз ханшайымы:Ал балалар енді бұрылып қарайық.
Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.
Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Ендеше мені басқа балалар күтіп жатыр. Сау болыңдар балалар!(Күз кетеді)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
Жүргізуші: Осымен «Асыл» тобының «Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз, берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын! Сау болыңыздар!

22 комментария

  1. Гулдана

    Енбегыңіздың жемісін көріңіз
    Тамаша тәрбиеші,

  2. Акбота Мынтаевна, еңбегіңіздің жемісінің көріңіз , канаттарыңыз талмасын , сізге мың алғыс

  3. Біздің сүйікті тәрбиешіміз👍

  4. Бизге сиздей керемет тарбиешини жиберген Аллаға шүкір, енбегиниз еселене берсин💐💐💐💐💐

  5. Перизат

    Ақбота Мыңтаевна керемет!Сіздің ертеңгіліктеріңіздің барлығы жоғары деңгейде өтеді👍

  6. Айгерим

    Еңбегіңіз еслене берсін жұмысыңызға табыс тілейміз

  7. Керемет! Ақбота Мыңтаевна сізге көп рахмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  8. Айгерим Оразалы

    Ақбота Мыңтаевна керемет тәрбиеші жұмысыңызға сәттілік балардың ең сүікті апайы ❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥❤️‍🔥

  9. 👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
    Удачии вам

  10. ұрпақ үшін тер төккен еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  11. Ақбота Мынтаевна өз ісінің нағвз маманы. Ең керемет тәрбиешінің бірі мен көрген. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз әрқашанда❤️

  12. Құралай

    Тәрбиелеп шыққан ұл, қыздарыңыз ҚАЗАҚСТАН мемлекетінің үлгі тұтар азаматтары болсын. Еңбегіңіз бағалансын.

  13. Ақбота Мынтаевна өз ісінің маманы, білікті керемет 👍👍👍👍тәрбиеші. Сізге көп рахмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. 🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹

  14. Акбота Мынтаевна енбегиниз еселене берсин. Биздин суйкти тарбиешимиз.

  15. Керемет тәрбиеші👍🏼 еңбегіңіздің жемісін көріңіз🎊

  16. Бибизат

    Керемет 👍💐

  17. Ертеңгілік өте жоғарғы деңгейде өтті, балалар күшті әсер алды

  18. Эльвира

    Ақбота апай, өте тәжірибелі, мықты маман! Балалар өте жақсы көреді ол кісініё🙏🙏👍👍

  19. Сайрагул

    saikamoldan@mail.ru

  20. Сайрагул

    saikamoldan@mail.ru Ақбота Мынтаевна тәжірибелі, білікті, ұлағатты ұстаз!!! Жұмысыңызға табыс, алар биіктеріңіз көп болсын, біздің сүйікті ұстазымыз. 🔥😍🤩🫶

  21. Утренник был замечательный . Воспитатель грамотная , знает как найти подход к детям .

  22. Өте білімді, білікті маман, баламен қалай жұмыс істеу керегін біледі, меніғ ұлым осы апайға барғанына қуанам😍

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.