Home » Мақалалар » Менің білім саласына қосқан үлесім

Менің білім саласына қосқан үлесім

Кульджанова Ғалия Батқоллақызы
Астана қаласы әкімдігі
№61 «Шолпан» балабақшасының  әдіскері

Менің білім саласына қосқан үлесім

 Мамандық таңдау – өте маңызды қадам. Адам таңдаған мамандығы бойынша өмір бойы қызмет етеді. Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай – ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Адам өзі таңдаған мамандығына құрметпен қарауы тиіс. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Ұстаз мамандығын таңдаған адам халық үшін қызмет  атқарады. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта тәлім – тәрбие беру ұстаздың  басты мақсаты. Замануи талаптарға келер болсақ, жаңаша жұмыс істейтін ұстаз — ол кәсіби қалыптасқан, педагогикалық шеберлігі ұшталған, рухани дүниесі бай, жаңалыққа, шығармашылыққа құмар тұлға.

Менің сүйікті мамандығым – балабақша тәрбиешісі. Міне, балабақшада еңбек етіп келе жатқаныма 40 жыл…

Ақмола өңірінің Ерейментау ауданы, Бестоғай ауылында дүниеге келіп, мектепті туған ауылымда бітірдім. Мектептен кейін Целиноград қаласының педагогикалық училищесінен дәріс алып, ауылдағы балабақшада тәрбиеші болып еңбек жолымды бастадым.  Еңбегім бағаланып, ел құрметіне бөлендім. Ауылдағы «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі қызметіне тағайындалып, қаншама баланы мектепке дайындап шығардық.
Кеңес үкіметі тараған уақытта Астана қаласына  көшіп келіп, Астана қаласы әкімдігінің  №60 «Арай»  балабақшасында  еңбек жолымды  жалғастырдым. Үнемі ізденісте жүріп, білімімді  көтеру мақсатында курстарға қатысуды тоқтатқан емеспін.  Әріптестерімнің  сабақтарына қатысып, тәжірибе алмастым. Осы күнге дейін үйренерім көп екенін білемін…

Тәжірибе жинақтауыма көп үлес қосқан, жол көрсете білген белгілі ұстаз балабақша жанашыры  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмабекова Фатима Ниязбекова.  Ақыл кеңесімен бөлісе білетін ұстазбен танысқаныма қуаныштымын. Ол кісіге айтар алғысым шексіз.

Бүгінде Астана қаласы әкімдігінің  №61 «Шолпан» балабақшасында әдіскер, жоғарғы санаттағы тәрбиешімін. Еңбек жолымда қаншама «Алғыс хат», мадақтамалармен марапатталдым. Әріптестер арасында қадірлі, сыйлайтын ұстазға айналдым.
Астана қаласындағы №92 «Жауқазын»,  №80 «Ботақан», № 93 «Айгөлек» балабақшаларының ашылуына, ұжым болып қалыптасуына өз үлесімді қосқан әдіскермін. Осы жылдар аралығында  қаншама әдіскерлерді дайындап, өз жолдарын бастауына септігімді тигіздім. Шәкірттерімнің өзімнен озғаны ұстаздық еңбегімнің ақталғаны.  Шәкірттерімді мақтан тұтамын.

Жақсы тәрбиеші — бұл балаларды қасына жақын ұстайтын, жақсы көретін адам. Оларға өз білімін беріп, үйретіп, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп,тәрбиелейтін мамандық иесі. Жүсіпбек Аймауытов  былай деп жазды: «Дәрігер – адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші- адам ақылын, мінезін, жанын сауықтырады.»

Орыс халқының жазушысы Л.Н.Толстой былай деп жазды: «Болашаққа жарамды адамды тәрбиелеу үшін, оларды  тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет.Тек сонда ғана тәрбиеленуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады» Қоғам педагогтарға ерекше жауапкершілік жүктейді. Педагог жас ұрпаққа білімді ғана емес, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді. Мен өз мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын және соны педагогтардан  талап етемін.

Еңбек жолымда мені меңгерушілікке ұсынған кезде совхоз директоры Х.С.Хараджиев «Балабақшада жүрегі кристалдай таза адамдар ғана жұмыс істеу керек. Мен саған сенемін» деп еді. Сол сөз мәңгі есімде, менің кәсіби міндетім-мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой ынтасын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, білімге деген қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеп шығару.

Менің жақсы маман болып шығуыма тәлім- тәрбие берген – Целиноград қаласының педагогикалық училище ұстаздары. Оларды әрдайым еске алып, өзімнен кейінгі тәрбиешілерге айтып отырамын. Елімнің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеуге өз үлесімді қосып келе жатқанымды мақтан тұтамын.

29 комментариев

  1. Ғалия Баткулаевна керемет жан. Нағыз өз мамандығының шебері.

  2. Ғаллия Батколевна нағыз маман иесі шакітттерңіз көп болсын ,өз ортамызда сыйлы болып жүре берңіз

  3. Ең мықты әдіскерлердің бірі. Ғалия апай өте адамгершілігі керемет адам, сізден үйренеріміз өте көп.

  4. Жанаргуль

    Ғалия Баткулаевна сіз керемет жансыз. Сізден үйренеріміз өте көп. Шаршамаңыз, ауырмаңыз. Тек алға 😘👍🫶🌹🌹🌹

  5. Ғалия Баткулаевна сізден үйренетініміз көп, тамаша мақала. Еңбегіңіз жана берсін 🌹

  6. Гүлдана - педагог-модератор, музыка жетекші

    Ғалия Баткулаевна өте тәжірибелі, білікті маман, әдіскер, ол кісіден үйренеріміз көп, еғбегіңіз жана берсін

  7. Асемгуль Кайролловна

    Ғалия Батқоллақызы сіз әдіскер ретінде өз ісіңіздің маманысыз. Сізден үйренеріміз өте көп. Сізге денсаулық тілеймін. Еңбегіңіз әрқашан бағаланып, соның тек жемісін көріңіз.

  8. Анар Кабдылмаликовна

    Ғалия Баткулаевна білікті маман,тәжірибелі,өз ісінің шебері
    Тәрбиешілерді үнемі қолдап,үйретуден жалықпайды
    Еңбегініз жана берсің,бағалана берсің

  9. Ләзиз Әлішерұлы

    Сіздің қосқан үлесіңіз елге пайдалы, келер ұрпаққа тарих, өзіңіздің немерелеріңізге мақтаныш болсын!

  10. Ұлбосын Тоқтабайқызы

    Ғалия Баткуллаевна еңбегіңіз қашанда елене берсін. Қажымас қайрат, әл-қуатты болыңыз !

  11. Гулдерай

    Ғалия Баткулаевна өз ісінің тәжірибелі білікті маманы, сізден үйренеріміз өте көп, еңбегініз жана берсін!

  12. Ғалия Баткуллаевна сіз тамаша жансыз!!! Сізден үйренеріміз көп

  13. Тек табыс тілеймін!

  14. Сыйлы болыңыз, елге өнеге болың!

  15. Кенжегул

    Ғалия Баткулаевна өте білікті мықты педагог тапкыр білімді 👍

  16. Айгерим

    Галия Баткулаевна оз маманынын шебери осы кисиден мен коп уйрендим казир озим педагог- модератор 19 жыл енбек отилим бар тарбиеши жумысын аткарамын енбегиниздин жемисин кориниз аман болыныз шыгармашылык табыс тилеймин

  17. Камшат Максутовна

    Керемет ұстаз,сізден үйренеріміз өте көп, сіздей білікті маманмен бірге жұмыс жасағаныма қуаныштымын, тәжірибеңізбен бөліскеніңізге көп көп рахмет.

  18. Галия Баткуллевна бірнеше жыл еңбек өтілі бар, білікті өте тәжірибелі маман. Еңбегіңіз бағалана берсін.

  19. Ғалия апайымыз дара туған ұлағатты ұстаз.Мектепке дейіңгі тәрбие оқытуда өз үлесінізді қосып,тәжирибенізбен бөлісіп жатырсыз.Осындай ұстаздан алған әрбір тәлімгер ұстаздық жолында жақсы нәтиже көрсететіні анық.Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға дегендей сіздей беделді ұлы ұстазға басымды иемін.

  20. Гульден Жайсановна

    Ғалия Баткуллаевна, білім саласына қосқан үлесіңіз өз нәтижесін беріп жатыр деп ойлаймын. Сізді құрмет тұтатын әріптестеріңіз, шәкірттеріңіз өте көп!!! Сізден аларымыз да көп!!! Еңбегіңіз бағалана берсін!

  21. Керемет ұстаз, сізден үйренеріміз көп. Ғалия Баткулаевна білім саласына берген үлесіңіз өз нәтижесін беріп жатқанына сенімдімін. Қанша шәкірт тәрбиелеп, қаншама педагог мамандарға көмегіңізді аяусыз көрсетудесіз. Еңбегіңіз бағалана берсін!

  22. Рәш Ибрагимовна

    Ғалия Баткулаевна өз маманыныздын иесисиз, каншама шәкирт тәрбиелеп, биликти өте тажирибели мамансыз. Еңбегиниз бағалана берсин, Керемет!!!?

  23. Менің сыныптасым сен батырсың,мықтысың еңбегіңнің жемісін көр алда нңбегің білім министрлігінің бағаланып қазақ халқының еңбегі сінген әдіске денег атаққа ілінуіңе тілектеспін

  24. Бақытгүл.

    Құрметті Ғалия.Батқоллақызы.!
    Көп жылғы еңбегің бағаланып құрметке бөленіп жатырсың.Қуаныштымыз,шын жүректен құттықтаймыз.Бүлдіршіндерді тәрбиелеу оңай еңбек емес.Қажымай солармен көптеген жылдар жұмыс жасап келесің.Деніңе саулық,басыңа амандық,жанұяда бақыт тілеймін.

  25. Айгерим

    Білікті маман, тәлімгер. Еңбек жолында қаншама тәрбиешінің ұстазы. Ғалия Буткалаевнадан тәжірибе алган ұстаздын бірімін. Деніңізге саулық тілеймін.

  26. Амангул

    Ғалия Батқоллақызы білікті, тәжірибелі маман иесі.
    Еңбекте жетістіктерге жете беріңіз!

  27. Асылзат Артыкбаевна

    Ғалия Баткуллаевнаның менің еңбек тәжірибеме қосқан үлесі зор. Музыка жетекшісі болсам да, тың идеялар беріп, алға жетеледі. Сізге зор денсаулық тілеймын. Әлі де қаншама шәкіртке мықты ұстаздық етеріңізге сенемін.

  28. Айсулу Советовна

    Ғалия Баткулаевна еңбегініздің жемісін көре берініз

  29. Ғалия Баткулаевна еңбегіңіз бағалана берсін.
    Жемісін көріңіз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.