Home » Балабақша » «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік»

«Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік»

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Көрнекілік:
Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.
Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері

Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Жүргізуші:
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлемдеген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен
Тәрбиеші.
Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» атты ойын — сауығымызға автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.
— Сәлеметсіңдер ме, балаларІ
Мен сендерге жұмбақ жасырайын
«Үш көзі бар қаз — қатар
Кезек – кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түсті нұр шашады».
Тәрбиеші
— БІЗДІҢ БАЛАЛАР көліктер туралы көп мағлұмат біледі.
Велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді.
— Ей, неге жолда иіріліп тұрсыңдар, қағып кетсек қайтсіңдер?
Автоинспектор:
— Әр түрлі көліктерің болғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Балалармен танысу.
Зуылбек.
— Менің атым, Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз – ақ зуылдатам.
Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
— Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшінжасалған белгіме?
— Ия, сен үшін, бұл белгінің аты — «Велосипед жүрмейді»
— Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жержоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендер ше айтқанда, қалай еді? Зеленый свет
/Сақтандырубелгі ұстаған балаға келеді/
— Мұны да белгідейді — ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшінкерек?
— Зуылбек — ау бұл да саған керекбелгі. Айталық сен велосипед пен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдың да теміржол бар деген сөз. Ұқтың ба?
— А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап — гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
/ Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді/
— Ал, мына белгі не үшін керек?
— Қара, бұл адамдар өтеді.
— Велигім тұрғанда мұны қайтем? Автоинспектор басын шайқап.
Балалар, жолда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.
— Мынау қандай белгі?
Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш.
— Ескерту белгісі Нұртай
Қып – қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол»- депсәт – сапар жолдағам
Аман – сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын
*****
Тиым салу белгісі – Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек
Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты Сұлу
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан — жаққа.
**
Нұсқау белгісі – көк түсті төртбұрыш
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын Мерей
Үн – түнсіз жөнайтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Зуылбек:
— Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.
— Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден  өт
2. Жолдан өтердеа лдыменсолға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жолболма сажаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалыс қақарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолдык есіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
— Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші
-Бір көзім «кідір» дейді, Әлихан
— Бір көзім «жүгір» дейді,
— Бір көзім «абайла» дейді,
Карап ал маңайға дейді.
Бағдаршам:
Қызыл көзін  ашқанда, Іңкәр
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, Парасат
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, Сезім
Жүре бергін жасқанба.
Ал қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. Балалармен бірге жолдан өтеді.
Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жолдар жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.
Ендеше біз ойынымызды әнмен аяқтайық.
«Көшеде сақ бол!»
Көшеде біз сақ болайық, Әлинұр
Қайғырмасын ата — ана.
Жолда сен бол лайықты,
Балалар атына.
Жолда жүру ережесін, Сезім
Білгенің бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңдісаусақтап.
Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын. Көше тәртібін қарау үшін қызметіме кеттім. Сау болыңдар, балалар.

Ириспанбетова Айгүл

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Еңбек ауылы,
№ 242 мектеп жанынан ашылған

шағын орталық тәрбиешісі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.