Home » Ашық сабақтар » Тышқанға қонаққа барамыз

Тышқанға қонаққа барамыз

 Мажиренова Махаббат Нурлыбековна
Астана қаласы
№72 «Жанарым» балабақшасы МКҚК

 

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру.

Тақырыбы: Тышқанға қонаққа барамыз.

Мақсаты: Геометриялық пішіндердің аттарын бекіту.Қажетті көлемдегі фигураларды салыстыру және іріктей білуге үйрету.

Білімділік: Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру. Түрлі көлемдегі суреттерді ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Балаларға әр түрлі ойындар ойната отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қарым қатынасқа ынталы болуға тәрбиелеу.Ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауға үйрету.

Көрнекілік құралдар: Геометриялық  фигураларды,  көлемі әр түрлі кілемшелер, доп, тышқан ойыншығы. Джерридің бөлмесі.

Үлестірмелі материалдар: Түрлі түсті доптар мен кубиктер,үш түрлі пішіндер.

Оқу қызметінің барысы: Балалар шеңберге тұрады. Қонақтармен амандасады.

Қуан, шаттан, Алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы тан, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.

-Балалар сендер мультфилмдер көресіндер ме? (аттарын атады)

-Том мен джерридің мультфилмін көресіндерме?

-Ия

-Ал сендерге Дерии ұнайма?

-Ол қандай(балалардың жауабы)

-Джерриді кім ұстай алмай қыуып жүреді? (Том)

Бүгін біз сендермен Джерридің үйіне қонаққа барамыз.

Джерридің үйінің есігінде үш түрлі құлпы бар екен.

Осы үйдің есігін ашып кіруге болады. Оны қалай ашамыз?

Әр құлыпын өз кілті болады,солай ма балалар?

1.Бірінші құлыптың кілті домалақ екен. Түсі сары.

2.Екінші құлыптың кілті төртбұрыш. Қызыл түсті.

  1. Үшінші құлыптың кілті ұштұрыш түсі көк.

Әр кілтпен әр құлыпты ашып, Джерридің үйіне кіреді.

-Балалар біз қайда келдік?

Джерридің үйіне келдік.

-Джерридің үйі сендерге ұнады ма?

-Жоқ

-Неге

-Джерии үйде ойнап ойнап кубиктерді доптарды шашып тастапты.

-Олай болса біз оған көмектесейік. Допты қызыл қорапқа салайық, кубиктерді көк қорапқа салайық.

Ойын: Доп пен кубик жинау.

Балалар біз не істедік?

-Джерридің үйін жинадық.

-Ал сендер үйде ойыншықтарды шашасындар ма?

-Жоқ

-Шашсандар қайтадан жинап қоясындарма?

-Ия

-Дұрыс шашқан заттарды қайтадан орнына қойып үйренеміз.

Сергіту  сәті

Ормандағы аюдың .

Құлпынайы көп екен

Тепіп -теріп аламыз

Қалтамызға саламыз .(3 рет қайталау)

Домалап доп келеді:  «Доппен сұрақ-жауып»

Балалар , доп қандай әдемі. Енді бәріміз шеңберге тұрып ойын ойнайық. Мен сендрге сұрақ қоямын, сұраққа жауап беріп допты маған лақтырамыз.

  1. Піл үлкен бе, тышқан үлкен бе?
  2. Стол үлкен бе, орындық үлкен бе?
  3. Әтеш үлкен бе , торғай үлкен бе?
  4. Аспанда жұлдыз нешеу?

5.Кірпінін арқасында неше инесі бар?

6.Түйе үлкенбе  ит үлкен бе?

  1. Сенде неше мұрын бар?
  2. Аспанда неше күн бар?

9.Мысықта неше құйрық бар?

  1. Сенде неше көз бар?

11.Сенде неше қол бар?

  1. Аспан төменде ма жоғарда ма?

-Жарайсындар балалар  өздерің көп нәрсені біледі екенсіндер ,солай ма ?

-Иә

Ойын: «Түрлі көлемдегі суреттер»

Ойынды түсіндіру. Үлкен қөлемдегі суреттерді сары столға қойамыз. Орташа көлемдегі суреттерді көк столға қоямыз.

Ойын түсініктіме? Олай болса кірісейік. Балалар суреттерді орналастырады. Мақтау, мадақтау.

Ойын:» Көңілді «

-Балалар, сендер балабақшаға келгенде қуанасындар ма?

-Ал сендер аналарың келсе не істейсіндер? (Қуанамыз)

-Мен сендерге кәмпит берсем ше (Қуанамыз)

-Біреу сендерді ренжитсе ше?

-Жақсы өздерің бәрін біледі екенсіндер

Қорытынды: Балалар  кілемшенің көлемі қандай? (екі түрлі) ұзын мына жаққа қысқасын мына жаққа жаямыз.

Джерри келіп  қандай жақсы балаларсындар менін уйімді жинап, кілемшелерді төсеп қойыпсындар сендерге көп көп рахмет.

Менін де сендерге акелген сыйлығым бар . Мен оны сендердің апайлапына берем таратып береді.

-Рахмет тышқан енді бізде тобымызға барайық . Сау болыныз.

Топқа келіп шеңберге тұрамыз. Сыйлықтарды сұрақ қойып тарату

Балалар Джерридің үйіннің есігінде неше құлып бар екен. (үшеу) түстері қандай? Пішіні ше?

-Джерридің үйі ұнадыма? Жоқ

Ол нелермен ойнап шашып тастапты?

Ал суреттердің көлемі қандай? (үлкен, орташа, кіші)

Жарайындар балалар сендерге Джерри уйіне келгенде қатты қуанып калды.

Джерри сендерге балалар қандай жақсы, рахмет айтты. Сыйлықтарын таратып беремін.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.