Home » Мақалалар » Алып — анадан туады

Алып — анадан туады

Алып — анадан туады

Ана алақанының аясы-
Ақ шынардың саясы.
«Ана»  деген сөзді естігенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ.
«Ана» сөзінің астарында теңіздей терең ой жатыр.
Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық жан.
Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда, бойына ананың ақ сүтімен нәр алады. Бала — анасының құшағына еніп, ана
мейіріміне бөленеді.
Аналар мерекесі сезілген кезден бастап, білім беру мекемелерінде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Осыған орай, Астана қаласының білім басқармасына қарасты  №11 «Гаухар» шағын орталығында «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, «Еркетай» тобының жетекшісі: Нұржанова  Нұргүл Қосыматқызының ұйымдастыруымен «Мерекеңізбен анашым» — атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара Нұргүл Қосыматқызының «Ана» туралы толғанысқа толы өлең жолдарымен басталды. Одан соң,  топтың ұлдары аналарға,  қыздарға арнап дайындаған мерекелік шашумен ортаға шықты.
Бала — шынайы бейне, риясыз күлкінің иесі. Әр баланың іс қимылы, өзін — өзі ұстауы көрермен болып отырған аналарды тәнті етті.
Топтың қыздары мың бұралып би билесе, ұлдары қыздарға арналған музыкалық қойылым қойды.
Бұл қойылым барысы —  аналардың отбасында жасайтын  күнделікті  тыныс-тіршілігінен сыр шертеді.
«Еркетай» тобының қыздары да аяулы аналарына «Үш ана » атты қойылымын тарту етті. Бұл қойылым арқылы — Шоманова Ясина,   Үрістембек Айжан, Сембек Гүлім ананың жүрегі — баласы үшін әр кез алаң екенін ұғындыра алды.
Қойылымның мәні өте жоғары екені сезілді.
Осы орайда мерекелік іс-шараны әсем әнмен әрлеп, бояуын қандырып отырған  музыка жетекшісі: Нағашыбай Аманжолұлының еңбегін ерекше атап өткенді жөн көрдім.
Ана — баласы үшін
Бала болса да соны ұғынып, аналар қауымына  сезіндіре білген топтың ұлдарына алғыс айтылды. Іс — шара соңында топтың ұлдары қыздарға сыйлықтарын тарқатты.
Мектепке дейінгі даярлық тобына бірізділік пен жинақылықты бойларына сіңіріп,  білім мен қоса тәрбиені жүйелі  беріп жүрген Нұргүл Қосыматқызына аналар қауымы алғысын білдірді.

Республикалық ақпараттық ғылыми-танымдық БІЛІМ АЙНАСЫ газеті мен
«bilimainasy.kz» сайтының журналисті:
Зинара Ерланқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.