Home » Ашық сабақтар » «Мақтақыз бен мысық» 

«Мақтақыз бен мысық» 

Шығыс Қазақстан облысы
білім басқармасы Өскемен қаласы
бойынша білім бөлімінің «27орта   мектебі»КММ

Пән: Сыныптан тыс шара
Сынып:  0 «А»
Сынып жетекші: Саухатова Айгерим
Мектепалды даярлық тобы

Күні:

    Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: «М» дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

 

Білімділік: «М м» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту. Ойын арқылы тілін, сөздік қорлары М м дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге  үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойын арқылы тілін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін, тапқырлық, іздемпаздық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз ойын жеткізе білетін азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын,түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, ертегілер елінде.

 

Мотивациялық – қозғаушылық
Сәлемдесу.
Нейрожаттығу сәлемдесу(қимылмен көрсетеді  )

Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз

Нейрожаттығу қолмен жасау.
2. Өткенді қайталау.
Ой қозғау.

Бір жылда неше мезгіл бар?

«Қыс» мезгілінің ерекшеліктерін ата?
— Дыбыс дегеніміз не?
— Әріп дегеніміз не?
— Дыбыстар нешеге бөлінеді?
— Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

Нейрожаттығу жасату музыкамен
Тақтадағы суреттермен жұмыс
3. Жаңа сабақ.

Жұмбақ шешу.

Кім онда кіреді,
Сол ақылды болады.  (мектеп)
Өзі жап — жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйде
Түкті тонын шұп-шұбар  (мысық)

Тақтадағы суретпен жұмыс.
— Балалар, суретте нелер бейнеленген?
— Машина, моншақ, марал, марковь, маса,мысық
— Сонда балалар бүгін біз қандай дыбысты өтеді екенбіз??
— Балалар.

-Дұрыс, бүгінгі біз Мм әрпімен танысамыз.Ауада жазып көрсету.

Алдарыңда бірнеше таяқша, таяқшадан М әрпін құраймыз.
Нейрожаттығу жасату музыкамен

а) Тақтада «Бауырсақ» ертегісінің суреті. Ертегі қалай басталатынын және де бұл ертегіде қандай кейіпкерлер барын атау. Балаларды шатастырып ертегі кейіпкелерінің арасына, мысықты да іліп қоямын. Балалардан бұл жерде қайсы кейіпкер артық екенін сұрау.

— Мысық

— Дұрыс айтасыңдар, бұл ертегіде «мысық» болмаған.

Қанеки,айтыңдаршы балалар «мысық» қайда өмір сүреді, «мысық» кандай жануар.

— Мысық сөзінің бірінші дыбысы-М м.

Балалармен қайталау. Мысық сөзін буындату,дыбыстық талдау жасату. М дыбысының айтылуына тоқталу. Мм дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап қысылып айтылады.Олай болса, Мм дауыссыз дыбыс.

Бүгінгі біздің «Бауырсақ» ертегіміздің ерекшелігі бауырсаққа әр кездескен аңдар «мен сені жеймін» деген сөздің орнына, ерекше әдемі бір өз тапсырмасын береді екен.Бірақ тапсырма бауырсаққа қиын болмас үшін, біз оған көмектессек қайтеді балалар?

1.Қоянның тапсырмасы. «Табан әдісі» ойыны.

Балалар: АНА  АТА  АРА  НАН АҒА  Табанда жазылған сөздерді оқиды
2. Қасқырдың тапсырмасы.

«Шыбын ұру» әдісі Берілген әріптерді оқиды

Балалар: Берілген  А, Н, Т, Р, Ғ, Қ, О дыбыстарды оқиды.

  1. Аюдың тапсырмасы. «Жұмыртқа жинау»

Балалар:жұмыртқадағы сөздерді оқу

Сергіту сәті: «Қолшатыр» әдісі

  1. Түлкінің тапсырмасы.

Балалар:Барлық бала алдында сөздерге дыбыстық талдау жасайды

АНА
 

Міне, балалар біз барлығымыз бірігіп бауырсақты атасы мен апасына аман-есен табыстадық «ата мен апа» бізге риза болып алғыстарын білдіруде.

Балалар «бірігіп істеген істе, алынбайтын қамал жоқ»- деген.

М дыбысынан басталатын сөздер айту.
Қорытынды.
— Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
— М дыбысы қандай дыбыс?
— М дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Кері байланыс.
Қандай әріппен ,дыбыспен таныстық
— Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау.
Бағалау.

«Бағдаршам» қалыптастырушы бағалау

Сыныпта 24 бала, 15 ул, 9 кыз

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Мм дыбысы мен  әрпі

Білімділік: «М м» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту. Ойын арқылы тілін, сөздік қорлары М м дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге  үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойын арқылы тілін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін, тапқырлық, іздемпаздық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз ойын жеткізе білетін азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын,түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, ертегілер елінде.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.