Home » Мақалалар » ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫН КІРІКТІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫН КІРІКТІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ

Мухашова Роза Токеновна,
Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
мектепалды даярлык тобының тәрбиешісі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, жан-жақты дамытуға, адамгершілік нормаларды қалыптастыруға бағытталған, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің негізі болып табылады. Мектепалды даярлық тобы балаларын оқыту мен тәрбиелеуде заттық-кеңістіктік дамытушы орта болуы керек және оның міндеттерінің бірі балалардың ойын, танымдық, зерттеу, шығармашылық белсенділігін қамтамасыз ету болып табылады [1]. Танымдылық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектеп даярлық кезіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Белсенділікті педагогикалық, психологиялық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлықтағы балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепалды даярлықтың педагогикалық үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруда тиімді болып табылады. Педагогикалық-психологиялық зерттеулер мектепалды даярлық балаларының белсенділігін қалыптастырудың тиімді құралы дамытушы орта екендігін дәлелдеп отыр. Тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған.

Танымдық белсенділік дегеніміз – баланың оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық әрекеттің негізінде балаларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында тәрбиеленушінің бойында танымдық белсенділік пайда болса, олардың ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады [2]. Танымдық белсенділікті бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым, оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.

Таным белсенділіктерін дамыту әр түрлі білім саласында өтпелі тақырыптарды оқытумен тығыз байланысты. Себебі, балада белгілі тақырып теңірегінде терең білім, терең таным қалыптасады, есте сақтауына мүмкіндік туады. Үлгілік бағдарламаның мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі. Білім беру салаларының өзара байланысуы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың міндеттерін біріктіру әдісімен іске асырылады. Педагог өтпелі тақырыптарды таңдағанда аймақтық ерекшеліктерді, балалардың жастарын, мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытын немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбын ескере отырып, шығармашылық құзыреттілік танытуы тиіс. Білім беру сапаларының мазмұнын кіріктіруді балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз ететін өтпелі тақырыптар негізінде құрастырылған перспективалық жоспар қарастырады [3]. Сондықтан өтпелі тақырыптарда оқыту үшін перспективалық жоспарды әр тақырыптар бойынша жасадым және сабақ тақырыбымен қатар қолданатын интербелсенді әдістерді де қамтуды ойластырдым.

Жаңартылған оқытудағы оқу мақсаттары оқушылардың шынайы проблемаларды анықтап, зерттей білуін талап етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттерінің бірі балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу болғандықтан балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін интербелсенді әдістерді алдым. Сондай-ақ сабақтардағы өтпелі тақырыптар негізінде сабақ мақсаттарын жұзеге асыру үшін мұғалім әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білуі қажет. Менің ұсынып отырған әдістемелік ұсыныстардың мақсаты тәрбиешілердің білім мазмұнын жаңарту шеңберінде өтпелі тақырыптар арқылы кіріктіруді іске асыра отырып, тиімді оқыту жолдарын ұсыну. Міндеттері білім саласы бойынша өтпелі тақырыптарды оқытуда қолданылатын интербелсенді әдістердің үйлесімділігін көрсету, балалардың танымдық белсенділігін дамытудың маңыздылығын дәлелдеу, ұсынып отырған әдіс-тәсіл, ойындар арқылы тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігінің даму мониторингісін жүргізу болып табылады. Алғаш мектепалды даярлық тобына келген балалардың да да көргені, түйгені, естігені болады. Олай болса, өтпелі тақырыптар бойынша кез-келген сабақта қойылған мақсатқа жету үшін баланың тірек білімін пайдалану арқылы жүзеге асырылып, кеңейе түседі. Неміс педагогі Адольф Дистерверг: «Жаман педагог ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы баланың өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»-деген. Интербелсенді әдіс – тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер (inter — аралық, бірнеше, action — әрекет дегенді білдіреді) [4]. Өзара әрекеттестік әдетте, белгілі бір мәселені шешу, ол шешімнің тиімділігі. Біз оқытуды және білім беруді, егер сабақ барысында педагог пен бала арасында өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізсе, «интербелсенді» деп атаймыз. Интербелсенді сөзі — ағылшын тілінен аударғанда әңгімелесу, талқылау дегенді білдіреді. Ең бастысы, мұнда мәселені шешу үдерісі жауапқа қарағанда маңызды екендігін түсіну қажет. Бұл интербелсенді әдістің мақсаты — тек ақпаратты беру ғана емес, балаларға жауапты өз бетінше табу дағдысын меңгерту екендігімен байланысты. Интербелсенді негізде оқу мақсаты — білу емес, үйрену. Күтілетін нәтиже:

  • баланың өзіне деген сенімі болады;
  • сөйлеуге, қарым-қатынасқа үйренеді;
  • үйренуге деген ынтасы артады;
  • сыни ойлаға дағдыланады;
  • өз пікірін айтуға үйренеді;

Интербелсенді оқыту – әрекет пен әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным педагогикада үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде кене қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту тәрбиеленушілердің оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ретінде танылады. Интербелсенді оқытуда балалар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

  • бірлескен жүмыс;
  • танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік түрғыдан белсенділік таныту;

Интербелсенді әдістеменің жүмыс түрлері мен әрекеттері:

  • жұптық, топтық, ұжымдық бірлескен жұмыстар;
  • рөлдік, іскерлік ойындар;
  • ақпарат көздерімен жұмыс жасау (кітап, интернет т.б.)

Интербелсенді әдістер өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістер қандай болса да, балалардың өздерінің өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі саналады. Балалар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында бала көңілді отырып білім алады. Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда топты екі немесе үш, төрт топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады. «Менің айналамда кімдер бар?» тарауында білім салалары бойынша интербелсенді әдістерді қолданып, кіріктіруді жүзеге асырдым. Сауат ашу негіздері сабағында «Шаңырақ» әдісі қолданылды. Онда топтарға шаңырақтың суреті берілді және оның не екені сүралды, содан кейін балалар шаңырақтың суретін ақ параққа жапсырып, бояйды, оның отбасымен байланысын айтады. Осы сабақта одан әрі «Керегесін құрайық» ойыны жалғасты. Топта қанша бала болса, сонша кереге суреті беріледі. Топтағы әр бала өз отбасы туралы топтағы басқа балаларға әңгімелеп береді және керегені шаңырақтың соңынан ақ параққа жапсырады. Ал қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабағында «Киіз жабу» ойынын ұйымдастырамын. Балаларға топқа киіз бөліктері оюларымен беріледі. Олар киізде салынған оюларды санап артық, кем, сонша екенін айтады да алдыңғы сабақта қолданған киіз суретінің үстіне жапсырады. Сурет салу сабағында тақтаға әр топтың құрастырған киіз үйін және оның маңайына үй жануарларының суретін ілемін. Тәрбиеленушілер үй жануарларын атайды және өздерінің сүйікті үй жануарын атап сол бойынша топқа бөлінеді және әркім өзінің сүйікті үй жануарының суретін салады және оның несімен ұнайтынын айтады. Дене шынықтыру сабағында «Әке», «Ана», «Аға», «Іні», «Қарындас», «Ата», «Апа», «Әже» суреттері таратылады. Балалар үлкен отбасы болып жаттығу жасайды. Өз суреттері бойынша бірігіп, командалық допты домалату ойындарын ойнайды. Ал сөйлеуді дамыту сабағында отбасы мүшелерінің аттарын және оның ретін еске сақтау үшін «Әжемнің ұршығы» әдісі арқылы оларды берілген жіптің бойына ретімен жапсырады және айтады. Бүдан басқа осы тарауда «Дөңгелек үстел» әдісі қолданылды. Тағамдардың суретінде берілген тапсырманы орындап дастархан үстіне жапсырады. Берілген уақытта қай топтың дастарханы толып тұратынын анықтаймыз. Қате орындалған тапсырма болса, ол тағам дастарханнан алынып тасталады. Басқа сабақтарда төмендегі әдістерді қолданамын.

«Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған балалар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың еске сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.

«Өзіңді тексер» әдісі. Бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба? Әр баланың қолында белгі картасы болады. Оның жасыл жағы шындықты, қызыл жағы жалғанды білдіреді. Тәрбиеші өткен материал бойынша айтады. Мысалы: Апа – менің әкемнің қарындасы. Олар қолдарындағы белгіні көтереді. Осылайша олардың материалды меңгеру деңгейі анықталады.

«Он сұрақ!» әдісі. Тәрбиеші бір баланы таңдап алады және оның маңдайына сурет жапсырады. Ол бала басқа балаларға 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не иә, не жоқ деп беріледі. Сол арқылы маңдайындағы суреттің не екенін табады. Ол суреттер өтпелі тақырыпқа байланысты болады.

«Детектив» әдісі. Балаларды топтарға бөлемін. Қима қағазға жапсырылған немесе салынған бірнеше суреттер беремін. Олар 15 минут ішінде осы суреттердің байланысын табады да, өз шешімдерін айтады.

«Коллаж әңгіме» әдісі. Әр балаға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін ақ параққа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

«Менің сезім» әдісі бір бала тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін айтады. Айтып болған соң басқа бір баланың атын атайды. Одан ол оқушы не білгенін айтады.

«Суретті әңгімеле» әдісі. Суреттің бір бөлігі ғана беріледі. Олар басқа белігін өзі аяқтап салып оның не екенін табады. Артынан толық сурет көрсетіледі. Жоғарыдағы сияқты көптеген интербелсенді әдістерді білім салалары бойынша сабақтарымда кіріктіріп қолданамын. 2017-2018 оқу жылында республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында түрлі кезеңдерде баланың даму динамикасын анықтауға, педагогтың болашаққа алдағы амалдарын белгілеуге, баланың жеке дамуы үшін қажетті жұмыста жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай мониторинг енгізіледі. Мониторинг жүргізу үшін индикаторлар жартыжылдық бойынша білім беру салаларынан күтілетін нәтижелер болып табылады. Мониторинг жүргізудің басты тәсілі баланың күнделікті өмірінде жүргізілетін бақылау тәсілі болып табылады [5]. Сондықтан тәрбиеленушілердің қаншалықты таным белсенділіктерінің дамығанын, олардың білім, біліктіліктерін байқау мақсатында диагностика жүргіздім. Диагностиканы қыркүйекте толық барлық білім саласы бойынша жүргізсем, желтоқсан айында «Таным» саласы бойынша мониторингісін жасадым.

Кесте 1 — Балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін бақылау диагностикасының нәтижелерінің мониторингісі. «Таным» білім саласы.

Алғашқы диагностика нәтижесінде балалардың көпшілігінің деңгейі орташа болды. Жоғары деңгейлі 3 бала және төмен деңгей көрсеткен 1 бала болды. Желтоқсан айында алынған мәлімет бойынша төмен деңгей көрсеткен бала болмады. Жоғары деңгейлі бала саны 21%-ға артып отыр. Сондықтан интербелсенді әдістерді қолдану, білім салалары бойынша кіріктіру арқылы өтпелі тақырыптарды оқыту өз нәтижесін беретіні сөзсіз.

ӘДЕБИЕТ

  1. Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасына әдістемелік үсынымдар, Астана-2016
  2. Психолого-педагогические стратегии развития познавательной активности ученика. (Интернет, Магистерская работа, 2004)
  3. Калыбекова С.Б. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдер, /http://зsabaq.kz/9799/
  4. Терминологический словарь современного столичного педагога: Москва, 2005. — 18с.
  5. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2017-2018 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нүсқау хат — Астана, 2017. 17 бет.
  6. Субъект-субъектные отношения в детском коллективе. (Н.Л. Шальнева, Интернет)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.