Home » Мақалалар » Дәрумендер әлемі

Дәрумендер әлемі

Абдукаримова    Назима  Талиповна
Түркістан   облысы   Сайрам  ауданы
»Шапағат»  бөбекжайы
»Қуаныш»  Ересек  тобы
тәрбиеші

 

Мен     Абдукаримова    Назима  Талиповна   Түркістан  облысы  Сайрам  ауданы Шапағат бөбекжайында 9 – жылдан бері  Тәрбиеші болып  қызмет  жасаймын. Өз тобыммен бірге зерттеу жұмысын жүргізу  мақсатында  бақшамызда  Қызанақ, Тәтті бұрыш,  Асқабақ ектім   мақсатым  балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой — өрісін тілін дамыту, сөздік қорын молайту.  Баланың шығармашылық қабілетін  арттыру. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, түстері мен пішіндерін  ажыратуға  тазалыққа баулу. Ең бастысы балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Қызанақ егу барысында балалармен әңгімелестік, балалар су қуйды көптеген дүниелермен танысты және дәрумендердің адам ағзасына өте пайдалы екенін білді.  Балалармен жұмыс жасау өте керемет дүние әр қайссы бір бөлек сұрақтар қойып қызығып тұрады.   Зерттеу барысындағы егістікте бірге еңбек еткен балаларымның есімдерін жазып өтуді жөн көрдім. Абдуллах, Амина, Мухаммад, Аяна, Райхана, Захра, Самир, Фатима, Айша, Иброхим, Расулхан, Гулхая, Бибімайра, Ансар, Дилроба, Шадиана, Раяна, Мадина. Мустафа. Зияда. Белолбек. Намуна. Абас. Фазана. Эзоза.

Қызанақ, Тәтті бұрыш,  Асқабақ пісіп жетілген соң оларды арнайы құмыраларға салып қыс мезгіліне салат жасадым балалар өте көп дүниелерді үйренді. Болашақта ауыл шаруашылығына өз үлестерін қосатын азамат азаматшалар болатынына сенеміз. Өз жұмысымды сүйемін балалармен жұмыс жасау менің үлкен бақытым балаларға бір дүние үйретсем ол менің бір жетістігім балаларға дәрумендердің пайдасын, олардың қалай өсіп жетілүін үйретіп және дәрумендердің адам ағзасына өте пайдалы екенін үйреттім. Балалар біздің бақытымыз болашағымыз.

One comment

  1. Саттилик. Алга. Балаларга билим, тарбие беруден шаршаманыз. Алла тагалам колдасын. Шыгармашылык табыс тилеймин👏👏👏

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.