Home » Мақалалар » Тіл ұстарту тапсырмалары арқылы оқушылардың әдебиетке құштарлығын дамыту

Тіл ұстарту тапсырмалары арқылы оқушылардың әдебиетке құштарлығын дамыту

Айтенова Зура Разаховна
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
Қ.И.Сатпаев атындағы мектеп-лицейі
бастауыш сынып мұғалімі


      Қазіргі білім берудің басты мақсаты-шығармашыл тұлға қалыптастыру. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі ақпараттық технологияның даму кезеңінде өте қажет. Шығармашыл дегеніміз-оқушының белсенділігі мен дербес әрекетінің ең жоғары түрі. Бұл мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Қазіргі таңда мектеп алдындағы ең басты міндет- оқу- тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер — адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып, оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуына жағдай жасау. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Оқушы осы пәннің талабын орындау мақсатында түрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды, ізденеді. Ұстаз жас жеткіншектің жан – жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетті келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқушыларға өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.

Оқушының шығармашылық қабілетін ашудың мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.

Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады.

  1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
  2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).
  3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.

Оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады.

Сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетідей жадайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ барысында мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды.

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.  Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме, факультатив сабақтарын, таңдау курстарын, пәндік кештерді, КВН, конференция, дәстүрлі емес сабақтар түрлері, дебат ұйымдастыру шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздіктерінен ғылыми-бұқаралық әдебиеттер оқуға және әдістемелік журналдармен жұмыстар жасауға жаттығады, зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.

Қазіргі таңда мектеп алдындағы ең басты міндет — оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуына жағдай жасау.

Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай етіп тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Оқушы осы пәннің талабын орындау мақсатында түрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды, ізденеді.

Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні– оқушыға өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту — білім саласының өзекті мәселесі.

«Оқыту үрдісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол — ғылым, шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог В. А. Сухомлинский. Осы қасиеттер мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыра алады.

Біздің мақсатымыз — мұғалімді тыңдап қана отыратын, сұрасаң ойын емес, бойын көрсететін оқушы емес, керісінше, өз пікірін ашық айтып, тыңдаушысын нандыра алатын, ана тілінің асыл маржандарын өз шығармашылығында қолдана алатын жеке тұлға, азамат даярлау.

Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орыны ерекше. Әдеби шығарманы оқып — үйренуде оқушы өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой — тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс.

Жаттығулар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал тапсырмалар сипатына қарай ізденімдік, проблемалық және шығармашылық болып бөлінеді.

Проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құру, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және т.б. әрекеттер қамтылады.

Жазба жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.

Олар:

1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;

3.Шығармашылық іс- іс-әрекетке жағдай туғызу

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылу — мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды.

Психологтардың айтуынша, қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Оқушы шығармашылығын дамытуда СТО бағдарламасының пайдасы өте зор. Оны тиімді пайдалана білген адам үлкен жетістікке қол жеткізеді.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.