Азатбек Арайбек,
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі
«Атқарып жатқан іс-әрекеттерімнің қайсысы өзім үшін ең маңызды болып табылады?» деген сұрақ аясында біраз ойландым. Ойлана келе, тәжірибемдегі мақсаттарды айқындау, әрекеттерімді жобалау, оларды жүргізу және тиімділікті бағалау, басқалардың тәжірибесіне сүйену арқылы өз тәжірибемнің тиімділігін одан әрі жақсарту керек екенін түсіндім. Кәсіби даму бағытым ретінде «Креативті тапсырмалар арқылы оқушылардың математикалық модельдеу қабілетін дамыту» бағытында іс-әркеттерді зерттеу жұмысымды жасадым.
Оқушылармен есеп шығару барысында математикалық модельдеу тапсырмаларын орындауда қиналатындарын байқаған болатынмын. Әртүрлі тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың математикалық модельдеу қабілеттерін дамытуға, есеп шығарудың тиімді әдісін табуға, оны таңдау себебін дәлелдеу дағдыларын жақсартуға болатынын ойладым. Сондықтан Сакиши Тойода ұсынған «5 неліктен» тәсілімен оқыту, оқушылардың математикалық модельдеу дағдысын жақсартатын тәсіл деп шештім.
Сабақты жоспарлау кезінде төмендегідей жоспар құрдым.
Біріншісі – оқушылардың қабілетін дамыту ерекшеліктерін ескеру.
Екіншісі – бағалау критерийлерін нақты ұсыну.
Үшіншісі – бағалау критерийлеріне сәйкес креативті тапсырмалар әзірлеу.
Төртіншісі — тапсырмаларды орындау, талқылау және бағалау тәсілдерін нақтылау.
Бесіншісі –зерттеу мақсатынан күтілетін нәтижені болжау
Алтыншысы –математикалық модельдеу дағдыларын жақсартатын тәсілді нақтылау.
Сабақты осылайша жоспарлағаннан кейін сабақ барысында оқушылардың оқу белсенділігі, жаңадан нені үйренгені, оған ненің әсер еткенін нақты байқадым. Сонымен қатар, бақылаулар және оқушымен сұхбаттасу нәтижесінде алынған сандық және сапалық деректерге сүйеніп, оқытуымның мықты және әлсіз тұстарын анықтадым. Креативті тапсырмалар мен «6 құралды» көмекші құрал ретінде пайдаланғанда, оқушынының белсенділігін жоғалтпай, математикалық ойлау қабылетін жақсартуға болатынын көрдім. Бақылау барысында, дамуға байланысты құрылған тапсырмалар оқушыларды белсенді болуға ықпал еткенін анықтадым. Дарынды балалардың Макэлпайн мен Рид көрсеткен креативті ойлау сипаттамасы ескеріліп, ерекше идеяларды табатын есептерді ұсынуымның дұрыс шешім екендігіне көз жеткіздім. Оқушылардың оқу белсенділігеіне қарай сұрақтарды біртіндеп ұсыну, қажеттілігіне қарай кеңес беру оқушыларға жігер беретінін байқадым.
Сабақты зерттеуде оқушылардың математикалық модельдеу арқылы есеп шығаруға жетелейтін, төмендегідей кеңістіктік түсінікті және бейнелеу біліктілігін дамытатын «6 сұрақтың» тиімді болғанын көрдім.
Мәтінді түсініп оқуға қандай әрекет көмектеседі?
Мәтін мен оған берілген суреттердің байланысын анықтау не береді?
Қолданбалы есеп шығару қандай ойлауды қажет етеді?
Есепті шығару үшін нақты нені білу қажет?
Қандай ресурстарға сүйенер едің?
Дәлел ұсыну үшін қандай әрекет жасар едің?
Осындай сұрақтар өмірдегі құбылыстарды математикалық модельдеу арқылы оқушылардың қорытынды жасауына ықпал ететінін көрсетті.
Оқушылардың математикалық модельдеу дағдыларын бақылауым металл бөлшектің макетін жасауды қолданса болады екен деген ой туындатты.
Сабақты зерттеуімнің негізінде өзімнің және әріптестерімнің тәжірибесін жақсартуға бірнеше әрекеттерді ұсынғым келеді:
Ең басты назарда оқуды дамытуды көздейтін бағалау критерийлерін құрастыруды ұстау керек екен. Оқушы қабілетін жақсартуға критерийлерге сәйкес әзірленген тапсырмалар орынды болады.
Дарынды оқушының дағдысын жақсарту мақсатында, оқыту тәсілдерін жетілдіріп отыру.
Оқушылардың өздеріне креативті тапсырмаларды әзірлеуді ұсыну. Оқушыны шығармашылыққа жетелейтін ең жақсы әдіс.
Мұғалімнің оқушыға беретін тапсырманы өзі алдын ала орындап көруі қажет. Оқушының қандай жолмен жүретінін мұғалім жақсы түсінетін болады.
Сапалық дерек жинауды жақсарту үшін, Фландер ұсынған «өзара әрекеттестікті анықтау кестесін» тәжірибеде қолдануды ұсынамын.
Кімге қандай қолдау көрсету керек, кімнің идеялар генераторы екенін білуге, оқушылардың сөздерін жазуға арналған парақты тәжірибеге енгізу жақсы көмектеседі.
Қорытындылай келе, іс-әрекеттерімді зерттеуді тәжірибемде тағы да қолданып, бірлескен жұмыс арқылы үйрете жүріп, үйренемін деген шешімге келдім.
Қолданылған әдебиеттер:
Бизяева А.А. ПСИХОЛОГИЯ ДУМАЮЩЕГО УЧИТЕЛЯ: ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ РЕФЛЕКСИЯ — Псков: ПГПИ им.С.М.Кирова, 2004. — 216 стр.
Flanders N. Analyzing Teacher Behaviour. — Amsterdam, 1970. — 34 p.