Home » Ашық сабақтар » « Адамның шығу тегі»

« Адамның шығу тегі»

Айят Цэрма
Ақмола облысы білім басқармасының
Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің
№3 жалпы орта білім беретін мектебінің
биология пәнінің мұғалімі

Түсіндірме хат

« Адамның шығу тегі»  атты бағдарлама аптасына 1 сағаттан, барлығы 36 сағат құрастырылды.

Мұнда адамның шығу тегі бойынша ғарыштық, су, діни, аномальді гипотезалар қарастырылады. Өркениеттің даму кезіндегі адамдардың жан дүниесі (періштелер мен елестер) жайлы, олардың лемурийлер, атланттар, шамбала мен агарттар, соңғы нәсіл арийлермен байланысы бар екендігі туралы айтылады. Сондай-ақ эволюциядағы адамның шығу тегі Ч.Дарвин бойынша түсіндіре отырып, адамның тірі табиғаттағы орынын беру.

Эволюциялық сатыны айқын ажыратып көрсету: ең ежелгі адам, ежелгі адам, алғашқы саналы адам жайлы туралы оқушылардың теориялық білімдерін практикалық білімдерімен ұштастыру. Дарвинизмге және нәсілдерге сын көзбен қарау, нақты деректермен қатар оқушылардың ойларымен санасу.

Кез-келген елдерде өздерінің шыққан тегі туралы аңыздар бар.Сондай-ақ бірнеше аңыздарға тоқталып, оқушылардың шығармашылығын дамыта отырып, тәрбиелеу. Мысалы Қытай аңызы «Ең алғашқы адам-Паньгу», Қырғыз елінің аңызы «Бұғы – Ана», Түркі тілдес елдердің арғы тегі «Көкбөрі», «Адам ата — Хау ана»

Әрбір аңыздарды өткеннен кейін шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін үй тапсырмасына сахналық көріністер, мүсіндер жасауға, суреттер салуға, өлең жазуға тапсырмалар беріледі.

Келесі бөлімде «…Қазақстан егемен, тәуелсіз мемлекет болды. Көптеген адамдар қазір мұны тиісті нәрсе ретінде қабылдауға әзір, Бірақ Қазақстандықтар мұның қаншалықты сирек әрі қиындықпен келгенін ұмытпауға тиіс»- деген елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауындағы үзіндіге көңіл бөліп, қазақ даласындағы алғашқы адамдардың пайда болуымен, оның алғы шарттарына арналған.

Соңғы бөлімде нанотехнологияның дамуы негізінде адамзаттың эволюцичсына әкелетін өзгерістерді Ж.Б.Ламарктың еңбегіне сүйене отырып, талдауға негізделген.

Бағдарламаның қазіргі мектепте оқытылып жатқан бағдарламадан айырмашылығы — оның жан-жақтылығында, оқушылардың қызығушылығын оятып, жеңіл түсінуге мүмкіншілік берілуінде. Қазіргі аса дамыған заманда интернетті, түрлі құрылғыларды қолдануда (ондағы әртүрлі бағдарламалар:) жұмыс жасауға үйретеді және де рухани байлықты бірге алып жүреді. Яғни, әртүрлі көз-қарастар мен аңыздарды, нақты ғылыми материалдарды оқулықтан оқып біледі.

Бағдарламаға қосымша сабақтың қысқа мерзімді үлгісі, таратпа материалдар мен презентация ұсынылады.

Бағдарламаның мақсаты:

  1. Адамның шығу тегін, эволюциядағы алатын орынын, оның сатыларын, антропогенездің қозғаушы күштерін, нәсілдердің пайда болуын, қазақ даласындағы алғашқы адамдардан қазіргі адамдарға дейінгі аралықты әртүрлі гипотезалар, аңыздар және ғылыми деректер арқылы оқушыларға жеткізу
  2. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы баланың  функционалдық сауаттылығын дамыту

Оқытудың түрлері:

  • Ойын арқылы оқыту
  • Деңгейлеп оқыту
  • Жобалап оқыту
  • Жағдаяттар арқылы оқыту

          Қолданылатын әдістер:

  • Сөзбен (әңгіме, лекция, семинар)
  • Көрнекілікпен (схема, суреттер)
  • Практикалық (тәжірибе, жазба жұмыс)
  • Продуктивті ( мұғалім үлгісін береді, сол үлгімен жұмыс жасайды)

Пәнаралық байланыстар:

  • Әдебиет (эссе жазу, ғылыми мақалалар оқу)
  • Тарих (адамдардың даму тарихы мен уақыттары)
  • География (мекен ортасы, таралу аймақтары)
  • Бейнелеу (қиялдағы кейіпкерлерді бейнелеу)
  • Еңбек (мүсіндеу, макет жасау)
  • Информатика (презентациялар жасау)

Қолданылатын көрнекіліктер:

  • Бейнематериалдар, слайдтар,
  • Карталар, кестелер, таратпа мәтіндер
  • Муляждар
  • Бағалау құралдары

Мазмұндық бөлімі

        «Адамның шығу тегі»  атты бағдарлама 5 бөлімнен тұрады.

1-бөлім. Гипотезалар қарастырылады онда әртүрлі көз – қарастар жан-жақты талқыланады. Кішігірім зерттеу жұмыстарының элементтері қолданылады. Яғни әдебиеттерге шолу жасалынады. 3 сағаты сарамандық жұмыс.

2-бөлім. Аңыздардан тұрады. Яғни әрбір халық өздерінің шығу тегін әртүрлі оқиғалармен байланыстырады. Сондай-ақ халық аузынан таралған жастайынан құлақтарына сіңген, кинофильмдерде көрсетілген т№б аңыздардан тұрады. Бұл бөлімнің ерекшелігі – еркін ой алмасады (оқушылар бір-бірімен және мұғаліммен), туындаған қиялдарының әсерінен шығармашылық қабілеттері дамиды. 1 сағаты сарамандық жұмыс.

3-бөлім.  Адам эволюциясы бөлімінде нақты ғылыми жаңалықтарға жүгінеміз. Адамдардың шығу тегінің жануарлар екендігін дәлелдейтін эволюциялық дәлелдер, антропогенездің қозғаушы күштеріне адам эволюциясының сатыларына және Ч.Дарвиннің еңбектерімен Дарвинизмге сын көзбен қарау сияқты тақырыптардан тұрады. 2 сағаты сарамандық жұмыс.

4-бөлім. « Қазақ даласындағы алғашқы адамдар» деп аталады. Қасиетті қазақ даласы Еуразия континентінің ортасында орналасып, көршілес елдерге ежелгі замандардан бері игі ықпалын тигізіп келеді. Қазақ даласын алғашқы адамдар 2 млн жылдам астам уақыт бұрын мекендей бастаған.

Сондықтан бұл бөлімдерде адамзаттың пайда болуы мен табиғи шарттары, қоныстары, табиғаттағы геологиялықтектоникалық өзгерістердің әсерінен болған жағдайлар қарастырылады. 2 сағат сарамандық зерттеу жұмысынан тұрады

5-бөлім. «Жаңа заман адамдары». Технологияның қарыштап дамыған уақытында адамның денсаулығы мен қасиетіне,  дене сымбаты мен келбетінде болатын өзгерістерді болжау. Нанотехнологияның пайдасы мен зияны болашақта адам эволюциясына әсерін қарастырады.  Ж.Б.Ламарк еңбегіне негізделе отырып, ақпарат көздерінде жарияланған материалдарға талдау жүргізеді.

Тақырыптың атауыСағат саныӨткізу әдісіБілімділік өнімі
БЛС
        І. Гипотезалар
1«Адамның шығу тегі», кіріспе.11 Жеке ізденісТалдау жасау
2Адамның шығу тегі бойынша аймақтық көз-қарас1 1Жеке ізденісСызбалар
3Діни көз-қарастар11 Талдауреферат
4Аномальды көз-қарастар11 әңгімелеуконмпект
5Ғарыштық көз-қарас11 талдауБолжамдар жазу
6Адам шығу тегі бойынша акватикалық теория (Су гипотезасы)11 ТалдауБолжамдар жазу
7-8Бұрынғы өркениеттегі адамдардың  жан дүниесі211әңгімелеуБейнелеу

мүісіндеу

9Лемурийлер11 әңгімелеуБейнелеу

мүісіндеу

10Атланттар11 әңгімелеуталдау
11Өркениеттері қазіргі адамдар. Арийлер11 Әңгімелесу-сұхбаттасуМүсін жасау
12 Шамбала мен агарттар11 Әңгімелеубейнелеу
13Индиго балалары11 АраласӨз еркімен
              ІІ. Аңыздар
14Қытайдағы алғашқы адам- Паньгу11 ӘңгімелеуШығармашылық жұмыстар
15Бұғы Ана11 Әңгімелеу, талдаумүсіндеу
16Көкбөрі11 Әңгімелеу, талдаумүсіндеу
17-18Адам Ата- Хау ана211Әңгімелеу

Рөлдік ойын

Сахналық шағын қойылым әзірлеу
         ІІІ. Адам эволюциясы
19Адамның жануарлардан шыққандығы туралы эволюциялық дәлелдемелері211талдаукесте
20«Ч.Дарвин, адамның шығу тегі»11 Дөңгелек столәңгімелеу
21Адам эволюциясының сатысы11 Әңгімелеукесте
22Ежелгі және алғашқы адамдар11 талдауТірек-сызба
23Антропогенездің қозғаушы күштері11 талдауТірек-сызба
24Адам нәсілдері11 араласКартаға түсіру
25-26Дарвинизм мен нәсілдерге сын көбен қарау211Пікір-таласДебат

Қорғау жұмыстары

         ІҮ. Қазақ даласындағы алғашқы адам
27Адамзат пайда болуының алғы шарттары11 баяндауТарихи талдау
28Табиғаттағы геологиялық, тектоникалық өзгерістер11 талдауреферат
29-30Қазақ даласы мен Еуразия арасындағы табиғи байланыстар211зерттеуТарихи талдау
31-32Алғашқы адам қоныстары211зерттеуТарихи талдау
33Адамдардың таралуы мен нәсілдердің қалыптасуы11 зерттеуТарихи талдау
                Ү. Жаңа заман адамы
34-35Болашаққа бағдар: Жаңа заман адамының сын-келбеті-адами құндылықтары211пікірталасмүсіндеу
36-37«Кеше, бүгін, ертең»211Есеп беру, бағалау, зерттеу жұмыстарыҚорғау жұмыстары
38Қорытынды1 1Жиын, жинақтау, бағалаукөрме

 

ІҮ. Ақпараттық –әдістемелік бөлім

         Оқушыларды бағалау кезінде гуманистік парадигма көбірек қолданылады. Себебі элективті курс болғандықтан, оқушылардың курсқа деген қызығушылығын арттыру керек. Сондай-ақ кейбір оқушылардың жасырын қалып қойған дарынын шығару.

Жұмыс кезінде тек оқушыны ғана тексерумен тоқталмай, мұғалім де олармен бірге ізденеді. Онда оқушының қателесу құқығы тәуекелшілдікпен тығыз байланысты болғандықтан «дұрыс» және дұрыс емес» деген жауап жоқ. Себебі оқушы тәуекелшіл болғанда өзін еркін сезінеді. Өрескел қателіктерге жол берілген жағдайда, ескерту беріліп, келесі оқушы.а толықтыруға мүмкіндік беріледі.

Оқушылар бір-бірімен салыстырылмайды. Олардың бойында түрлі қасиеттері мен бейімділігі әртүрлі. Шамасы келгенше, қабілеттері жеткенше орындайды. Бірақ тапсырма барлық оқушыға ортақ беріледі.

Курс бағдарламасы бойынша оқушыларды бағалау төмендегі талаптар арқылы бағаланады:

  • Шығармашылық әрекет
  • Проблеманы көре білу
  • Болжай білу
  • Жаңашылдықты ендіру
  • Өз жұмысының бағдарламасын жасау
  • Рефлексиялай алу
  • Шығармашылық ойды іске асыру үшін идеяларды тудыра алуы

Кез-келген талаптардың орындалуы барысында оқушы шеберлігі бағаланады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы.-

Алматы: Санат, 2001 97б

  1. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге арналған элективтік курс бағдарламалар жинағы. 2-бөлім. Көкшетау-2009 66б
  2. Жеребцова Е.Л. Биология в схамах и таблицах: Пособие для школьников и абитуриентов. – СПб. Тригон 2005,-130б
  3. Интернет материалдары
  4. Қасымбаева Т, Аманжолова Л Тіршіліктану –

Алматы: Рауан 1997  114б

  1. Левишинова С «Наука и религия» журнал//2006 №6,9,11 45б
  2. Левишинова С «Дети Индиго» журнал//2007 №1 56б
  3. Сборник программ и методических рекомендаций по составлению программ элективных курсов 10-11кл. Волгоград: ИТД «Корифей»,2005
  4. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар- Алматы: Жазушы. 1985 201б
  5. Мулдашев Э « От кого мы произошли» М:АиФ-Принт, 1999 48-50б

35 комментариев

  1. сәттілік! жарайсыз

  2. Нургуль

    Саттилик!!!😘😘😘

  3. Гульдана

    Сәттілік тілеймін.

  4. Жанерке

    Керемет жазылған ашық сабақ екен! Жұмысыңызға сәттілік!

  5. Сапфира

    interesting_2015@mail.ru

  6. Керемет!!!

  7. Нұрзада

    Aiyat82@ mail.ru
    Сәттілік

  8. Сәттілік тілеймін 😘тек алға, керемет

  9. Сәттілік тілеймін

  10. тамаша. керемет

  11. Жақсы істелген жұмыс

  12. Керемет жазылыпты

  13. Манарбек

    Тамаша керемет

  14. Гульгуль

    Керемет! Сәттілік тілеймін!

  15. Жұмысыңызға сәттілік

  16. Айгерим

    Жарайсыз, тек алға

  17. Жетписова Аяулы

    Жарайсыз сәттілік жұмысынызға шығармашылық табыс тілеймин

  18. Гульмира

    Сәттілік тілеймін!👍

  19. Уатхан Еркегул

    Ұстаздарға әдістемелік көмек ретінде ұсынып отырған еңбегіңіз жемісті болсын! Шығармашылық табыс тілеймін! Сәттілік!

  20. Бегзадақызы Лиза

    Сәттілік тілеймін.

  21. Серикболат

    Саттилик серигиниз болсын!!!

  22. Нуржанар

    Керемет👏👏

  23. Керемет жұмыс!!! Сәттілік

    kumarbekaigerim

  24. Жумакелды

    Сәттілік! керемет жоба!

  25. Арайлым

    Сәттілік тілеймін 👍👍👍

  26. Керемет! Тамаша! Өте пайдалы ақпарат.

  27. Гульшаша

    Керемет!!! Бастаған ісіңізге тек сәттілік!!

  28. Аманжол Аяттынұлы

    Іске сат.

  29. Сәттілік серік болсын!

  30. Аймерей

    Керемет жақсы жазылған екен 👍👍сәттілік тілеймін

  31. Айгерим

    Керемет сәттілік тілеймін 👍👍👍👍

  32. Керемет сәттілік ✊

  33. Жақсы істелген жұмыс, сәттілік тілеймін

  34. Жақсы екен👍

  35. Бақытгул

    👍👍👍👍керемет жарайсыз

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.