Айят Цэрма
Ақмола облысы білім басқармасының
Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің
№3 жалпы орта білім беретін мектебінің
биология пәнінің мұғалімі
Түсіндірме хат
« Адамның шығу тегі» атты бағдарлама аптасына 1 сағаттан, барлығы 36 сағат құрастырылды.
Мұнда адамның шығу тегі бойынша ғарыштық, су, діни, аномальді гипотезалар қарастырылады. Өркениеттің даму кезіндегі адамдардың жан дүниесі (періштелер мен елестер) жайлы, олардың лемурийлер, атланттар, шамбала мен агарттар, соңғы нәсіл арийлермен байланысы бар екендігі туралы айтылады. Сондай-ақ эволюциядағы адамның шығу тегі Ч.Дарвин бойынша түсіндіре отырып, адамның тірі табиғаттағы орынын беру.
Эволюциялық сатыны айқын ажыратып көрсету: ең ежелгі адам, ежелгі адам, алғашқы саналы адам жайлы туралы оқушылардың теориялық білімдерін практикалық білімдерімен ұштастыру. Дарвинизмге және нәсілдерге сын көзбен қарау, нақты деректермен қатар оқушылардың ойларымен санасу.
Кез-келген елдерде өздерінің шыққан тегі туралы аңыздар бар.Сондай-ақ бірнеше аңыздарға тоқталып, оқушылардың шығармашылығын дамыта отырып, тәрбиелеу. Мысалы Қытай аңызы «Ең алғашқы адам-Паньгу», Қырғыз елінің аңызы «Бұғы – Ана», Түркі тілдес елдердің арғы тегі «Көкбөрі», «Адам ата — Хау ана»
Әрбір аңыздарды өткеннен кейін шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін үй тапсырмасына сахналық көріністер, мүсіндер жасауға, суреттер салуға, өлең жазуға тапсырмалар беріледі.
Келесі бөлімде «…Қазақстан егемен, тәуелсіз мемлекет болды. Көптеген адамдар қазір мұны тиісті нәрсе ретінде қабылдауға әзір, Бірақ Қазақстандықтар мұның қаншалықты сирек әрі қиындықпен келгенін ұмытпауға тиіс»- деген елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауындағы үзіндіге көңіл бөліп, қазақ даласындағы алғашқы адамдардың пайда болуымен, оның алғы шарттарына арналған.
Соңғы бөлімде нанотехнологияның дамуы негізінде адамзаттың эволюцичсына әкелетін өзгерістерді Ж.Б.Ламарктың еңбегіне сүйене отырып, талдауға негізделген.
Бағдарламаның қазіргі мектепте оқытылып жатқан бағдарламадан айырмашылығы — оның жан-жақтылығында, оқушылардың қызығушылығын оятып, жеңіл түсінуге мүмкіншілік берілуінде. Қазіргі аса дамыған заманда интернетті, түрлі құрылғыларды қолдануда (ондағы әртүрлі бағдарламалар:) жұмыс жасауға үйретеді және де рухани байлықты бірге алып жүреді. Яғни, әртүрлі көз-қарастар мен аңыздарды, нақты ғылыми материалдарды оқулықтан оқып біледі.
Бағдарламаға қосымша сабақтың қысқа мерзімді үлгісі, таратпа материалдар мен презентация ұсынылады.
Бағдарламаның мақсаты:
- Адамның шығу тегін, эволюциядағы алатын орынын, оның сатыларын, антропогенездің қозғаушы күштерін, нәсілдердің пайда болуын, қазақ даласындағы алғашқы адамдардан қазіргі адамдарға дейінгі аралықты әртүрлі гипотезалар, аңыздар және ғылыми деректер арқылы оқушыларға жеткізу
- Жаңа технологияларды пайдалана отырып, сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы баланың функционалдық сауаттылығын дамыту
Оқытудың түрлері:
- Ойын арқылы оқыту
- Деңгейлеп оқыту
- Жобалап оқыту
- Жағдаяттар арқылы оқыту
Қолданылатын әдістер:
- Сөзбен (әңгіме, лекция, семинар)
- Көрнекілікпен (схема, суреттер)
- Практикалық (тәжірибе, жазба жұмыс)
- Продуктивті ( мұғалім үлгісін береді, сол үлгімен жұмыс жасайды)
Пәнаралық байланыстар:
- Әдебиет (эссе жазу, ғылыми мақалалар оқу)
- Тарих (адамдардың даму тарихы мен уақыттары)
- География (мекен ортасы, таралу аймақтары)
- Бейнелеу (қиялдағы кейіпкерлерді бейнелеу)
- Еңбек (мүсіндеу, макет жасау)
- Информатика (презентациялар жасау)
Қолданылатын көрнекіліктер:
- Бейнематериалдар, слайдтар,
- Карталар, кестелер, таратпа мәтіндер
- Муляждар
- Бағалау құралдары
Мазмұндық бөлімі
«Адамның шығу тегі» атты бағдарлама 5 бөлімнен тұрады.
1-бөлім. Гипотезалар қарастырылады онда әртүрлі көз – қарастар жан-жақты талқыланады. Кішігірім зерттеу жұмыстарының элементтері қолданылады. Яғни әдебиеттерге шолу жасалынады. 3 сағаты сарамандық жұмыс.
2-бөлім. Аңыздардан тұрады. Яғни әрбір халық өздерінің шығу тегін әртүрлі оқиғалармен байланыстырады. Сондай-ақ халық аузынан таралған жастайынан құлақтарына сіңген, кинофильмдерде көрсетілген т№б аңыздардан тұрады. Бұл бөлімнің ерекшелігі – еркін ой алмасады (оқушылар бір-бірімен және мұғаліммен), туындаған қиялдарының әсерінен шығармашылық қабілеттері дамиды. 1 сағаты сарамандық жұмыс.
3-бөлім. Адам эволюциясы бөлімінде нақты ғылыми жаңалықтарға жүгінеміз. Адамдардың шығу тегінің жануарлар екендігін дәлелдейтін эволюциялық дәлелдер, антропогенездің қозғаушы күштеріне адам эволюциясының сатыларына және Ч.Дарвиннің еңбектерімен Дарвинизмге сын көзбен қарау сияқты тақырыптардан тұрады. 2 сағаты сарамандық жұмыс.
4-бөлім. « Қазақ даласындағы алғашқы адамдар» деп аталады. Қасиетті қазақ даласы Еуразия континентінің ортасында орналасып, көршілес елдерге ежелгі замандардан бері игі ықпалын тигізіп келеді. Қазақ даласын алғашқы адамдар 2 млн жылдам астам уақыт бұрын мекендей бастаған.
Сондықтан бұл бөлімдерде адамзаттың пайда болуы мен табиғи шарттары, қоныстары, табиғаттағы геологиялық—тектоникалық өзгерістердің әсерінен болған жағдайлар қарастырылады. 2 сағат сарамандық зерттеу жұмысынан тұрады
5-бөлім. «Жаңа заман адамдары». Технологияның қарыштап дамыған уақытында адамның денсаулығы мен қасиетіне, дене сымбаты мен келбетінде болатын өзгерістерді болжау. Нанотехнологияның пайдасы мен зияны болашақта адам эволюциясына әсерін қарастырады. Ж.Б.Ламарк еңбегіне негізделе отырып, ақпарат көздерінде жарияланған материалдарға талдау жүргізеді.
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны | Өткізу әдісі | Білімділік өнімі | ||
Б | Л | С | ||||
І. Гипотезалар | ||||||
1 | «Адамның шығу тегі», кіріспе. | 1 | 1 | Жеке ізденіс | Талдау жасау | |
2 | Адамның шығу тегі бойынша аймақтық көз-қарас | 1 | 1 | Жеке ізденіс | Сызбалар | |
3 | Діни көз-қарастар | 1 | 1 | Талдау | реферат | |
4 | Аномальды көз-қарастар | 1 | 1 | әңгімелеу | конмпект | |
5 | Ғарыштық көз-қарас | 1 | 1 | талдау | Болжамдар жазу | |
6 | Адам шығу тегі бойынша акватикалық теория (Су гипотезасы) | 1 | 1 | Талдау | Болжамдар жазу | |
7-8 | Бұрынғы өркениеттегі адамдардың жан дүниесі | 2 | 1 | 1 | әңгімелеу | Бейнелеу мүісіндеу |
9 | Лемурийлер | 1 | 1 | әңгімелеу | Бейнелеу мүісіндеу | |
10 | Атланттар | 1 | 1 | әңгімелеу | талдау | |
11 | Өркениеттері қазіргі адамдар. Арийлер | 1 | 1 | Әңгімелесу-сұхбаттасу | Мүсін жасау | |
12 | Шамбала мен агарттар | 1 | 1 | Әңгімелеу | бейнелеу | |
13 | Индиго балалары | 1 | 1 | Аралас | Өз еркімен | |
ІІ. Аңыздар | ||||||
14 | Қытайдағы алғашқы адам- Паньгу | 1 | 1 | Әңгімелеу | Шығармашылық жұмыстар | |
15 | Бұғы Ана | 1 | 1 | Әңгімелеу, талдау | мүсіндеу | |
16 | Көкбөрі | 1 | 1 | Әңгімелеу, талдау | мүсіндеу | |
17-18 | Адам Ата- Хау ана | 2 | 1 | 1 | Әңгімелеу Рөлдік ойын | Сахналық шағын қойылым әзірлеу |
ІІІ. Адам эволюциясы | ||||||
19 | Адамның жануарлардан шыққандығы туралы эволюциялық дәлелдемелері | 2 | 1 | 1 | талдау | кесте |
20 | «Ч.Дарвин, адамның шығу тегі» | 1 | 1 | Дөңгелек стол | әңгімелеу | |
21 | Адам эволюциясының сатысы | 1 | 1 | Әңгімелеу | кесте | |
22 | Ежелгі және алғашқы адамдар | 1 | 1 | талдау | Тірек-сызба | |
23 | Антропогенездің қозғаушы күштері | 1 | 1 | талдау | Тірек-сызба | |
24 | Адам нәсілдері | 1 | 1 | аралас | Картаға түсіру | |
25-26 | Дарвинизм мен нәсілдерге сын көбен қарау | 2 | 1 | 1 | Пікір-талас | Дебат Қорғау жұмыстары |
ІҮ. Қазақ даласындағы алғашқы адам | ||||||
27 | Адамзат пайда болуының алғы шарттары | 1 | 1 | баяндау | Тарихи талдау | |
28 | Табиғаттағы геологиялық, тектоникалық өзгерістер | 1 | 1 | талдау | реферат | |
29-30 | Қазақ даласы мен Еуразия арасындағы табиғи байланыстар | 2 | 1 | 1 | зерттеу | Тарихи талдау |
31-32 | Алғашқы адам қоныстары | 2 | 1 | 1 | зерттеу | Тарихи талдау |
33 | Адамдардың таралуы мен нәсілдердің қалыптасуы | 1 | 1 | зерттеу | Тарихи талдау | |
Ү. Жаңа заман адамы | ||||||
34-35 | Болашаққа бағдар: Жаңа заман адамының сын-келбеті-адами құндылықтары | 2 | 1 | 1 | пікірталас | мүсіндеу |
36-37 | «Кеше, бүгін, ертең» | 2 | 1 | 1 | Есеп беру, бағалау, зерттеу жұмыстары | Қорғау жұмыстары |
38 | Қорытынды | 1 | 1 | Жиын, жинақтау, бағалау | көрме |
ІҮ. Ақпараттық –әдістемелік бөлім
Оқушыларды бағалау кезінде гуманистік парадигма көбірек қолданылады. Себебі элективті курс болғандықтан, оқушылардың курсқа деген қызығушылығын арттыру керек. Сондай-ақ кейбір оқушылардың жасырын қалып қойған дарынын шығару.
Жұмыс кезінде тек оқушыны ғана тексерумен тоқталмай, мұғалім де олармен бірге ізденеді. Онда оқушының қателесу құқығы тәуекелшілдікпен тығыз байланысты болғандықтан «дұрыс» және дұрыс емес» деген жауап жоқ. Себебі оқушы тәуекелшіл болғанда өзін еркін сезінеді. Өрескел қателіктерге жол берілген жағдайда, ескерту беріліп, келесі оқушы.а толықтыруға мүмкіндік беріледі.
Оқушылар бір-бірімен салыстырылмайды. Олардың бойында түрлі қасиеттері мен бейімділігі әртүрлі. Шамасы келгенше, қабілеттері жеткенше орындайды. Бірақ тапсырма барлық оқушыға ортақ беріледі.
Курс бағдарламасы бойынша оқушыларды бағалау төмендегі талаптар арқылы бағаланады:
- Шығармашылық әрекет
- Проблеманы көре білу
- Болжай білу
- Жаңашылдықты ендіру
- Өз жұмысының бағдарламасын жасау
- Рефлексиялай алу
- Шығармашылық ойды іске асыру үшін идеяларды тудыра алуы
Кез-келген талаптардың орындалуы барысында оқушы шеберлігі бағаланады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы.-
Алматы: Санат, 2001 97б
- Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге арналған элективтік курс бағдарламалар жинағы. 2-бөлім. Көкшетау-2009 66б
- Жеребцова Е.Л. Биология в схамах и таблицах: Пособие для школьников и абитуриентов. – СПб. Тригон 2005,-130б
- Интернет материалдары
- Қасымбаева Т, Аманжолова Л Тіршіліктану –
Алматы: Рауан 1997 114б
- Левишинова С «Наука и религия» журнал//2006 №6,9,11 45б
- Левишинова С «Дети Индиго» журнал//2007 №1 56б
- Сборник программ и методических рекомендаций по составлению программ элективных курсов 10-11кл. Волгоград: ИТД «Корифей»,2005
- Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар- Алматы: Жазушы. 1985 201б
- Мулдашев Э « От кого мы произошли» М:АиФ-Принт, 1999 48-50б
сәттілік! жарайсыз
Саттилик!!!😘😘😘
Сәттілік тілеймін.
Керемет жазылған ашық сабақ екен! Жұмысыңызға сәттілік!
interesting_2015@mail.ru
Керемет!!!
Сәттілік тілеймін 😘тек алға, керемет
Сәттілік тілеймін
тамаша. керемет
Жақсы істелген жұмыс
Керемет жазылыпты
Тамаша керемет
Керемет! Сәттілік тілеймін!
Жұмысыңызға сәттілік
Жарайсыз, тек алға
Жарайсыз сәттілік жұмысынызға шығармашылық табыс тілеймин
Сәттілік тілеймін!👍
Ұстаздарға әдістемелік көмек ретінде ұсынып отырған еңбегіңіз жемісті болсын! Шығармашылық табыс тілеймін! Сәттілік!
Сәттілік тілеймін.
Саттилик серигиниз болсын!!!
Керемет👏👏
kumarbekaigerim
Сәттілік! керемет жоба!
Сәттілік тілеймін 👍👍👍
Керемет! Тамаша! Өте пайдалы ақпарат.
Керемет!!! Бастаған ісіңізге тек сәттілік!!
Іске сат.
Сәттілік серік болсын!
Керемет жақсы жазылған екен 👍👍сәттілік тілеймін
Керемет сәттілік тілеймін 👍👍👍👍
Керемет сәттілік ✊
Жақсы істелген жұмыс, сәттілік тілеймін
Жақсы екен👍
👍👍👍👍керемет жарайсыз