Home » Ашық сабақтар » «Қош келдің, Жаңа жыл!»

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Айдарова Бибигуль Шоптибаевна
Астана қаласы
МКҚК №71 «Мөлдір» балабақшасы
Балбала ересек тобы
Тәрбиеші 

21.12.22ж

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңізді,

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

(музыка қосылады Аққала шыр айналып кіреді)

Аққала: Жаңа жыл  келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймын сіздерді!!

Аққала: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп-әдемі киініп алыппыз. Бірақ….шыршамыз  көңілсіз, қане менің таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

(Шырша шамы жанады. «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне керемет, Аққалаға әнімізді шырқайық.

Ән: «Аққала»

Балалар рахмет көп-көп, көңілім бір көтеріліп қалды. Мына жер маған жылы, мен еріп барамын, сендермен қоштасамын сау болыңдар. (Аққала шығып кетеді)

Жүргізуші: Айтыңдаршы Жаға жылға бізге қонаққа кім келуші еді? (балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендншн бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау-у-у-у 3рет

Аю: Мен қысқы ұйқыда болатынмын қатты айқай-шу, тасыр-тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл»- дейді.

Жүргізуші: Мәссаған балалар бұл кім?

Балалар: Аю

Жүргізуші: Біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес.

Балалар: Иә

Ой, балалар Аяз ата, Ақшақар келгенше Аюмен ойын ойнайық.

Ойын: «Шыршаны безендір»

Шарты: Түрлі-түсті домалақтарды дәлдеп лақтыру. (балалар екі командаға бөлінеді)

Би: «Кішкентай құртақандар»

Жүргізуші: Қоңырау үні сыңғырла

Аяз ата, Ақшақар

Біз сендерді сағындық

Тез келіңдер ортаға

(әуенмен Аяз ата, Ақшақар келді)

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда алыс жолдан келдіңіздер. Әсем ән мен би тамашалаңыздар.

Ән: «Шырша жыры»

Би: «Шығыршықпен»

Ойын: «Байпақ»

Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол  аяғынікі киеді де әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет. (алдымен ата-аналар, содан соң балалар)

Би: «Ханшайымдар»

Жүргізуші: -Аяз ата Ақшақар біздің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір

(балаларға сыйлық үлестіріледі)

Аяз-ата: Жарайсыңдар балаларым! Мен бүгін бір қуанып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңда ақылды, білімді өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді)

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекеміз аяқталды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата-аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Соңы: Көңілді флешмоб.

25 комментариев

  1. Тамаша! Тек алга! Саттилик тилеймин!🌺💐

  2. Карлыгаш

    Керемет өтті! Керемет тәрбиеші Бибигүл Шоптибаевна

  3. Гульбану

    Бибигуль Шоптибаевна керемет тәрбиеші. Ертеңгіліктері өте жоғарғы деңгейде өтеді. Біз Бибигуль Шоптибаевнаның тобына түскенімізге қуаныштымыз. Балам апайын жақсы көреді. Сәттілік тілейміз.

  4. Шығпрмашылық табыстпр тілеймін!

  5. Өте тамаша. Бибігүл Шөптібаевна, сізге алғысымызды білдіреміз!

  6. Өте керемет! Шығармашылық табыс тілеймін! 😘😘😘

  7. Акмарал

    Бибигуль Шөптібаевна тәжірибесі жоғары тәрбиеші, ертеңгіліктері қызықты өтеди! Салмақты, адамгершили мол тәрбиеші, Сәттілік тилеймин, Апайымыз ға!

  8. Индира- Алиманың анасы

    Бибігүл Шөптібаевна, сізге көп рақмет! Жаңа жылдық шыршамыз жоғары деңгейде өтті. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық табыстар тілеймін.

  9. Керемет қойылым! Бибигуль Шоптибаевнаға мың алғыс! Балалармен күшті жұмыс істейді💐

  10. Айя - Эмир

    Керемет!! 🎉 Бибігүл Шөптібаевна, еңбегіңіздің жемісін көріңіз, балалар мен ата-аналар Ризамыз🎉🌸🌸

  11. Жаңагүл

    Бибігүл Шоптибаевна, нағыз мықты тәрбиеші! Адал еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Балапандар тәрбиелі үлкен жігіт болып өсіп, жетістіктерімен қуанта берсін!

  12. Менің қызымның тәрбиешісі Бибігүл Шөптібайқызы — балаларға мейіріммен, махаббатпен тәрбие беріп келе жатыр. Алғысымыз шексіз! Биіктерден көрініңіз!

  13. Бибигул Шоптибай кызы өте жаксы тарбиеши. Кызым уйде озинен кейинги синлисине апайынын айткан создерин кайталап акыл айтып отырады. Мысалы: тамак жегенде сойлемеймиз, нан уагын шашпайыз , киымызди онга каратып жинаймыз деп)) рақмет сизге осындай балаларга берип жаткан тарбиениз ушин

  14. Айғаным

    Мен ұлым тәрбиешісі Бибігүл Шөтібайқызы —
    Балаларымызға өте жақсы тәрбие берып кележатыр менен ұлым апайын жақсы көреді
    Апайымыз балалардан өз еңбегінде аямайды .
    Алғысым шексіз! Апай еңбегыныздын жұмысын көрыныз .Аллаһым нұры жаусын рахмет.

  15. Биликти маман Бибигул Шоптибайкызы. Балаларга бар мейиримин берип карап журген оте керемет тарбиеши. Алгыс билдиремиз.

  16. Нуржана

    Керемет, бiлiктi маман, балалар отте жаксы кореди! Менин. Улым Орыша сойлейтин еди, Бибигул апайга келип казакша оте керемет сойлейтин болды! Апай отте керемет Жан!

  17. Назерке

    Нағыз өз ісінің маманы! Керемет ұстаз!
    Aidarovacos@mail.ru

  18. Кенжегуль Жезқазған

    Бибігүл Шөптібайқызы керемет, сізге творчестволық табыс, сәттілік тілеймін! Тек қана Алға! 👏✊😘

  19. Шығпрмашылық табыстпр тілеймін!

  20. Өте білімді,керемет тәрбиеші👏👏👏

  21. Askhat_26_77@mail.ru

  22. Бибіғаным

    Өте керемет тамаша😍😍😍😍

  23. Жарайсыз! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

  24. Айгерим

    Жарайсыз! Тек алға

  25. Шығармашылық табыстар тілеймін
    Сәттілік

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.