Home » Ашық сабақтар » Жаңа жылдық цирк

Жаңа жылдық цирк

Астана қаласы МКҚК
№71 «Мөлдір»  балабақшасы
Балбөбекересектобы
Тәрбиеші:
Бейсенова Жанбота

 Музыка залы мерекеге сай безендірілген.

Әсем әуенмен ортаға  сайқымазақ пен күлдіргіш шығады.

1 – ші сайқымазақ: Сәлем достар! Сендер бізді таныдыңдар ма? Біз көңілді сайқымазақтар бүгінгі кеште сіздердің көңілдеріңізді көтеріп, өздеріңізге қуаныш пен шаттық сыйлаймыз.

2 – ші күлдіргіш:

Асығыңдар келіңдер,

Қызыққа кенеліңдер.

Жаңа жылдық циркті ,

Тамашалап көріңдер!

Екеуі бірге: Жаңа жыл құтты болсын!

1 – ші сайқымазақ: сіздер бүгінгі циркте, көңілді клоундарды,

2 – ші сайқымазақ: сымбатты сұлу қыздардыі

1 – ші сайқымазақ: жылан тілін білетін сұлу қыздарды

2 – ші сайқымазақ: 1 – ші сайқымазақ: ортаға цирк  шақырайық.

Парад алле

( деп қолын көтеріп айғайлап айтып әртістерді шақырады)Балалар билеп шығады.

2 – ші сайқымазақ: Ортада Көңілді клоундар!

1 – ші сайқымазақ: Сымбатты, сұлу қыздар

2 – ші сайқымазақ: Жыланның тілін білетін сұлу қыздар!

1 – ші сайқымазақ: Ал енді әртістер өз орындарына барып отырсын, ал сіздер:

Құлақтарыңызды түріп,

Көздеріңізді ашып,

Қолдарыңызды шапалақтап отырыңыздар.

Аружан

Жасыл желек жамылған, асыл моншақ тағынған

Келді сұлу шыршамыз, көптен күтіп сағынған

Айым

 Кел балалар шырша дайын, қол ұстасып ән салайық

Жаңа жылдың жарқын айын, әнмен бимен қарсы алайық.

Ән: «Жаңа жыл»  

Мерида

Алақай алақай, қол соғайық топылдатып аяқты

Ортаға қарсы алайық көңілді сайқымазақты .

2 – ші сайқымазақ: Ал қазір ортаға кішкентай  сайқымазақтар шығып өз өнерлерін көрсетеді. Қол соғып қарсы алайық.

Тақпақтар. (сайқымазақтар айтады)

Би: «Көңілді сайқымазақтар» ұлдар

1 — ші сайқымазақ: Достар, ал  ендеше мен сендермен ойын ойнағым келіп тұрғны. Достар ойын ойнағылырың келеме ,қане бастайық.

Ойын: «Кім мерген»

 2 – ші сайқымазақ: Достар керемет жарайсыздар. Мерген екенсіңдер,шапшаң екенсіңдер мен сендей достарымның барына қуанып тұрмын.

Би: «Цирк өнерінің шеберлері»

1 — ші сайқымазақ: Балалар, бүгінгі біздің жаңа жылдық циркімізге кімдер жетіспей тұр?  Әрине , Аяз ата Қане олай болса бәріміз дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аяз ата келеді.

Аяз ата:

Амансыңдар ма ұлдарым,

Амансыңдар ма қыздарым,

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Аяз ата туралы ән

2 – ші сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата Ақшақар біздің циркке хош келдіңіздер. Біздің балалар сіздерді асыға күтті.

Айша:

Аппақ тонға оранып, базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан, аяз ата оралып

Аяз ата: Балалар менің қолымнан сендер сияқты би билеп, ән айту келмейді, бірақ менің қолымнан сиқыр көрсету келеді. Ол үшін маған қолымдағы сиқырлы таяғым көмектеседі.

Балалар, сендер Вупсень достарыңды  көргілерің келе ме? Олмен би билегілерің келе ме? Мен мына сиқырлы таяғымды үш рет жерге ұрсам, Вупсень достым осы жерде тап болады. Балалар, ол үшін сендер көздеріңді жұмыңдар әйтпесе сиқыр болмай қалады.

Вупсень: Сәлем достар! Жаңа жылдарың құтты болсын!

1 – ші сайқымазақ: Сәлем Вупсень достым! Біздің елге қош келдің!

Аяз ата: Ал Вупсень біздің балалар сенімен би билеуді асыға күтті.

Вупсень:  Әрине, мен би билегенді ұнатамын. Келіңдер балалар бәріміз бірге би билейік.

Флешмоб.

2 – ші сайқымазақ: Ой Вупсень бәріміздің  көңілімізді көтеріп тастадың  ғой

Вупсень: Көңілдеріңді көтергеніме қуаныштымын! Балалар, маған енді кету керек. Себебі тоңып тұрмын тезірек барып қалың көрпемді жамылып жылынбасам қатып қаламын ғой. Ендеше балалар сау болыңдар..

1-ЖүргізушіҚане достар ақырын сөйлейік,

Жылан тілін білетін ханшайымдар би билейді  көрейік.Олай болса сымбатты джентелмендер мен сұлу қыздарды  шақырамыз.

Би: «Жылан тілін білетін ханшайымдар»

Аяз ата: Тамаша сондай керемет билейді екенсіңдер. Балалар сендер сондай өнерлі ақылды екенсіңдер, мерекеміз көңілді өтіп жатыр.

1 – ші сайқымазақ: Ал ,балалар біздің шыршамыз көңілсіз,шамдары да сөніп тұр. Сондықтан шыршамызға ән айтыпбеейікші.

Ән: «Шырша шамдары»!

Аяз ата: Балалар мен сендерге силықтар әкелдім. Сыйлықтар таратылады.

Аяз ата: Ал балалар кететін уақытымыз болды. Біздің әлі баратын жерлеріміз көп. Өздерің секілді балалар бізді асыға күтіп отыр. Сау болыңдар!

Аяз ата Ақшақар кетеді.

Қоштасу.

16 комментариев

  1. Сценарий өте керемет. Жас ұстаздың еңбегінде керемет деген баға ұғынуға болады. Себебі жастар көп ізденісте болады. Осы сценарийден көруге болады жас маман өзінің кәсібі творчествасын әрі қарай дамытуға ниеті бар екендігі. Жас мамандарға қолдау көрсету керек. Керемет тамаша

  2. Құралай

    Өте керемет,жаңашыл қойылым! Қатысушы саны, номерлер, ән, би, тамаша!!!

  3. Баян Отарбаева

    Оте керемет устаз баланын тилин тауып жаксы карым катынас жассй алады оз исинин маманы осындай устаздар коп бола берсе екен

  4. Сценарий өте керемет жазылған.Осындай ақылды да білімді жас мамандар көбейе берсін.

  5. Салтанат

    Керемет, тек алға!

  6. Жақсы. Керемет. Қойылым.

  7. Керемет ! Жасай мамандар жұмысы жандана берсін

  8. Керемет қойылым !

  9. Оте керемет

  10. Керемет ! Тамаша койылым👍

  11. Мейрамкуль

    Керемет! Тамаша қойылым! Еңбегің жансын😘

  12. Молодец Тек Алга

  13. Жарайсың!Еңбегін жана берсін!

  14. Қалдыгүл

    Өте керемет!👍👍👍
    Еңбегіңіз жана берсін!

  15. Данагүл

    Керемет. Еңбегің жана берсін.

  16. Жарайсың!!! Тек алға ! Қанатың талмай, тек биіктерден көріне бер!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.