Home » Ашық сабақтар » “Жаңа жылдық сайықмазақтар”

“Жаңа жылдық сайықмазақтар”

Астана қаласы
МКҚК №71 “ Мөлдір” балабақшасы
“Жұлдызша” ересек тобы
Тәрбиеші: Мудебаева Газиза Есболовна

20.12.22ж 

Музыка залы мерекеге сай безендірілген.

Әсем әуенмен ортаға  сайқымазақ пен күлдіргіш шығады.

1 – ші сайқымазақ: Сәлем достар! Сендер бізді таныдыңдар ма? Біз көңілді сайқымазақтар бүгінгі кеште сіздердің көңілдеріңізді көтеріп, өздеріңізге қуаныш пен шаттық сыйлаймыз.

2 – ші күлдіргіш:

Асығыңдар келіңдер,

Қызыққа кенеліңдер.

Жаңа жылдық циркті ,

Тамашалап көріңдер!

Екеуі бірге: Жаңа жыл құтты болсын!

1 – ші сайқымазақ: сіздер бүгінгі циркте, көңілді клоундарды,

2 – ші сайқымазақ: сымбатты мықты джентельмендерді

1 – ші сайқымазақ: ханшайым фейя  қыздарды

2 – ші сайқымазақ: 1 – ші сайқымазақ: ортаға цирк  шақырайық.

Парад алле

( деп қолын көтеріп айғайлап айтып әртістерді шақырады)Балалар билеп шығады.

2 – ші сайқымазақ: Ортада Көңілді клоундар!

1 – ші сайқымазақ: Сымбатты, мықты джентельмендер

2 – ші сайқымазақ: Жыланның тілін білетін сұлу қыздар!

1 – ші сайқымазақ: ханшайым фейя қыздар

1 – ші сайқымазақ: Ал енді әртістер өз орындарына барып отырсын, ал сіздер:

Құлақтарыңызды түріп,

Көздеріңізді ашып,

Қолдарыңызды шапалақтап отырыңыздар.

Айару:

Жасыл желек жамылған, асыл моншақ тағынған

Келді сұлу шыршамыз, көптен күтіп сағынған

Әлинұр:

 Кел балалар шырша дайын, қол ұстасып ән салайық

Жаңа жылдың жарқын айын, әнмен бимен қарсы алайық.

Ән: «Жаңа жыл»  

Аймира:

Алақай алақай, қол соғайық топылдатып аяқты

Ортаға қарсы алайық көңілді сайқымазақты .

2 – ші сайқымазақ: Ал қазір ортаға кішкентай  сайқымазақтар шығып өз өнерлерін көрсетеді. Қол соғып қарсы алайық.

Тақпақтар. (сайқымазақтар айтады)

Би: «Көңілді сайқымазақтар» ұлдар

1 — ші сайқымазақ: Достар, ал  ендеше мен сендермен ойын ойнағым келіп тұрғны. Достар ойын ойнағылырың келеме ,қане бастайық.

Ойын: «Кім мерген»

 2 – ші сайқымазақ: Достар керемет жарайсыздар. Мерген екенсіңдер,шапшаң екенсіңдер мен сендей достарымның барына қуанып тұрмын.

Абзал:

Ауламызда ұшып жүрген, ақ мамықтай себелеп

Ұлпа қарлар қайдасыңдар, көңіл көтер би билеп.

Би: «Фейя  ханшайымдары»

1 — ші сайқымазақ: Балалар, бүгінгі біздің жаңа жылдық циркімізге кімдер жетіспей тұр?  Әрине , Аяз ата Қане олай болса бәріміз дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аяз ата келеді.

Аяз ата:

Амансыңдар ма ұлдарым,

Амансыңдар ма қыздарым,

Жаңа жылдарың құтты болсын!

2 – ші сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата  біздің циркке хош келдіңіздер. Біздің балалар сіздерді асыға күтті.

Ал ендеше тұрмайық,

Ән айтайық шырқайық.

Ән: «Аяз ата » 

Әмір:

Аппақ тонға оранып, базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан, аяз ата оралып

Аяз ата: Балалар менің қолымнан сендер сияқты би билеп, ән айту келмейді, бірақ менің қолымнан сиқыр көрсету келеді. Ол үшін маған қолымдағы сиқырлы таяғым көмектеседі.

Балалар, сендер Вупсень достарыңды  көргілерің келе ме? Олмен би билегілерің келе ме? Мен мына сиқырлы таяғымды үш рет жерге ұрсам, Вупсень достым осы жерде тап болады. Балалар, ол үшін сендер көздеріңді жұмыңдар әйтпесе сиқыр болмай қалады . Бір екі үш.

Вупсень: Сәлем достар! Жаңа жылдарың құтты болсын!Мен жаз мезгілін ұнатамын , қыс мезгілін бірінші рет көруім. Аяз ата қонаққа шақырған соң келдім. Бірақ маған осындай жарық, көңілді мерекелерің ұнап тұр.

1 – ші сайқымазақ: Сәлем Вупсень достым! Біздің елге қош келдің!

Аяз ата: Ал Вупсень біздің балалар сенімен би билеуді асыға күтті.

Вупсень:  Әрине, мен би билегенді ұнатамын. Келіңдер балалар бәріміз бірге би билейік.

Флешмоб.

2 – ші сайқымазақ: Ой Вупсень бәріміздің  көңілімізді көтеріп тастадың  ғой

Вупсень: Көңілдеріңді көтергеніме қуаныштымын! Балалар, маған енді кету керек. Себебі тоңып тұрмын тезірек барып қалың көрпемді жамылып жылынбасам қатып қаламын ғой. Ендеше балалар сау болыңдар..

Аяулым:

Қане достар ақырын сөйлейік,

ханшайм мен джентельмен  би билейді  көрейік. Олай болса сымбатты джентелмендер мен сұлу қыздарды  шақырамыз.

Би: «Сымбатты джентелмендер мен сұлу қыздар»

Аяз ата: Тамаша сондай керемет билейді екенсіңдер. Балалар сендер сондай өнерлі ақылды екенсіңдер, мерекеміз көңілді өтіп жатыр бірақ мен қарды, боранды  жақсы көремін ғой  ал бұл жер жылынып кетті.

1 — ші сайқымазақ: Аяз ата сізге қар керекпе ендеше мінекей қар.

Ойын: «Қарларды жинау»

1 – ші сайқымазақ: Ал ,балалар біздің шыршамыз көңілсіз,шамдары да сөніп тұр. Сондықтан шыршамызға ән айтып берейікші.

Ән: «Шырша шамдары»!

Аяз ата: Балалар мен сендерге силықтар әкелдім. Сыйлықтар таратылады.

Аяз ата: Ал балалар менің кететін уақытым болды. Менің әлі баратын жерлерім көп. Өздерің секілді балалар мені асыға күтіп отыр. Сау болыңдар!

Құттықтау тілек: Балабақша меңгерушісі Ж.Абаевнаға сөз кезегін береміз.

22 комментария

  1. Саттилик тилеймин

  2. Сисенбина Салтанат

    Сәттілік 👍

  3. Есболова Айнара

    Сәттілік 👍😘

  4. Есболов Нұрперзент

    Сәттілік серігіңіз болсын 👏👍

  5. Гүлжауһар Нариманқызы

    Сәттілік тілеймін

  6. Керемет жаңа жылдық көрініс болды! Тәрбиеші Мудебаева Газиза Есболовнага рахмет! Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз

  7. Салтанат

    Керемет жаңа жыл қойылымы болды!
    Тәрбиешіміз Мудебаева Ғазиза Есполовнаға көп рахмет.👏👏👏👏

  8. Тамаша👏👏

  9. Тек алга!!

  10. Анашым керемет!! 👏👏🤝🏻

  11. СИСЕНБИН ЕРКИН ЕСБОЛУЛЫ

    Сәттілік сериктерин болсын

  12. Бибігүл Шөптібаевна

    Сәттілік! Тек алға!🌺

  13. Айгерим

    Сәттілік тілейміз ❤️😘💐🌹

  14. Айгерим

    Тек Алға💪😍🥳

  15. Сәттілік👍🏻

  16. Сисенбин Еркебұлан

    Еңбегіңіздің жемісін көріңіз Апам

  17. Тамаша, өте көңілді болды!)

  18. Ең керемет, креативті ұстаз.

  19. Осындай иәрбиешілер көп болсын елімізде

  20. Сәттілік👍

  21. Сәттілік еңбегіңіздің жемісін көріңіз

  22. Жемісті болып,биіктен көрін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.