Байузакова Айгуль Кусаиновна
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша КДИ –ның
аға оқытушысы
Қазіргі заман-білімді ұрпақтың заманы. Бастауыш сынып мұғалімінің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Өйткені алдымыздағы оқушыларды озық ойлы, өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан тұлға етіп тәрбиелеу міндеті тұр. Бастауыш сыныпта оқушыны шығармашылық жұмыс істеуге бейімдесек, жоғары сыныпқа барғанда ешқандай қиындықсыз кез келген шығармашылық жұмыстың түрін еш қиындықсыз орындайды. Оқушыға тек түрткі салу арқылы проблемаларды өздігінен шешу жолдарын таба біледі. Бастауыш сынып мұғалімінің ең бірінші міндеті оқушының алғаш қалам ұстағаннан бастап, жазу каллиграфиясына көңіл бөлуі керек. 1 сыныптан бастап әріп элементтерін жазуда оңға қарай көлбеу және арақашықтықтарын сақтап жазуға үйретеміз керек.
Тілді оқытуда жүргізілетін жазба оқушылардың жазылым әрекетін қалыптасытрады. Жазба жұмыстарының түрлері: жаттығулар, түрлі мәтіндер, дикатант, мазмұндама, шығарма т.б. жатады. Диктантты есту факторына негізделген жаттығу жұмыстарының бірі деп атау керек. Бастауыш сыныптарда диктантты есту, түсіндірмелі, терме, еркін, бақылау, өздік және шығармашылық тәрізді түрлері қолданылады. Ал жаздырылған материалдың сипатына қарай 1-сыныпта әріп диктанты, буын диктанты, сөз диктантты түрлер де пайдаланады. Бұл балалардың әріп жазуды қалай үйреніп келе жатқанын, белгілі буындардың құрамында неше әріп, қай әріптер бар екенін, буын жасап тұрған не әріп екенін, қалай түсінетіндігін байқау үшін, кемшіліктерін диктанттардың оқушылар білімін байқау, бақылау, үйрету мәні бар. Диктант мәтінін таңдағанда, мынадай қағидаларға сүйену керек: диктант тексі мазмұны жағына оқушыларға түсінікті, тәрбиелік мәні бар және әдеби тілдің талаптарына сай болуы керек. Бақылау диктанты әртүрлі жанрдағы шығармалар үзінділерінен құрастырылуы қажет. Егер белгіленген мәтін үзіндісінде сөз саны мөлшерден аз болса, онда мәтінге мөлшерге сәйкестендіріп бірнеше қосмыша сөйлемдер қосуға болады.
Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстарының тағы бір түрі — мазмұндама. 1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Бұл мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жазылады. 2. Сурет бойынша мазмұндама. Мұндай мазмұндаманы жазу балаларға сурет мазмұнын үйретеді. Мақсаты: бірізділікке баулу, оқиға желісін ауыстырмай, ретімен жазу. Суретті мазмұндама оқушы шығармашылығын дамытуды жетілдірер бір құрал.
Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм оқушының оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ең күшті құрал. Өйткені жүз рет естігеннен, бір рет көрген абзал. Сонымен бірге, есту, көру, есте сақтау қабілетін дамытуға да әсерін тигізеді.
Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өздік ойын, тілін қалыптастырудағы жұмыс түрі шығарма болап табылады. Ол — оқушының шығармашылық еңбегі. Шығарма жазуда оқушылардан сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып,орын тауып қолдануы, бір сөзді немесе бір ойды орынсыз қайталамауды талап етіледі.Оқушының шығарма жазудағы ой жүйемінің айқындылығы, сөз қолданысы, тіл көркемдегі де ескеріледі. Оқуыға шығарма жазудағы мақсат-оның ойын,пікірін әдеби тілмен жатық,сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу,логикалық ой-өрісін кеңейтуге машықтандыру.Ең тиімдісі экскурсия бойынша шығарма жазу. Экскурсия бойынша шығарма жазу табиғатқа саяхатқа шығып, ондағы құбылыстар мен жыл мезгілдеріне байланысты жаздырылады. Мысалы: қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны, шаңғы, коньки, шанамен сырғанау сияқты қызық ойындары туралы жаздырылады. Шығарманың бұл түрінің тиімділігі балалардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамытудың, сонымен бірге табиғаттың сұлулығын қызықтай білуге, аялай білуге, эстетикалық тәрбие беруіне бүгінгі заман талабына сай оқытудың дұрыс нәтиже беруіне бүгінгі заман талабына сай оқытудың жаңа жүйесі, жаңа технологиясының алатын орны ерекше.
Жазба жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділіктерін,ойлау жүйесін арттыруға көмектемеді. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұру керек.