Home » Мақалалар » Кеңес өкіметі кезіндегі дін

Кеңес өкіметі кезіндегі дін

Алматы қаласы
№1
52 мектеп-гимназия
Тарих пәні мұғалімі: Сатылған Елдана Айдосқызы

Тақырыптың мақсаты: Кеңес өкіметінің дін саласындағы саясатының қалыптасуын қарастыру негізінде Уақытша үкімет кезеңімен байланыста қараған жөн деп санаймын. Дін саласында ар-ождан еркіндігі жарияланып, діни басқару жүйесіне қатысты бірқатар демократиялық сипатта іс-шаралар жасалғанын айтсақ болады. Алайда, дін саласында көзделген реформалар жүзеге аса алмай, мемлекет және шіркеу құрылымдарын бірте-бірте ажырату әрекеті яқсыз қалды. Дін мемлекеттен бөлінбеді. Мемлекет пен дін арасындағы қатынастарда бұрынғы тәртіп, заңнамалық негіз сақталғанын осы орайда айтып кеткен жөн.

Тақырыптың  міндеттері:

  • Большевиктердің бас кезде дінді қолдауы;
  • 1920-30 жж дінге қарсы күрестің басталуы;
  • Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кеңес өкіметінің дін саласындағы саясатында жұмсақтықтың байқалуы туралы тоқталу.

Тақырыптың өзектілігі.

Кеңестік дәуірде діннін адамзат тарихындағы орны теріс түсіндірілді. Дін –адам санасын улайтын, жаңалыққа, ғылымға қарсы, барлық өзгерістердің, табыстардың бәрін құдай жасап отыр деп түсіндіретін– нағыз кертертпа, үстем таптың жоғын жоқтаушы, соның сойылын соғушы деген сипатта оқытылып, діннің қызметіне теріс баға берілді. Осының салдарынан Кеңес елі халықтарының, соның ішінде Қазақ халқы да дінге қарсы рухта тәрбиеленді. Ұжымдастыру, тәркілеу және саяси науқандарда дін иелерін  жаппай қудалады, мешіттерді жапты, қиратты, қара халық діни ғибадаттарды  жасырын жасауға мәжбүр болды. Содан бері дін мемлекеттік істерге, саясатқа араласа алмайды. Орталық Азияда және Қазақстанда бір ғана дін басқарма жұмыс жасады, оның орталығы Ташкент болды.

Ресейде діннің мемлекеттен бөлінуінің жүзеге асырылуы большевиктердің билігімен байланысты болды деп айтсақ болады. Себебі діннің мемлекеттен бөлінуі қағидасы заңнамалық тұрғыда бекітілді. 1918 ж. қабылданған «Діннің мемлекеттен және мектептің діннен бөлінуі туралы» декреті діннің мемлекеттен бөлінуі үдерісінің жүзеге асырылуына негіз болып, зайырланудың большевиктік үлгісін қалыптастырды. Маркстік-лениндік философияға негізделген саясат дінмен күресіп, оның қоғамдағы ықпалын жоюға бағытталғанын атап өткім келеді. Енді қоғамда діннің қызметі шектелді. Жоғарыда атап айтқандай мектеп діннен бөлінді. Барлық білім беру мекемелері Ағарту халық комиссариатының қарамағына берілді. Дін басылар білім беру және тәрбие ісінен шеттетілді. Қанаушы тапқа жатқызылған дін қызметкерлері сайлау құқығынан айырылды. Діни бірлестіктер заңды тұлға болудан қалды. Жоғарыда аталған шаралармен қатар жаңа қоғамның жаңа идеологиясының орнығуы жағдайында дін мен діншілдікке қарсы күрес науқаны барсында жазалау шаралары кеңінен қолданылды.Шіркеу қазынасын тәркілеу, мәйіттердің құртылуы, дін саласындағы мемлекеттік саясатқа қарсылық білдіргендердің абақтыға алынып, жер аударылуы немесе ату жазасына берілуі, дін ғимараттардың жабылуы фактілері соның айқын дәлелі. Діни қауымның діни сезімін қорлаған мемлекеттік биліктің бұл саясаты билік пен діни қоғамдар арасында күрделі шиеленіс туғызғанын айтсақ болады. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарына басталған дінге қарсы күрес 20-30-шы жылдары жалғасты. 20-шы жж. соңында дінге қарсы күрес күшейіп, 30-шы жж. ол кең көлемді жазалау шараларынан көрінгенін жоғарыда айтып кеткен болатынмын. Жазалау саясаты барлық конфессияларға қатысты жүзеге асырылғаны айтып кеткенді жөн көрдім. Кеңес өкіметінің исламға және мұсылмандарға қатысты саясаты «социалистік», «дінсіз қоғам құру» жолында жалпы дінмен күрес аясында жүзеге асырылды. Ресей империясының бірқатар аумағын мекендеген мұсылман халықтарының саны жағынан, әлеуметтік-мәдени, саяси тұрғыдан үлкен әлеуетке ие болғандықтан большевиктер үкіметі олармен санаспай отыра алмады. Шығыс аймақтары, оның ішінде, дәстүрлі және жаңашыл идеялар өзара әрекеттесіп, саяси козғалыстар орын алған Түркістан мен Дала аймағы 158 ерекше назарда болды. Мұсылмандардың саяси мүдделерімен санаспай, оларға қарсы шабуыл бастау жаңа орнаған биліктің өміршеңдігіне қаіпті болды. Сондықтан алғашқыда жаңадан құрылған кеңес өкіметі «Шығыстың қаналған халықтарының қорғаушысы» болып, мұсылмандар мүддесінен шығатын бірқатар саяси шаралар ұйымдастырғанын айтсақ болады. «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын» қабылдап, «Ресей мен Шығыстың барша мұсылмандарына үндеуін» жариялады. Мұсылмандарға қатысты империялық саясатты сынға алып, мұсылмандарға еркіндік пен бостандықты уәде етті. Демократиялық мазмұны бар құжаттар большевиктердің ұлттық шет аймақтарындағы мұсылман халықтарының қолдауына ие болуға жәрдемдесті. Кеңес билігі ұлттық шет аймақтарда большевизм идеясын кеңінен тарату үшін мұсылман дін басыларының көмегін пайдаланғанын айтсақ болады. Әсіресе дәстүрлі ислам кең тараған аймақтардың мұсылман халқының қолдауын қамтамасыз ету мақсатында коммунизм мен шариғаттың ұқсастығы туралы идея насихатталды. Мұсылман дін басылары тарапынан «Кеңес билігі үшін, Шариғат үшін !» деген ұрандар айтылды. Алғашқы жылдары исламға қатысты саясат ашық қарсыласу түрінде емес, сақтық, жанама сипатта жүзеге асырылғанымен, көп ұзамай исламға қарсы шабуылға ұласқанын айта кетсек болады. Қазақ жерінде діннің мемлекеттен және мектептің діннен бөлінуі туралы декрет ережелерінің жүзеге асырылуына қатысты заңсыздықтар жазаланап отырды. Діни қозғалыстың күшеіне байланысты дінге қарсы күштеу шаралары да белсендіріліп, діни мектептер, мешіт-медреселер жаппай жабылды. 20-шы жж. екінші жартысынан бастап мұсылман дін басыларының реакциялық қызметі әшкереленіп, «мұсылмандардың кеңес өкіметіне қарсы сипаты» туралы тұжырым жасалды. Кеңес өкіметінің исламға қарсы шабуылы мұсылман оқу орындарына қатысты саясатынан да көрініс тапты. Кеңес өкіметінің мұсылман оқу мекемелеріне қатысты саясаты «Дінінің мемлекеттен және мектептің діннен бөлінуі туралы» декретінің 9-тармағында негізделгенін айта кетуді жөн санап отырмын. Мектеп діннен бөлінуін жариялап, діни ілімді мектеп қабырғасынан тыс жеке түрде оқуға рұқсат етілді. Білім беру және тәрбие ісі мекемелері Ағарту халық комиссариатының қарамағына берілді. Білім берудің кеңестік жүйесі қалыптастырылды. Діни мектептер жабылып, дін басылар білім беру және тәрбие ісінен шеттетілді.

Кеңес өкіметінің тарапынан мұсылман дін ілімін оқытуға қатысты бірқатар жеңілдіктер жасалғанымен 20-шы жж. соңына қарай исламға қарсы шабуыл үдеп, мұсылман оқу мекемелері жаппай жабылды.

Мұсылман қауымы өкілдері декрет ережелерінің жүзеге асырылуына қарсылық танытып, заңсыз түрде діни ілімді оқытты. Дінге қатысты саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған мемлекеттік деңгейдегі көптеген комиссиялар қызмет атқарды. Олардың ішінде алғашқыда діннің мемлекеттен бөлінуі жөніндегі комиссия болып құрылып, кейін ДКК болып өзгертілген органның рөлі ерекше. Аталған комиссия 1922-1929 жж. 159 аралығында дінге қатысты саясатты жүзеге асыру барысында партиялық бағытты анықтап, маңызды шешімдер қабылдады. Комиссия хаттамаларын талдау негізінде талқыланған мәселелердің көп бөлігінің Орыс православтық шіркеуі мәселесіне арналып, шамамен, үштен бір бөлігінің мұсылман мәселесін талқалауға арналғанын байқауға болады. Хаттамалардың мазмұнынан кеңес өкіметінің исламға қатысты саясатының қарсылық сипаты 20-шы жж. басынан көрініс тапқаны байқалады. 1925 ж. қоғамдық ұйым ретінде құрылған «Жауыққан құдайсыздар одағының» қызметі, шын мәнінде, дінге қатысты партиялық органдардың саясатын жүзеге асырып, орталыққа есепті болды. Ұйымның басты мақсаты большевиктік партияға дінге қарсы күресте жәрдемдесіп, коммунистік идеологияның орнығуына ықпал ету болды. Кеңес өкіметінің исламға қатысты саясаты алғашқыда ашық қарсылық түрінде емес, жанама, «сақтық таныту» тұрғысынан басталып, көп ұзамай, мұсылман діни қозғалыстың жандануымен бірге күшейіп, исламға қарсы ашық та қатаң шабуылға ұласты. Көптеген мешіт-медреселер жабылып, дін басылар жазаланды. Бірақ кеңес өкіметінің 20-30 жж. исламға қарсы саясаты халық санасынан діншілдікті ығыстыра алмады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кеңес өкіметінің дін саласындағы саясатында жұмсақтық байқалып, ол діни конфессияларға қатысты бірқатар жеңілдіктердің берілуімен сипатталды. Діни ұйымдар қалпына келтіріліп, шіркеу мен мешіттер, басқа да ғибадат үйлерінің ашылуы орын алды. Айдауға жіберіліп, абақтыда болған дін қызметкерлері босатылды. Дін ілімін оқытатын институт, курстар ашылды. Мұсылман дін өкілдерінің қажылық сапарлары жанданды. Діни қауым өкілдері халықаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік алды. Дінге қарсы ашық та қатал шабуылға жол берілмей, ЖҚО-ның қызметі тоқтатылды. Дегенмен дін саласындағы саясатта «түбірлі бетбұрыс» орын алған жоқ екенін айтып өткім келеді. Соғыс жылдары діни ғимараттардың ашылуы ісінің күрделілігі соның бір дәлелі деп айтсақ болады.Сырт көзге билік пен дін арасындағы қатынастарда өзара түсіністік қалыптасқандай болып, шын мәнінде, билік діннің қоғамдағы ықпалын барынша шектеуге тырысты. Кеңес өкіметінің дін саласындағы саясатының жұмсаруы И.Сталиннің діншілдігімен емес, соғыс жағдайында орын алған ішкісыртқы факторлардың ықпалымен байланысты болды. Олардың ішінде герман факторының ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Фашистік герман үкіметі насихат құралдарын тиімді пайдалану арқылы КСРО оккупациялаған аумақта кеңес өкіметінің дінге қарсы саясатын сынып және оны әшкерелуге тырысып, өзін христиандықтың сақтаушысы ретінде көрсетіп, қоғамға іріткі салуды көздеді. Қалыптасқан жағдайда кеңес өкіметінің партиялық басшылығы халықты ортақ жау – фашистік Германиямен күресу үшін бірігуін қамтамасыз етуге тиіс болды. Осыған байланысты дінді пайдаланып, ұлттық патриоттық дәстүрлерге жүгіну оң нәтиже берді. Діни қауым өкілдері соғыс жылдары халыққа үндеулер арнап, жауға қарсы күресте күш біріктіруге шақырды. Сонымен бірге майдан мен тылға материалдық тұрғыдан да зор көмек көрсетті. Мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болған жазалау шаралары қоғамдық санадан діни дүниетанымды ығыстырып, оның орынына 160 тоталитарлық идеологияны орнықтыруды көздеді. Бірақ 1937 ж. халық санағының қорытындысы халық арасында діншілдіктің сақталғанын дәлелдеді, халықтың басым бөлігі өздерін діншіл деп таныды. Бұл кеңес өкіметінің дінсіз социалистік қоғам құру идеясының нәтижесіздігін көрсеткенін айтып кеткім келеді. Діншілдікті құраған діни сана, діни сенім мен діни мінез-құлық халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып, дүниетанымның негізін құрағандықтан дінді халық санасынан ығыстыру қиын болды. 50-жж. ортасында кеңес өкіметінің дін саясатының жұмсаруы аяқталып, дінге қарсы күрес қайта жанданды. Бұл КСРО-дағы коммунистік құрылыс ісіндегі жаңа кезеңнің басталуымен байланысты болды. Қоғамды «бір елде социализм құруды» көздеген маркстік-лениндік идея төңірегіне біріктіру қажеттігі туды. Ол үшін еркін оймен, оның ішінде дінмен күресу қажет болды. Осыған орай дінге қарсы шабуыл күшейіп, дінді қоғамның барлық салаларынан ығыстыру жүзеге асырылды.

Кеңес үкіметі барлық діндердің тыныс-тіршілігін қатал қадағалауға алды, әсіресе, сектанттық ұйымдарға ерекше көңіл бөліп, сақтықпен қарады. Олардың іс-әрекеттері партия мен үкімет органдары, мамандар тарапынан сарапқа салынып, талданып бақылауда болды. Басты себеп – олардың діни сенімдері  мен діни жоралғыларының кейбір ерекшеліктерімен байланысты болды. Олардың ілім-сенімдері талаптарынан шықпай, діни-ғұрыптарын, дәстүрлерін сақтауы, соның жолындағы әрекеттері, тіпті діни сенім туралым заңды мойындаудан бас тартулары барлығы кеңестік үкімет тарапынан діни экстремистік пиғылдағы іс-әрекеттері деп танылып, оларға қарсы қатал шаралар қолданды.

Кеңестік дәуірде тек қана дініміз емес ата-бабаларымыз ұстанып келген асыл мұраларымыздан да айырылып қала жаздық. Қазақтың салт-дәстүрлері  дініміз ислам дінімен тығыз байланысты еді. Ұлттық тәрбиеміздің негізі Ислам дініде, оның ішінде бабалырмыз ғасырлар бойы ұстанып келген Ханафи мазхабында болатын.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Шоқай М. Таңдамалы. Т.2.-Алматы: Қайнар, 1998.-520 б.

  1. Жумагулов К.Т., Нұртазина Н.Д. Исторические предпосылки этноконфессионального многообразия и религиозной толерантности народов Евразии// Казахстан-Спектр.-2012.-№1.-С.53-65.
  2. Богданов И.М. Грамотность и образование в дореволюционной России и в СССР.-М. Статистика, 1964-264 с.
  3. Сабитов Н. Мектебы и медресе у казахов. -Алма-Ата: Изд-во АН. Каз. ССР, 1950.-42 с.
  4. Курляндский И.А. Сталин, власть, религия (религиозный и церковный факторы во внутренней политике государства в 1922-1953 гг.)-М.: Кучково поле, 2001-720 с.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.