Home » Мақалалар » Көктемнің шұғылалы мерекелері

Көктемнің шұғылалы мерекелері

Уйсымбаева Салтанат Дайырбековна
Алматы қаласы Медеу ауданы
КММ  «№ 124 көру және сөйлеу қабілеті бұзылған
балаларға арналған мектепке
дейінгі арнайы ұйымы» әдіскері

Көктемнің шұғылалы мерекелері

Біздің ұйым- ерекше  балалармен жұмыс атқара отырып «Бір тұтас тәрбие бағдарламасы»- аясында- тәрбиеленушілерді адамгершілік қасиетке баулып, тәрбиелеуде. Рухани құндылығымызды  дәріптеп, салт- дәстүрімізді жаңғыртып, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа -ұлттық құндылықтарды бойына сіңірте алсақ,  еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелей алсақ онда біздің басты мақсатымыз орындалды деп білеміз.

Көктемнің алғашқы шуақты  айы  өзімен бірге бақшамызға, жалпы  қазақ халқына мерекесімен бірге келді. 1- наурыз «Алғыс айту күніне» орай  бақшамызда тақырыптық іс-әрект өтті. Ондағы мақсатымыз тәрбиеленушілеріміздің  отбасына, ата-анаға, үлкенге – құрмет, кішіге-ізет, қамқорлық, сүйіспеншілік, сыпайылық қарым-қатынасын дамытып, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу басты  міндетке айналды.

 

Сонымен қатар «Ана-гүл, ана-жыр, ана- өмір шуағы» атты 8- наурыз халық аралық аналар мерекесіне арналған ектеңгілік кешіміз өтті.

Бұл наурыз –бұрынғы наурыздан өзгерек. 14 наурыздан бастап тарихи-тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурыз мерекесі тойланып жатыр.  Дана халқымыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген- Әз Наурыз мерекеміз биыл да  жаңаша тойланып, дәстүрлі мерекеміздің 10 күндігі  аталып тойлануда.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.