Home » Мақалалар » Анама қарап бой түзеймін

Анама қарап бой түзеймін

Наурыз —  ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.
Жыл басы енгеннен бастап, жер-жерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, салт -дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздан сыр шертетін сан қилы мерекелік кештердің куәсі болып жүрміз.
Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесі қарсаңында ақпарат саласының үздігі қазақ радиоларының  редактор жүргізушісі,  журналист Бағдагүл Рахметқызы  «Анама қарап бой түзеймін» атты Ұлттық жобасын ұйымдастырды.
Байқау — былтырғы 2022 – Балалар жылына орай отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қызымен сырлас ананы, ананы сыйлар қыздардың әдебін көрсету мақсатында бастау алып, 2023 — Жастар жылы да өз жалғасын тапты.
Балалар жылында талантты, ибалы, инабатты қыздар мен қыз балаға өнегелі тәрбие беріп отырған аналарды насихаттау және оларға қолдау көрсету.
Байқау Наурыз айында – Халықаралық әйелдер күні мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі аясында өтетін болғандықтан, нәзіктік пен шеберлік өлшемдері байқаудың басты талаптары ретінде таңдалған.
«Қыз тәрбиелей отырып, бүтін бір  ұлтты тәрбиелейтінімізді» көрсету арқылы, аналарға қыз бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу керектігіне ерекше назар аудару.
«Анама қарап бой түзеймін»  байқауының шарттары  бес  кезеңде бақ сынаумен өтті.
Бірінші кезең: «Сәлем — сөздің анасы » — бұл кезеңде қатысушылар өздерін таныстырды.
«Салт-дәстүр – асыл қазынам» — деп,  салтымыздан үзінді көрсетті.
Екінші кезеңде:  «Мақал — сөздің мәйегі» —  әділ қазылар мақалдың бас жағын айтып, ары қарай  мақал-мәтелдердің жалғасын қатысушылар жалғастырды.
Үшінші кезеңде: «Өнерлі өрге жүзер» — қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.
Төртінші кезеңде: «Асың барда ел таны беріп жүріп» демекші, байқауға бағын сынап келген әр қатысушы өзінің   дайындап әкелген ұлттық тағамын түрлерін және  ол тағамның жасалу жолдарын  таныстырды.
Бесінші кезеңде: «Шеше көрген тон пішер» яғни,өздері дайындаған қолөнерлерін көрсетіп, жасалу жолын көрсетіп, жасаған бұйымдарымен таныстырды.
Төртінші және бесінші кезеңде қолөнерді,ұлттық асты өз қолдарымен жасағандарын дәлелдеу мақсатында бейнетаспа арқылы  көрсетті.
Байқауға Қазақстанның түкпір- түкпірінен  анасы мен қызы бақтарын сынауға келді.
Қарағанды қаласынан келген қатысушы, анасы:  Ануарқызы Маржан
қызы: Рысбекқызы Гауһар қатысып,  Дубайға жолдама ұтып гран при иесі атанды.
Алматы қаласынан келген қатысушы, анасы:  Маржан Әміртай, қызы Ханшайым екеуі  1 -ші орын иеленіп, Катон-Қарағайға  демалысқа екі адамдық жолдама алды.
Ақтөбе қаласынан келген  қатысушы, анасы: Тулебаева Фариза, қызы: Қонысбай Айдана екінші орынға ие болып, Тараз, Меркіге жолдама алды.
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы
Байдәулетовтер жанұясы, анасы: Айдана Толағайқызы, қызы -Байдәулет Сезім Нұрланқызы 3-ші орынға ие болды.
Жобаға қазылық жасағандар:
1. Республикалық «Бақытты отбасы»орталығының төрайымы.Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі отбасы комитетінің басшысы.Этнограф) Ырза Тұрсынзада.
2. Мемлекет және қоғам қайраткері. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Оразгүл Асанғазы.
3. Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген әртісі». «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері. «Ерен еңбегі үшін» медальінің иегері, Профессор — Бағдат Самидинова.
Әділ қазылар алқасы әділ шешім қабылдады деп ойлаймын.
Осы орайда Бағдагүл Рахметқызы  жобаға демеушілік,қолдау  көрсетіп отырған Кәсіпкер- демеушілер Жанәділова Әлия Хайырсанқызына, эксклюзивті алтын бұйымдарды қалыптастырушы Жанар Шаденге және «INJU FASHION» сән үйіне
алғысын білдірді.
Ұлыстың ұлы күніне ұлықталған Ұлттық жоба өте жоғары деңгейде өтті.
Білім мен біліктілікті, салт пен сананы, дәстүр мен ғұрыпты бойына жиған әзиз аналарымыз барда, қазақ елінің тектілігі тамырын терең жаяры сөзсіз.

Зинара Ерланқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.