Шымкент қаласы
Сулейманова Молдир Алмасбековна
Жас маман
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» — деп, алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесі артатыны туралы жариялады».
Мемлекеттік тіл — мәртебелі тіл, мемлекеттің рәмізі. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін мемлекет тарапынан ауқымды бағдарламалар жасалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақтан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға және тіл мәдениетін арттырып, тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінген. Республиканың барлық өңірлерінде қазақ тілін оқыту курстары, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс шаралар және т.б. өткізілуде. Бұл «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 747 қаулысы негізінде жүзеге асырылып келеді. Тұжырымдама аясында Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуалдың қазіргі жай-күйін талдау, тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері, тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері және күтілетін нәтижелері қарастырылған.
Жалпы мақсат: жоғарыдағы қағидаларды іске асыра отырып, мемлекеттік тілдің сапалы дамуына және бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасау. Тіл саясаты негізінде іс асырылып келе жатқан түрлі ауқымды шаралар еліміздегі тілдік ахуалдың сапасын жақсарту үшін тілдік ортаны қалыптастыруға оңтайлы жағдай жасау. Мемлекеттік тілдің оқыту сапасын тиімді ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды ықпалдастыру басты назарда.
«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы- ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басы міндеті деп білемін.