Home » Ашық сабақтар » Наурыз келді өлкеме

Наурыз келді өлкеме


Азилханова    Гульмира      Кадырхановна
педагог-тәрбиеші


Кешубаева   Самал  Айдаровна
музыка жетекшісі

Абай облысы  Семей қаласы
 «№ 5 «Бала әлемі» бөбекжайы» КМҚК

 Мектеп алды топқа арналған
 «Наурыз келді өлкеме» атты ойын-сауық сценарийі.

1-ші  бала:Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық!

2-ші бала: Мерекесі халықтың,
Наурыз тойы бастайық!

1-ші қыз:Келіңіздер наурыз  тойға бәріңіз бүгін.
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық ұлымейрам– Наурызымның,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

 2-ші қыз: Келіңіздер, наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік,жыр жырлайық,ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Тойымызды шашу бимен ашайық.

Би «Шашу»
Қыздар: Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән саламыз бәріміз,
Би билейміз бәріміз.

 Би «Гулдер»     бидің соңында залға жүргізуші келеді
Жүргізуші:Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз!

 Осы кезде залға әуен ырғағымен ұлдар мен қыздар кезектесіп кіріп  би қимылдарын көрсетеді.
Ән «Құтты болсын Наурыз» әнді орындап болған соң балалар орындарына барып отырады.
Жүргізуші: Армысыздар, балалар. Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі,

Олай болса, жарқыраған күніміз бен жұлдыздары жымыңдаған түнімізді қарсы алайық.
Күн:  Сәулесі көп күнмін
Түн:  Жұлдызы көп түнмін
Екеуі: Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін
Күн:Ұзарамын мен енді
Түн: Қысқаратын кез келді
Екеуі:  Ұйқы қанбай қалып
Жүрмендер тек жылап.
Екеуі:  Гүл мен жерді жайнатып
Құлпыр, наурыз сен енді./залдан шығып кетеді./
Жүргізуші: сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Балалар естисіңдер ме? Бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.
 Осы кезде Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді. Шығып кетеді.
Құндақталған сәбиді алып залға Наурыз әже келеді!
Наурыз Әже: Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!Бүгін Ұлыстың ұлы күнінде менің немерем дүниеге келді.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, әже Немереніздің бауы берік болсын.
Бала: Әже! бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?
Наурыз Әже: Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік – қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.

 Немремді  қырық күн бойы сума шомылдырып , 40 кун толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі.  Осылайша қазақтың салт- дәстүрі жасалады.

Жүргізуші:Әже осындай үлгі өнеге болатын рәсім алып келгенінізге рахмет. Асықпай отырып балалардың сізге арнап өз өнерлерін көрсетеді. келіншек күйін орындап берсін.
Әуенді ырғақты қимыл «Келіншек»
Әже:Рахмет өнерлерін өрге жүзсін.Балалар, Осындай ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде тағы кім қонаққа  білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Әже: Қыдыр ата келеді.

Бір Бала: Әже қыдыр ата деген кім?
Әже: Дұрыс сұрақ койдың балам. Қыдыр ата -қазыналы қария.Тойдың сәні мен салтанаты — біздің ұғымымыздағы Қыдыр. Қыдыр ата  мерекеге арнайы келіп, жиылған жұртқа бата-тілек айтады, ізгі ниетін білдіреді. Осы мерекеге орай немермнің  азаң шақырып есімін Қыдыр ата қойсын деп едім. Өзі де келіп қалар.
Осы кезде залғаҚыдыр Ата келеді.
Қыдыр Ата: Армасың, жамағат!
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын   мерейін  Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын,
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Әумин!

Сәбилерің құтты болсын! Немереннің бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келіпсің сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды. /Әженің қолына баланы береді, Әже баланы бесікке жатқызады/

Наурыз Әже:Қыдыр ата төрлетінің жайғасып отырыныз. Немерімді бесікке бөлеп тәтті ұйқыға жіберейін/Сіздің құрметіңізге мына отырған балалар ән шырқап берсін.

 Ән «Жеті қазына»

Наурыз Әже:  Қыдыр ата сізге көп рахмет немеремді азаң шақырып есімін қойып бердініз. Мынау сіздің кәденіз.
Қыдыр Ата:  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын. Менің тағы барар жерлерім бар. Сау болыңдар     /шығып кетеді/

 Әже: Мына наурыз мерекесіне бір әдемі кілемшені әшекейлеуді бастап едім, аяқтай алмай қойдым. Мына көзде көрмейді, кәрілікте келді. Балалар маған көмектесіп жібересіңдер ме? Келіңдер, отырыңдар – деп жерге отырады
(Әже жерге отырып, кілемшені жайып, оюларын жанына қойып, қалай жасау керек екенін көрсетеді.)
Жүргізуші:Әрине, балалар әжеге көмектесеміз бе? Әже, сіз көрсетіп отырыңыз, қайсысын қай жерге орналастыру керек екенін. 4 бала шығару

Ойын «Оюлы кілемше»
Шарты:
Мына алдарында жатқан кілемшеге қиылып жатқан оюларды әдемілеп қойып кілемше жасандар.

Әже: Ой, рақмет, балалар! Өркендерің өссін, көп жасаңдар. Қандай тамаша кілемше болды – деп жайып көрсетеді.
Жүргізуші:Қандай көмек керек болса айтыңыз, біз әрқашанда көмектесуге әзірміз. Солай ма, балалар?
Балалар: иә.

Жүргізуші: Әже балалар сізге арнап ән айтып береді отырып тыңданыз.
Әже:Жақсы тыңдайын
Ән «Менің әжем осындай»
Әже:Ал, балалар мерекелерін құтты болсын.  Ал енді менде немеремді алып қайтайын.
Сау болыңдар / шығып кетеді/
Жүргізуші: Біздің балаларымыздың да күші көп. Қазір саған ойын арқылы дәлелдеп береді.
Осы кезде залға Алдар көсе келеді.
Алдар көсе:Мен Алдармын,алдармын,
Талайларды алдармын.
А- а -а,е-е-е, о-о-о  жан –жағына қарап
Сәлеметсіңдер ме, балалар жиналып қалыпсыңдар.
Жүргізуші:Бүгін бізде  Наурыз мерекесі! Біздің меркемізге қош келдің!

 Алдар көсе:Рахмет. Үлыстың ұлы күні наурыз меркесі құтты болсын. Мен сендерге құр қол келген жоқпын қазақтың ұлттық ойындарын ала келдім.

Ойын «Арқан тартыс»

Шарты:  Қыздар екі топқа бөлінеді. Қаңбақ шал тобы  және Дәудің тобы болып бөлінеді. Арқанда қызыл белгі болады. Кілемнің үстінде белгі болады. Музыка әуені ойнаған кезде ойынды бастайды. Кімнің тобы кілем үстінде жатқан белгіден өзіне қарай асырып тартып алса, сол топ жеңімпаз атанады.

Ойын «Теңге алу»  4ұл 4қыз

 Шарты:Құрсау ішінде көп теңгелер жатады. Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта бір аттан болады. Алдарында тұрған ыдысқа бір-бір теңгеден алып салу керек. Қай топ көп теңге жинайды сол топ жеңімпаз атанады.

 Жүргізуші: Ойын ойнап бір сергіп қалдақ Алдар көсе жігіттер қамшысымен бір би билеп берсін

Алдар көсе: Нағыз аты саты сай жігіттер екенсіңдер. Жарайсыңдар. Рухты, намысшыл жігіттер болып өссіңдер. Ал енді тағы бір ауылға қонаққа баруым керек. Сау болыңдар.

 Би: «Қамшы»

Жүргізуші: Міне балалар қазақ елінің Наурыз тойы осылай тойланады екен. Қане бәріміз тұрып бой сергітіп қара жорға биін билейік.

 Би «Қара жорға»

Рахмет сіздерге Сау болыңдар.Осымен Наурыз мерекесіне арналған ойын сауық аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.