QS Asia University Rankings рейтингі
Жыл сайын жарияланатын QS Asia University Rankings рейтингі Азия университеттерін бөліп көрсетеді. Рейтинг әдіснамасында жаһандық рейтингтің негізгі көрсеткіштері сақталған, сонымен қатар осы аймақтағы университеттер үшін мұқият таңдалған тиімділік көрсеткіштерінің жиынтығы ескеріледі. Рейтинг жасау үшін пайдаланылған негізгі көрсеткіштерге академиялық және жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, бір оқытушыға шаққандағы жарияланымдар саны кіреді. Сонымен қатар, рейтинг құрастырушылар ЖОО-ның дәйексөздер санын, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттердің үлесін, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесін, халықаралық ғылыми байланыстарды назарға алады.
Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жыл бойы білім әлемінде желкен керіп келеді. Айта кетерлігі, жыл сайын жарияланатын QS Asia University Rankings рейтингі Азия университеттерін бөліп көрсетеді. QS Asia University Rankings халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша, ҚазҰУ Қазақстанда көшбасшылық орынға ие болды. Университеттің үздік нәтижелері білім беру процесін қамтамасыз ету саласында дәл көрсетілді: осы саладағы екі негізгі индикатор бойынша, оның ішінде оқытушылар санының студенттер санына қатынасы және ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің үлесі. ҚазҰУ-дың QS Asia University Rankings рейтингінде қарқынды ілгерілеуі бәсекелестіктің артуы жағдайында университеттің соңғы жылдары атқарған жұмысының айрықша нәтижелерін айғақтайды.
Роза ЕРЕЖЕПҚЫЗЫ,
әл—Фараби атындағы ҚазҰУ
кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының
аға оқытушысы, философия докторы (PhD)