Home » Жаңалықтар » «Бұл фокус емес, бұл физика!»  атты физикалық тәжірибелер алаңы

«Бұл фокус емес, бұл физика!»  атты физикалық тәжірибелер алаңы

Алматы қаласы Жетісу ауданы
№143 Сүйінбай Аронұлы атындағы
мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі
Капсаланова Шолпан Дженисовна

      Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепішілік жоспарына сәйкес “Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар” атты  информатика, физика, математика пәндер бірлестігі онкүндігінде физика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7-10 сыныптар арасында «Бұл фокус емес, бұл физика!»  атты физикалық тәжірибелер алаңы болып өтті.

Іс шараның мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін дағдылдандыру. Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.

Алдын ала барлық 7-10 сыныптарынан құралған оқушыларымызды мектебіміздің АКТ залына шақырып, сол жерде іріктеліп әр параллель сыныптардан оқушылар таңдалып, 4 топқа бөлінді. Топтар төмендегідей аталынды.

10- сыныптан құралған «Кулон» тобы

9- сыныптан құралған «Күш», тобы

8- сыныптан құралған «Заряд», тобы

7- сыныптан құралған «Атом»  тобы

7-10 сыныптарынан құралған топтарға үй тапсырмасы ретінде екі тәжірибеден дайындап келу ұсынылған болатын. Бірінші сәттен ақ топтар барынша тартымды етіп өздерінің дайындап келген тәжірибелерін таныстырып, көрермендерге неліктен бұлай болды деп ойлайсыздар? Деп өз сұрақтарын қойып, қызықтырып, көзге түсуге тырысты.

  1. Алдымен 7 сынып оқушыларынан құралған «Атом» тобы өздерінің тәжірибесімен таныстырып өтті. Әр сыныптардың зертханасынан кейін қызықты тапсырмалар, сергіту сәттері болып отырды. Осы 7 сыныптардың тәжірибе жұмысын тамашалап болған соң, кезекті «Көрермендер көзайымы» сергіту сәтіне бердік. «Физика қиын, ашиды миың»  демекші қазір тақтаға wordwool қосымшасы арқылы колесода берілген сұрақтар шықты, сол сұрақтарға көрермендер ат салысып логикалық сұрақтарға жауап беріп отырды. Әр сұрақтарға алынған жауапқа өз тарапымнан сыйлықтармен марапаттап отырдым.

Көзбен көресің, бірақ қолмен ұстай аламайсың. Ол не? (Көлеңке)

Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)

Нені қызған кезде соқ? (Темір)

Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (Жоғары)

Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)

Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)

Елегішпен су әкелуге болама? (қар,мұз)

Стакандағы суды толық ішіп болғаннан кейін ішінде не қалады? (Ауа,бу)

Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  1. Ортаға 8 сыныптан қүралған «Заряд» тобын шапқырылды. Олар өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл сыныптан кейінгі сергіту сәті «Sensory әдісі» болды. Бұл ойынның шарты әрбір топтан 1 оқушыдан 4 оқушы шығады. Оқушылар көзін жұмып, бір бірінің артына тақтаға қарай тұрады. Соңындағы оқушыға кез-келген өтілген тақырып бойынша физикалық шаманы көрсетім. Сол оқушы алдыңғы оқушының арқасына сол физикалық шаманы жазады. Сөйтіп ең басындағы оқушы тақтаға арқасына жазылған жазуды сезу қабілеті арқылы қандай физикалық шаманың жазылғанын тақтаға жазып шығады. Солай топтағы оқушылар сыйлықтармен марапатталып отырды.
  2. Білім деген биік шың
    Бақытқа сені жеткізер
    Білім деген ақылшың
    Қиындықтан өткізер,-  демекші келесі кезекте 9 сыныптан құралған «Күш» тобы өз

тәжірибелерімен бөлісуге ортаға шақты. Олар да өз деңгейінде тапсырмалары өте қызық болып шықты. Бұл сыныптан кейінгі оқушыларымызға берілген келесі сергіту сәтіміз қатысушылар арасында болып өтті. Ол тапсырмалар оқушылардың парталарының астында жасырын түрде жабысып тұрды. Оқушылар соны алып, парталарының бетіне қойып, сол қағаздағы суреттерге мұқият қарап алу тапсырылды. Әр топқа мысалы, 7- сыныптан құралған «Атом»  тобына атомның суреті, 8- сыныптан құралған «Заряд» тобына схемамен сызылған тізбектің суреті, 9- сыныптан құралған «Күш» тобына таразының суреті, 10- сыныптан құралған «Кулон» тобына секундомердің суреті бейнеленген әр түрлі суреттер жасырын болған болатын. Оқушылардың көздерін балауышпен жұмып, сол қағазда тұрған суретті көздері жұмылған бойы таза параққа салып есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында бір сергіп алдық.

  1. Келесі кезек өздерінің ғажайып тәжірибелерімен келіп отырған 10 сыныптан құралған «Кулон» тобына берілді.

Кеш соңында барлық 7,8,9,10 сынып оқушыларына осы «Бұл фокус емес бұл физика»  атты физикалық тәжірибелер алаңына дайындап алып келген тәжірибелеріне алғыс айта отырып, «Мықты болсаң шешіп көр» атты келесі сегіту сәтін Физикалық жұмбақтармен аяқтадық. Бұл жұмбақтар осы кешке қатысып отырған баршаға қойылды.

1.Жалғыз бағыт білері,

Бұрғанына көңбеді.

Жол көрсетіп береді,

Бірақ өзі көрмейді. (компас)

  1. Көкке қараған,

Жұлдыз санаған. (Телескоп)

  1. Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала – шаға ұсағын,

Бауырына қысады. (Магнит)

  1. Күш көбейсе артады,

Ауқадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Бірақ одан қорқады. (Қысым)

  1. Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затқа болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (масса)

  1. Жердің жүзін шарлайсын,

Онсыз еш жерге бармайсын.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсын, тыңдайсын. (жол)

  1. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (су)

8.Ол болмаса астың дәмі кірмейді,

Кім бар екен әлемде оны білмейтін (Тұз)

  1. Сыныптан бір шықпайды.

Тимесең жұқпайды.

Жәрдемсіз бұл заттың

Оқушы сабақ ұқпайды. (Бор )

  1. Өсімдікке нәр беріп, қуат болған,

Өнімі артып егістің қырман толған.

Бұл қандай зат!

Қанындай өсімдіктің бере тұғын химиктер жасап қолдан?

(Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.