Home » Ашық сабақтар » Жаңа жыл

Жаңа жыл

Баянбаева Гүлшат Бейбітқызы
Астана қаласы
 №82″Айару» балабақшасының
 тәрбиешісі

Ақшақар: — Балалар қараңдаршы қандай керемет, біз ертегі әлеміне тап болғандаймыз. Ортада шырша тұр, жарқ-жұрқ етіп жалтырап, Шырша сендерге ұнады ма?

Балалар: — Иә.

  • Балалар, мен кіммін? Мені таныдыңдар ма?

Ақшақар: – Иә, олай болса шыршамыздың шамын жағайық, қолымызды шапалақтап, аяғымызды топылдатып көрейік, қәне менімен бірге қайталайық.

(балалар қолдарын шапалақтайды, аяқтарын топылдатады, шырша жанады)

  • Ал егер шыршаның шамын сөндіргіміз келсе, онда үрлейміз.

(балалар шыршаға үреді, шамы сөнеді)

— Ал енді шыршаның шамы жансын десек, тағы да қол шапалақтайық (жанады).

— Шеңберге тұрып, шыршаны айналып, ән салып, би билейік.

(Хоровод)

Ақшақар: — Балалар қараңдаршы, мынау кімнің қолғабы, кім жоғалтып алды екен? (қолғапты көтереді, ішінен қоңырау шығады)

Қоңырау, айтшы сен кім сені жоғалтты?

Ақшақар қоңырауды сылдырлатады, Аққала келеді.

Аққала: — Мен жай қарапайым емеспін. Мен көңілдімін, тентекпін, мен ойнағанды, жүгіргенді, секіргенді жақсы көремін.

Би: «Қоңыраулар биі»

Аққала: — Ой, көңілді би биледік, бірақ  мүлдем шаршамадық.

Ақшақар: — Айнала қандай әдемі, ал біздің балалар сыйлық күтуде, біздің Аяз Атамыз қайда екен? Балалар Аяз Атаны шақырайықшы.

  • Аяз Ата (3 рет), Аяз Ата кіреді)

Аяз Ата: Ау.., Ау.., келе жатырмын.

Аяз Ата: — Сәлеметсіздер ме балалар, көңілді балақайлар, мен көңілді Аяз Атамын, менің мұрным қызыл, мен сендерді Жаңа Жылдарыңмен құттықтай келдім, сендерге тек денсаулық, зор байлық тілеймін. Шыршаларың қандай әдемі еді.

Ақшақар: — Аяз Ата, балалар сізге арнап ән айтпақшы, тыңдаңызшы.

Ән: «Дед Мороз»

Ақшақар: — Аяз Ата, сіздің арқалаған қабыңызда не бар?

Аяз Ата: — Бұл сиқырлы дорба. Ал менің дорбамда не жасырылған екен?

(Аяз Ата дорбасынан Аққала алып шығады)

Би: «Аққалалар»

Аяз Ата қапшығынан Ақшақардың мүсінін алады.

Ақшақар: – Сізге Ақшақар  неге керек.

Аяз Ата: — Ақшақарлардың мың бұралған билерін көріп, тамашалағым келіп тұр.

Ақшақар: — Олай болса, келіңдер кішкентай ақшақарларым, менімен бірге билеңдер.

Би: «Ақшақарлар»

Балалар отырады.

Аққала: – Балалар бүгінгі мерекеде  мен сіздермен ойын ойнағым келіп тұр. Мінекей, мынау домалақ қарлар, қане атысып ойнайықшы.

Ойын: «Қар атыспақ»

Аққала: — Балалар рахмет, ойын ойнап, көңілімізді көтерейік. Енді Аққаланы, яғни менің дене мүшелерімді құрастырып көріңіздерші.

Ойын: «Аққаланы құрастыр»

Аяз Ата: — Ой жарайсыңдар, ән салып, би биледік, көңіл көтердік, мен қазір сиқыршыға айналам, сендерді үсіремін.

Ойын: «Үсіремін»

Аққала: — Аяз Ата көрдің бе біздер аяздан қорықпаймыз. Солай ма балалар?

Би: «Мы поиграем немножка»

(Балалар отырады)

Ақшақар: — Аяз Атадан сыйлық алатын уақыт та болған сияқты.

Аяз Ата: — Көңілді би билеп, ән салдық. Мен барлық баланы жақсы көремін. Оларға сыйлық бергім кеп тұр. Қайда екен менің дорбам? Оның ішінде қандай сыйлықтар бар екен? (іздейді)

 — Міне дорбам. Аузын ашып, балаларға сыйлығымды берейін. Ой, дорбамның аузы ашылмай тұрғаны.

Ақшақар: — Балалар қане қолымызды шапалақтап, аяғымызды топылдатайықшы, сонда дорбаның аузы ашылар ма екен?

(Балалар қайталайды, дорба ашылады)

Ақшақар сыйлықтарды үлестіреді.

  • Осымен Жаңа Жылдық мерекені аяқтайық. Бәріңізге денсаулық тілейміз.Әрқашанда осындай көңілді болыңыздар. Жаңа жылдарыңызбен!

7 комментариев

  1. isabekovadamilya@gmail.com

  2. Өте қызықты сценарий екен.

  3. Тамаша ертеңгілік, жұмысыңызға сәттілік

  4. Оте керемет жумыс

  5. АЙГЕРІМ

    Өте тамаша жасалған жұмыс. Білікті маман жасағаны көрініп тұр. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін

  6. Керемет👍 Балаларымыздың бала-бақшадағы уақыттары пайдалы, тәлім-тәрбиеге толы өткізіліп жатқанына мың алғыс! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

  7. Ақдидар

    Керемет! Еңбектеріңіз елене берсін! Әрдайым биіктерден көріне беріңіздер!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.