Алимжанова Тогжан Маратовна
Астана қаласы әкімдігінің
№82 «Айару» балабақшасы МКҚК
Педагог-психолог
Мақсаты: Педагогтардың мінез — құлқындағы тепе — теңдігін, сенімділігін дамыту.
Міндеттері: Өздеріне деген сенімділіктерін арттыру;
Топтағы адамдардың көмегімен өзін тану;
Қажетті құрал- жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, маркерлер, қарындаштар, А4 формат,қалам т.б.
Әдістері: пікір алмасу, психологиялық жаттығулар.
Тренинг барысы:
- Сәлемдесу
- «Жарнама ролигі» жаттығуы
- «Кинофильмдерге саяхат » жаттығуы
- «Қар лақтыру» жаттығуы
- «Жан жүрек сыры»
- «Тілек шамы»
7 . Шығу парағы
- Сәлемдесу Тренингке қатысушылар жұп – жұбымен тұрып, бір – бірімен дене мүшелері арқылы амандасады.(Қол, аяқ, көз, құлақ, мұрын, арқа) Уақыты: 5 минут
- «Жарнама ролигі» жаттығуы. Нұсқау: Біздің барлығымызға жарнама деген не екендігі белгілі. Күнбе- күн теледидар экранынан небір жарнама ролигін бақылаймыз да белгілі бір тауарды қалай ұсынатынын көремиз. Біз тұтынушы болғандықтан, жарнама жасаудың шебері болуымыз да мүмкін. Ал қазір біз жарнама маманы ретінде бір тауарды ұсыну үшін өзіміздің жарнамалық ролигімізді жасау үшін жиналып отырмыз деп елестетейікші. Біздің міндетіміз ұсынысымызды тартымды, қызықтыратындай етіп ұсыну. Тек бір ерекшелік: біздің ролигіміздің объектісі болып… мына айналамыздағы отырған нақты адамдар болады. Әрқайсымыз қатысып отырған адамның аты жазылған карточкалардың біреуін суырып, оның атын атамай, оны белгілі бір тауар немесе қызмет ретінде жарнамалауға тиіспіз. Кейбіріңе өз атыңыз түсуі мүмкін, ештеңе етпейді! Сіз өз — өзіңізді жарнамалауға тиіссіз. Сіздің таңдап алған адамыңыз адам кейпінде емес, тауар не қызмет көрсету мекемесі не тауар болса, қандай болар еді, мүмкін мұздатқыш па не үй ме? Ол қандай үй болар еді? Бұл жарнамаңызды кімге, қандай адамдар категориясына ұсынасыз, атаңыз. Жарнамалайтын нысанаңыздың ең маңыздысы және шынай қасиеті көрсетіліп, танылатын болуы тиіс. Жарнама бір минуттан аспауы керек. Содан кейін топ бұл жарнаманың топ мүшесінің қайсысына арналып, яғни кімді жарнамалап тұрғанын табуға тиісті. Қажет болса бөлмедегі құралдарды, заттарды пайдалануға не басқа дамдардың қатысуын өтінуге болады. Уақыты: 15 минут
- «Кинофильмдерге саяхат » жаттығуы Мазмұны:Тренингке қатысушылар екі топқа бөлінеді.Әр топтың бір мүшесі келіп, үстел үстіндегі карточкалардың біреуін таңдайды. Онда кинофильмдердің аты жазылған. Соны жест, мимика арқылы көрсетулері керек:
- 1. Алты жасар Алпамыс,
- 2. Менің атым -Қожа,
3.Тақиялы періште,
4.Көк тарландары
Уақыты: 10 минут
- «Қар лақтыру» жаттығуы Бір парақ қағазға ешкімге қаратпай (атын атамай), бір адамды көзіңе елестетіп, сезіміңді білдіретін бірер сөйлем жазасыз. Топтағы қатысушылардың барлығы жазып болған соң, қағазды алақанға салып, қар секілді жұмарлап жұмарлап, қолыңды жоғары көтересіңде бар күшіңмен топқа лақтырасың. Кәдімгі қар секілді боратасыңдар. Содан кейін әркім өз алдына, жақын түскенін көтеріп алып ашып не жазылғанын дауыстап, кезекпен оқиды. Кейде дәл сипатталған сөздер табылып, таңқалған кездер де болады. Уақыты: 10 минут
- Жаттығу: «Жан жүрек сыры»
(Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралады). Жансыз жүректі жандандыру (Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру). Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен? Ең бастысы сүйе білу керек. Уақыты: 5 минут
- «Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Біз сендермен бүгінгі «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту.
- 7. Шығу парағын толтыру
Керемет. Қызметкерлермен өткізгенге өте жақсы тренинг екен
Тамаша, осы тренингте болдым, керемет әсер алдым
Керемет! Жарайсыз Тоғжан! Өте танымды іс шара
Өте жақсы әрі қызықты әдіс-тәсілдер екен. Өз тәжірибемде қолдансам деймін👍
Өте тамаша тренинг 👍👍👍
Керемет кәсіби тренинг.Сенімді бала тәрбиелеу үшін педагогтың өзі сенімді болуы керек.Тәжірибемен бөліскен әріптесімізге рахмет
Тогжан Маратовна, жас болса да, білікті маман, ұлағатты ұстаз дер едім. Өзін дамуытуда, өз педагогтерін кәсіби дамытуда көп жұмыс жасайды. Тәжірибеңізде қолданған әдіс-тәсілдеріңіз педагогтердің өз сенімділігін оятуда тиімді екеніне сенімдімін.
Өте тамаша тренинг! Жұмысыңызға шығармашылық табыстар тілеймін!
Керемет тренингтер! 👍
Тоғжан Маратовна тринг керемет!
Шығармашылық табыс тілеймін!
Тоғжан Маратовна тренинг керемет!
Тоғжан молодец! Жұмысыңа табыс тілеймін 💐
Керемет тренинг! 👍
Керемет 👍
Өте жақсы ұйымдастырылған тренинг бағдарламасы!
Керемет тренинг екен! Сәттілік
Керемет сізге сәттілік тілеймін!🥰
Тамаша! 👍👍👍
Тогжан Маратовна сәттілік сізге! Мамандарға қажетті ақпарат үшін!👍
Тамаша! Тренинг бағдарламасы өте қызықты құрылған. Шығармашылығың арта берсін!
Тогжан тренинг керемет. Саттилик. Жумысын табысты болсын. Саттилик 😍