Home » Жаңалықтар » Ұстаз — ұлағатты ұғым!

Ұстаз — ұлағатты ұғым!

      Сөзімнің басын: «Оқушыңды өзіңнің қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» деген Л.Н.Толстойдың кереметтей сөзімен бастағым келеді. Себебі, өзінің қарапайымдылығымен, мейірімділігімен және сауаттылығымен кез-келген шәкірт жүрегін жаулай білетін сүйікті ұстазымыз Науанова Карлыгаш Баракбаевна  осы шағын ғана мақаламның жарыққа шығуына түрткі болып отыр. Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт-пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Осындай қасиеттердің барлығын дерлік- мен осы ұстазымның бойынан көре алдым.

Карлыгаш Баракбаевна  Қызылорда облысы, Қармақшы  ауданы, Төретам кентінде Т.Жүргенов атындағы  №80 мектеп-гимназияда орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс атқарып жүргеніне бүгінде 25  жыл. Осы 25 жыл ішінде көптеген шәкірттерге сапалы білім беріп, біршама белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге жете білді. Өзінің жеткен жетістіктері қаншама, шәкірттерінің жеткен жетістіктері қаншама. Тізе берсем өте көп. Сонымен қатар, маған ерекше үлгі болатын қасиеттерінің бірі- іздену. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен-ақ оның ұстаздығы да жойылады» деген М.Әуезовтың қанатты сөзі бекер айтылмаса керек…            Ұстаздық қиын да, дара жолды өзінің отбасымен бірге қатар алып жүретін сүйікті жар, аяулы ана, ақылшы ұстаз- әлі де ізденіс үстінде. Сондай-ақ, ,«Адам баласына көмектесу- игілікті істердің бастамасы»- демекші бір  мектеп аясында бірге еңбек етіп жүрген әріптестеріне дұрыс бағыт-бағдар беруден жалыққан емес. Әрдайым өзінің білім жолында алған тәжірибелерін өзге ұстаз өкілдерімен бөлісіп келеді. Ұстазымның осындай қасиеттерінен оның жауапкершілігін және терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі екендігін көре аламын.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін мектебіміздің жеткен жетістіктері осындай сапалы білім бере алатын ұстаздарымыздың арқасы деп білемін.Әр ұстаздың әр шәкірт жүрегінен ойып тұрып орын алатын қасиеті болуға тиіс.Сондықтан, әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол- нағыз ұстаз. Мен үшін нағыз ұстаз-міне,осы. Мұғалім өз ісіне деген сүіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болады. Міне, осындай сүйіспеншілікті менің бойыма ұштастыра білген, маған шын мәнінде үлгі-өнеге бола білетін  – Карлыгаш Баракбаевна.

Мені қуантатын бір жайт — қазіргі таңда осындай тәжірибелі, ұлағатты ұстаздармен бірге бір алтын ұя мектеп аясында бірге еңбек етудемін. Бұл- мен үшін өте үлкен жетістік. Мен ақылшы  ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл-білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды үйрендім. Сонымен қатар, мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік,сыпайлық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңіріп жатырмын.

Сөзімді қорытындылай келе, өзінің шәкірттеріне еңбектеніп, тер төгіп, адал жолмен табыс табу қабілетін дарыта алатын мұғалім өте улкен құрметке бөленуге тиіс. Ендеше, жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытқанға не жетсін…

Қызылорда облысы, Қармақшы  ауданы,
Төретам кентінде Т.Жүргенов атындағы
№80 мектеп-гимназияда Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бажабаева Айгерим Бахытбековна

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.