Home » Ашық сабақтар » Ою-өрнек түрлері  

Ою-өрнек түрлері  

Бисенбиева Гульжан Кабдижановна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған
балаларға арналған арнаулы
мектеп-интернатының тәрбиешісі,
педагог-модератор

Тақырыбы: «Ою-өрнек түрлері»

Мақсаты:

Білімділік:   Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру, ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау.

Коррекциялық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін шыңдау, ой-өрісін, сөз байлығын, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: Тәрбие сағаты.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке және топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері.

Көрнекіліктер: ою-өрнек түрлері, түрлі-түсті қағаз, қайшы, қарындаш.

Алдын-ала жұмыс: Оқушылар мен ою-өрнек  үлгілерін салып,  оларды қиып, дайын шаблондар жасау,  еңбек туралы мақал-мәтел жаттау.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сұрақтар:

Кім айтады?

Жылдың қай мезгілі?

Көктем айларын ата?

Қазір көктемнің қай айы?

Бұл айда қандай мерекелер бар?

Бұл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі халықаралық әйелдер күні құтты болсын дей отыра, барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!

Ұлылық бар, даналар бар, мұрат бар,

Шың айтылған қырат бар.

Бірақ оның бәрінен,

Биік тұрған күш бар.

Дидарыңа жерде құштар, күнде құштар,

Ол нәзіктік, мәңгі шуақ, нұры құт.

Сарқылмайтын жылылық,

Ол тіршіліктің қуаты-

Әйел атты ұлылық.

Мереке құтты болсын!

Кіріспе сөз.

Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ұлттық ою – өрнек түрлері » деп аталады. Біз бүгін ұлттық ою-өрнек түрлерімен, шығу тегімен танысқалы отырмыз. Ою-өрнек латынның «орнамент – әсемдеу, сәндеу» деген сөзінен шыққан. Қазақтың ою- өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп, 360-қа тарта түрлері қарастырылады.

Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Үй-ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған.

Негізгі бөлім. Ұлттық ою – өрнек туралы мәлімет беру:

Ұлттық ою-өрнектерді төрт топқа бөлген:

Зооморфтықжануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектеу;

Өсімдік бейнелі жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

Космогониялық ай, күн, жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

Геометриялық ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.

Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «Қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ, бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

Сергіту сәті. «Ойнайықта, ойлайық » ойыны.

Шарты: Музыка ойнатылады. Балалардың қолындағы ою үлгісі бір-біріне беріліп отырады. Музыка тоқтаған кезде, ою үлгісі қай баланың қолында қалып қойса, сол бала еңбек туралы мақал-мәтел айтуы тиіс.

Оюдың жапсырылған макетін оқушыларға таныстыру. Оқушылар қолмен ұстап таниды, тамашалайды, қызыға қарап тезірек үйренгілері келеді.

Қауіпсіздік ережесін айтып кету.

Қорытынды. Міне, қолдарыңда өздерің істеген заттарың бар. Осы ою-өрнекті қиіп, тігіп, басып үй-ішіне керек заттарды әшекейлейтін әйел адамдар, аналар. Олай болса, осы өз қолдарыңмен істеген заттарыңды кімге сыйлайсыңдар? Аналарға. Дұрыс. Ертең үйге барғанда жылы сөздеріңмен, қуанышты көңілдеріңмен аналарыңа табыстауға тілек етемін.

Қазақ халқының салт-дәстүрін ұмытпай, жалғыстыруға өз үлестеріңді қосады деген оймен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.