Home » Ашық сабақтар » Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Гайнуллина Маусымжан Утеуовна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған
балаларға арналған арнаулы
мектеп-интернатының аға тәрбиешісі

Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру;  үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай еске  сақтауға және салт-дәстүрден  нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке, жаман мен жақсыны ажырата білуге,  ата сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Барысы:

Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Қәнеки, бір- бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып көкке көтереді)

Армысың, абзал  Адам! (Қолдарын алға созады)

Армысың, менің досым!

Құндылық құнын  ұғындар (карточкамен жұмыс)

Отбасымда ең сыйлы

Ең қымбатты

Ең ақылды

Ең сүйкімді

Ең құрметті

Ең құнды

Ең бағалы

Ең қажетті

«Сөз асылы – мақал»  — деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та – бала. Осы бала бағбаны кімдер?

Әрине, ата-ана. Жас жеткіншек қашан да ата-ананың ақылы,  үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.

  1. «Сан саяхат». Оқушыларға:

1.1.Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?

1.2.Төрт түліктің пірлерін ата?

1.3.Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр – сүт, бие сүті – қымыз, түйе сүті — шұбат)

1.4.Жылқы туралы мақал-мәтел айта аласыз ба? (Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы – малдың патшасы.)

1.5.Бес қаруды ата (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

2.Жалғасын тап.

  1. Жығылып жатып —— (сүрінгенге күлме)
  2. Күлме досыңа ———- (келер басыңа)
  3. Ауру қалса да ——— (әдет қалмайды)
  4. Әдепті бала арлы бала ——— (әдепсіз бала сорлы бала)
  5. Ұяда не көрсең ——— (ұшқанда соны ілерсің)
  6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар ——— (әдепсіз бала ата-анасын зар қақсатар)
  7. Ана сүтін ақтамағанды ——— (ешкім жақтамайды)
  8. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без —— (шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)
  9. Қарағайға қарап тал өсер ——— (қатарына қарап бала өсер)
  10. Үйінде ұл-қызы бардың ——- (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

Постер қорғау: 3,5,7 сандарына байланысты.

Ата-аналарға сұрақ.

Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Бірінші ата-анасынан, екіншісі ұстазынан, үшінші құрбысынан». Ұлыңыздың немесе қызыңыздың достары және ұстазы жөнінде не білесіз?  Олардың жақсы қасиеттерін және  қызығушылығын атаңыз? «Балаңа көңілің толмаса, кемшілікті өз басыңнан іздей бер» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?

Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм  басталып кетті. Фильм аяқталған соң қызыңыз Сізге: «шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» — десе, Сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?

Қорытынды. Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Бауыржан Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін  әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ» — деп мұңайған екен.  Бауыржан атамыз  бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой  салады деп  ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік — дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.