Home » Мақалалар » «КЕЛЕШЕК ЖОЛҒА – КЕРЕМЕТ БАСТАМА»

«КЕЛЕШЕК ЖОЛҒА – КЕРЕМЕТ БАСТАМА»

Нұр-Сұлтан қаласы
Ақан Құрманов атындағы
№17 мектеп-гимназиясы

тарих пәні мұғалімі
Бақытжанұлы Ұлан

Кеше ғана еліміздің тарихына, жаңадан серпін берер, елдің намысын оятып, халқымыздың болашағына  айқын әрі тура көрініс табатын сәтке куә болдық. Ел тарихына, саясат сахнасына серпін берер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ел тарихына тайға таңба басқандай» «әлеуметтік-саяси реформалар кезеңі»  жаңа жолдауы жарияланды. Бұл жолдау біз үшін үлкен жаңашылдық болды.

«Қара суда қаймақ болмайды, қас шеберде оймақ болмайды» дейді бабаларымыз, мемлекет басшысының алға қойған басты мақсатын нақты ойымызға тоқып,  оймақсыз ақ елдің ойынан шығу үшін қажіргі еңбек керек екендігін басты атап өтті. Негізгі жарияланған 10 бөлімнің әр қайсысын жігіне жеткізіп қарайтын болсақ, Тәуелсіз Қазақстанымыздың бақытты болашағын айқын атап өтті. Оған дәлел, жолдаудың тақырыбы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы».

Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты дейді, сондықтан жаңа Қазақстанды құруда Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізіп, жылдың соңына дейін 20-дан астам жаңа заң қабылданатынын атап өтті. Бұл ретте, Мемлекет пен халықтың арасындағы тіке байланыс өте маңызды екендігін байқаймыз.

Және де Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев демократия тарихы дегеніміз – ең алдымен сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы, сондай-ақ сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деп айқын мәлімдеді. Бұл бөлімді «Сайлау үдерісін жаңғырту» деп атап өтті.

Мемлекет басшысы қайғылы қаңтар оқиғасына баға беріп, қаншалықты ауқымды әрі маңызды шешімдер шығарып, ауыр кезең болғаны барлығымызға аян. Сондықтан «Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,Бірлікті ойлау үшін тірлік керек»,- демекші, нақты іспен әрекеттің арқасында, берекелі еліміздің тыныштығын бұзғысы келгендердің, жолын бөгеп, бір ұлт, бір мақсатқа лайықты халық екенімізді тағы бір дәлелдеді.

Қазіргі әлемде, жаһан тарихында көптеген өзгеріс, проблемалық өзгерістер болып жатқандықтан, жолдауда айтылған әлеуметтік-экономикалық мәселелерге аса мән бере отырып, дағдарысқа қарсы жедел жүзеге асыратын шараларға арнайы тоқталды. Бұл жерде де халықтың әл-ауқаты басты назарға алынып отыр. Конституциялық негізде де, қоғам құндылығы ретінде де – халық, яғни бізбенен сіздер 1-ші орында тұрмыз. Сондықтан бақыттың бағасын біліп, осы дүниені бағалай білгеніміз абзал.

Еліміздегі ақпараттық құралдың, қоғамға тигізер пайдаса зор болу керек екендігін атап өтті. Яғни бұқаралық ақпарат құралдары бекерден бекер «төртінші билік» атанбаса керек. Сондықтан мемлекет мүддесі үшін, қоғамда болып жатқан барлық іс-әрекеттер халыққа турасынан жетсе, барлығымызда әр дүниенің жақсы жағына нақты баға бере аламыз деп ойлаймын.

Мен еліміздің жас азаматы ретінде, жас буынға білім беріп жатқан ұстаз әрі тарихшы ретінде, бұл жолдаудың қаншалық еліміздің ертеңіне елең еткізетін, үлкен өзгерісті көріп көзайым болып, бізбенен бірге ел болашағынан үміт күтетін оқушылардыңда, алдағы болашығын нақты жоспарлап, мақтанышпен мақсат қойып отырған сәттеріне куә болдым. Яғни бұл жолдауды көрген, жас баладан бастан еңкейген қарияға дейін қаншалықты маңызды екенін түсініп отыр.  Тағы нақты тоқталар болсам, Мемлекет басшысы халықтың қалуын ескеріп, бір қатар бастаманы тамыры тереңде жатқан тарихпен байланыстырды. Хәкім Абайдың табаны тиген жерде, Алаш арыстарының асыл сөздерімен ізі қалған жерде Абай облысын, еліміздің мысты қазынасы – Жезқазған жерінде, қазақ жұртының арғы түбі саналатын ғұндардың, көк түріктің, Қазақстанның кіндік ортасы – Ұлытау облысын, Жер жанаты Жетісу облысы болатындығын мәлімдегенде азамат ретінде кеудемді мақтаныш кернеді. Қапшағай қаласы – Қазақ елінің біртуар перзенті, аты аңызға айналған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев есімі беріледі дегені бір төбе. Мемлекет басшысы – халықпен бірге деген осы емеспе ағайын. Қорытындылай келсек, жалпы қазақ өзінің әр баласына сынай қараған, қазақта әдемі сөз бар «Қарағайдың қырық бұтағы болғанымен, біреуі ғана түзу таяқ болады. Қалғаны иттаяқпен, саптаяқ болады» дейді. Сондықтан біздің кезімізде Қазақстанның әр азаматы түзу таяқтай еліміздің кәдесіне жарай керек.

Жамбыл бабамыз айтқандай, халықтың жырлайтыны бірлік, аңсайтыны шындық, көксейтіні мемлекет саясаты, яғни бәтуәлі тірлік. Сондықтан да байтақ, төрткүл дүниемен терезесі тең еткен, өз мемлекет басшысын қолдайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.